Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сынып. Қазақстан тарихы. v 1905-1907 ж. болған орыс революциясының Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге тигізген әсері




Сабақтың тақырыбы: § 39. Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде.

Сабақтың мақсаты:

v 1905-1907 ж. болған орыс революциясының Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге тигізген әсері туралы айтып, өлкеде мұсылман қозғалысының күшею себептері мен кәсіподақ қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру;

v Тарихтың әр түрлі кезеңдерінде болған оқиғаларды салыстырып, қорытынды жасау машығын қалыптастыру;

v Адамдардың діни көзқарастарына құрметпен қарауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу

· «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

· Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ.Жаңа сабақты оқытудың жоспары:

Бірінші орыс революциясы және патша үкіметінің отаршылдық саясатының күшеюі. Өлкедегі мұсылман қозғалысы.

Жұмысшы қозғалысының күшеюі. Қазақстандағы социал-демократтар ұйымдары мен кәсіподақтар. Ауыл тұрғындарының қозғалысы.

Қазақ зиялыларының ұлт-азаттық қозғалыстардағы орны

Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы.

Бірінші орыс революциясының қазақ халқының сана сезімінің өсуіне ықпалы.

1905 ж. 9 қаңтардағы «Қанды жексембіден» кейін Ресейдің басқа жерлеріндегі сияқты Қазақстанда да революциялық әрекеттер басталды. Отаршыл әкімшілік халықтан шындықты жасыруға тырысқанымен, Қазақстанда қанды қырғынға қарсы баскөтерулер болып өтті. Осы тұста оқушыарды революция кезіндегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшеліктерімен таныстыра кеткен жөн. 1905-1907 ж. революцияның негізгі алғышарттарының бірі патша үкіметінің отаршылдық аграрлық саясаты болды. ХХ ғ. бас кезінде Ресейдің орталық губернияларынан Қазақстанға шаруалар ағылды. Бұл Қазақстандағы саяси жағдайды ушықтырды. Қазақ ауылдарынан көшіп келгендердің жағдайы нашарлап кетті.

Патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейді, қоныс аудару қорына қазақтардың ең құнарлы жерлері алынды.

Өлкеден арзан шикізат, минералды ресурстар тасып әкетілді.

Қазақ жұмысшыларының тұрмысы өте ауыр болды. Әйелдер мен бала еңбегі пайдаланылды, еңбекақы мөлшері тым аз еді.

Мұсылман қозғалысының күшеюі, мұсылман съездерін ұйымдастыру, онда діни мәселелерден басқа қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелері де қаралды.

Жұмысшы қозғалысының күшеюі.

Қазақстанда социал-демократиялық және кәсіподақтық ұйымдардың құрылуы. Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының қызметіне араласа бастады.

Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, қажетті ақпаратты таба білу және қорытынды шығара білу біліктілігін жетілдіру мақсатында оларға мына бағыттарда өзіндік жұмыс беруге болады.

№1 тапсырма:

Оқулық пен хрестоматия материалдарын пайдаланып, қазақстандағы мұсылман ұйымдарының бағдарламаларына баға беріңдер.

№ 2 тапсырма:

Оқулықтан «Жұмысшы қозғалысының күшеюі» деген тақырыпшаны оқып шығып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.

Қазақстандағы саяси жағдайдың шиеленісуіне Ресейдегі оқиғалардың әсері жөнінде мысал келтіріңдер («Қанды жексембі», «Октябрь саяси стачкасы», т.б.).

Успен руднигіндегі стачкаға сипаттама беріңдер.

№3 тапсырма:

Қазақстанда 1905-1907 ж. аралығында болған оқиғаларды хронологиялық ретпен құрыңдар.

№4 тапсырма:

Оқулықтан «Қазақстандағы социал-демократиялық және кәсіподақ ұйымдары» деген тақырыпшаны оқып шығып, мына сұрақтарға жауап дайындаңдар:

Социал-демократтар деген кімдер?

Сендер басқа елдердегі кәсіподақ ұйымдарының тарихы жөнінде не білесіңдер?

Қазақстанда қандай кәсіподақ ұйымдары болды?

Қазақстан кәсіподақтарының ерекшеліктерін атаңдар.

IV.Сабақты бекіту:

1. Қазақ зиялыларының ұлт-аззаттық қозғалыстарындағы рөліне қандай баға беріңдер?

2. Үкімет саясатына жұмысшылар қандай әдістермен қарсылық көрсетті?

Үйге тапсырма: Сөйлемді аяқтаңдар.

1905-1907 ж. революция Қазақстанда жеңіліске ұшырады, өйткені:

-//-

-//-

-//-

1905-1907 ж. революцияның тарихи маңызы мынада:

-//-

-//-

-//-

-//-

І Мемлекеттік Думаның құрамына енген қазақтар:

1. Торғай облысынан-

2. Уфа облысынан-

3. Орал облысынан-

4. Астрахан облысынан-

5. Ақмола облысынан-

6. Семей облысынан-

ІІ Мемлекеттік Думаың құрамына енген қазақтар:

1. Ақмола облысынан-

2. Торғай облысынан-

3. Семей облысынан-

4. Орал облысынан-

5. Астрахан облысынан-

6. Сырдария облысынан-

7. Жетісу облысынан-

 

Бағалау:

Үйге тапсырма:: § 39. Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 880 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2754 - | 2314 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.