Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сынып. Қазақстан тарихы. § 32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы




 

Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты.

§ 32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:

· Қазақстанды кең көлемде отарлаудың қалай жүргені Ресей империясының еуропалық бөлігінен келген орыс шаруаларының қазақстардың өміріне тигізген әсері және Қазақстандағы өзгерістер туралы әңгімелеу;

· Мәтінмен жұмыс істеу машығын, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстыра отырып талдау жасау, белгілі бір тақырып бойынша жоспар құру біліктілігін жетілдіріп, кез келген оқиғаға өз көзқарасын қалыптастыру;

· Достыққа, өзара көмекке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: жерге мемлекеттік меншік, 60-90 ж. әкімшілік реформалар, Қазақстанды кең көлемде отарлау, басыбайлы тәуелділік, Столыпиннің реформасы, тоғышарлар мен мещандар, жатақтар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу

· «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

· Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Ø Кестенің толтырылуы мен құжаттар бойынша сұрақтардың жауабын тексеру. Үй тапсырмасын сұрау кезінде оқущылардың өткен материалды қаншалықты игергендігін тексереміз, олардың қателерін түзеткеннен кейін өткен сабақты қорытып алып, жаңа сабақты бастаймыз.

ІІІ.Жаңа сабақты оқытудың жоспары:

1. Шаруаларды Қазақстан аумағына орналастырудың себептері мен басталуы.

2. Шаруаларды қоныстандыру қарқынын күшейту.

3. Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы баскөтеруі.

4. Қоныс аударушы шаруалардың баспана тұрғызу ерекшеліктері. Олардың жаңа жердегі қиыншылықтары.

5. Жер өңдеу мен мал шаруашылығының дамуы.

6. Омарта шаруашылығы, бақша өсіру мен балық аулау.

7. Қоныс аударушылар мен қазақстар арасындағы шаруашылық және мәдени байланыстар

Өткен тарихи кезеңдерді бүгінгі күнмен байланыстыра оқытып, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына үнемі көңіл бөлу. Қоныс аударудың себептері мен салдары жөнінде айтқаннан соң, оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу қабілеттерін, тарихи оқиғаларды салыстыра отырып, талдау жасау, берілген тақырып бойынша жоспар құру біліктілігін жетілдіруге арналған тапсырма берді.

XVIII ғ. мен –ХХ ғ. бас кезінде Қазақстан халқының басым көпшілігін қазақтар құрады (80%), патша үкіметінің қоныс аударк саясаты салдарынан халықтың ұлттық құрамы өзгеріске ұшырады, қазақ жеріне әскерилер, «саяси сенімсіздер», орыс шаруалары, ұйғырлар, дүнгендер, т.б. қоныстандырыла бастады. Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты төмендегідей мақсаттарды көздеді:

Ресейдің орталық аудандарында Ресейдегі басыбайлық құқық жоыйлғаннан кейін күшейіп кеткен жерсіз шаруалардың баскөтерулерін әлсірету;

Империяның ұлттық шеткері аймақтарында патша үкіметіне тірек болатын әлеуметтік топ құру;

Қазақстарды отырықшылыққа көшіріп, оларды шаруалар арқылы шоқындыру және орыстандыру саясатын жүргізу.

Қоныс аудару кезеңдері:

Алғашқы кезеңде патша әскерлері қазақ жеріне казак әскерлерін орналастырумен шектелді.

ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап Орталық Ресейдегі орыс шаруаларын қоныс аудару басталды; ол үшін қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланды.

ХІХ ғ. 70-жылдарында орыс, украин, белорус шаруаларын-Ақтөбе, Қостанай, Орал, т.б. жерлерге жаппай қоныс аудару басталды. Әсіресе Жетісуға көп адам көшіп келді.

Қоныс аударушыларға төмендегідей жеңілдіктер жасалды:

Әрқайсысы 30 десятинадан жер алды;

15 жыл бойы салықтың барлық түрлері мен міндеткерліктен босатылды;

100 сом мөлшерінде несие берілді.

Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты салдарынан қазақтар ең құнарлы жерлері мен табиғи байлықтарынан айырылды. Оған қоса рухани мәдениеті де зардап шекті. Ол жөнінде біз келесі сабақтарда айтамыз. Ары қарай біз сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға оқулық пе хрестоматия материалдары негізінде төмендегідей өзіндік жұмыс тапсырамыз.

1-топқа тапсырма (тапсырмалардың қиындығы әр түрлі деңгейде):

Ü Патша үкіметінің Қазақстан аумағына қоныс аударушыларды ораналастыруға байланысты шаралары мен жарлықтарын хронологиялық ретпен жазыңдар.

2-топқа тапсырма:

Ü Қоныс аударудың маңызы мен салдарына баға беріңдер.

Ü

Тиімді жақтары Тиімсіз жақтары
   

 

3-топқа тапсырма:

Ü Мына терминдердің мағынасын түсіндіріңдер:

Ü отаршылдық тәуелділік

Ü Басыбайлы тәуелділік

Ü Жергілікті (автохтонды) халық

Ü Үлеске тиген жер, кесілген жер

Ü Столыпиннің аграрлық саясаты

Ü Ходоктар

Ü Хутор

Ü Жатақтар

Ü Мына адамдар жөнінде не білесіңдер?

Ü Г.А.Колпаковский

Ü П.А.Столыпин

Ü Куропаткин

IV.Сабақты бекіту:

Оқушылардың білімі мен оқулықтағы материалдарға сүйене тоырып, «Қоныстанушылардың шаруашылығы» тақырыбына кесте толтырамыз.

Қоныс аударушы шаруалар Тұрғын жайы Жаңа жердегі қиыншылықтар Шаруашылық қызмет түрлері Қазақстар мен қоныстандырушылар арасындағы шаруашылық және мәдени байланыстар
         

 

 

Бағалау:

Үйге тапсырма:

Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы материалды пайдаланып, хабарлама дайындаңдар: «Патша үкіметінің отаршылдық саясаты». Саясаттық мақсаты, орыс шаруаларын орналастыру аумағы және салдары

Сендер қалай ойлайсыңдар, қазақстар мен қоныс аударушылар бір-бірінің өміріне, тұрмысына, мәдениетіне өзара ықпал етті ме? Өз жауаптарыңды деректермен дәлелдеңдер.

Қазақ малшылары мен Ресей шаруаларының өмірі мен тұрмысын салыстырыңдар.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 818 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

2395 - | 2153 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.