Сабақтың тақырыбы: § 30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлері
Сабақтың мақсаты:
v Оқушыларға Ресейдегі казак әскерлерінің құрылуы тарихы туралы айта отырып, үкімет олардың мемлекет пайдасына жасаған кез-келген іс-әрекетін қызу қолдағанына тоқталу және олардың қазақстармен арадағы қарым-қатынастарының ерекшеліктерін ашу (сауда-аттық, айырбас және көбінесе әскери қақтығыстар);
v Оқушыларды құжатпен жұмыс істей білуге, алған ақпатарттарды пайдаланып, кестелер мен сызбалар жасауға үйрету;
v Еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, білімді жетілдіре беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсніктер: казактар, казактардың құқы мен міндеттері, казак әскерлерін құру тарихы мен маңызы, казак шендерінің терминологиясы, ескі дінді ұстанушылар, т.б.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
· Оқу құралын тексеріп түгелдеу
· «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
· Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Ø 1886 және 1891 ж. әкімшілік тбасқаруды 1867-68 ж. реформамен салыстырыңдар.
Ø Сот жүйесінде қандай өзгерістер болды?
Ø Бұл өзгерістердің мәні неде?
Ø Қазақстанның 1886-1891 ж. ережелер бойынша жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісін картадан көрсетіңдер.
ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
1. Қазақстандағы казак әскерлерінің негізгі міндеттері.
2. Орал казактары
3. Орынбор казактары
4. Сібір казактары
5. Жетісу казактары
Өлкеде әкімшілік реформалар жүргізуде және жергілікті халықтың көтерілістерін басуда казак әскерлеріне өте көп мән берілді. Олар Қазақстанның шекараларымен қатар аумағында да орналастырылды. Казак әскерлерінің құрылу себептері мен міндеттерін мыналардан көреміз:
Ресейге жаңа жерлерді қосуға белсене араласуы.
Шекараны көрші мемлекеттердің әскерлерінен қорғап тұрды.
Ресей халықтарының ұлт-азаттық көтірілістерін және орыс шаруалары мен жұмысшы табының баскөтерулерін басуға қатысты.
XVIII –ХХ ғ. орыс әскерлерінің шетелге жасаған жорықтарына да қатысты.
Қазак әскерлерін құру таралы әңгімесі барысында көрнекілік ретінде казак әскерлері жөнінде жалпы мәліметтер беретін және оның ерекшеліктерін ашатын төмендегідей салыстырмалы кестені толтырамын:
Орал казактары | Орынбор казактары | Сібір казактары | Жетісу казактары | |
Жылдары | ||||
Аумағы | ||||
Құрамы мен саны | ||||
Басқару жүйесі | ||||
Казактардың құқы мен міндеттері | ||||
Шаруашылығы | ||||
Салдары мен маңызы |
Оқушылардың деректермен жұмыс істеуін дамыту және логикалық ойлау жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарға сүйене отырып, тапсырма беріледі. Оқулықта жазылған тарихи деректерге талдау жасай отырып, оқушылар қажетті ақпараттарды таба білуге, оларды салыстыру арқылы қорытынды жасауға үйренеді.
1-топқа тапсырама:
Мәтінді оқып шығып, Сібір казак әскерлерінеерекше әскери бөлім ретінде жалпы сипаттама беріңдер. Олардың үкіметке толық тәуелді екендігіне мысал келтіріңдер.
2-топқа тапсырма:
Мәтінді оқып шығып, сұрақтарға жауап беріңдер:
Сібір казактарының ерекшеліктерін анықтаңдар.
1. Сібір казактарының шаруашылық қызметінде қандай ерекшеліктер бар?
3-топқа тапсырама:
Құжаттармен жұмыс. Оқулықтың 215-бетінде берілген құжат. Омбы облыстық мемлекеттік мұрағаты. 8-к, 66-іс, 117-118-парақтар.
Осы құжаттардан төмендегідей деректерді дәлелдейтін фактілерді табыңдар.
Патша үкіметінің саясаты ең алдымен Ресейдің жағдайын нығайтуға және отаршылдық езгіні күшейтуге бағытталды.
Қазақатдың құқы саяси жағынан да, әлеуметтік-экономикалық жағынан да шектелді.
Әрбір топтың жұмысын талқылағаннан кейін, сабақтың қорытындысын шығару.
IV.Сабақты бекіту:
2. Сендер қалай ойлайсыңдар, қазсқатнда казак әскерлерін құру қажетті шара ма еді?
3. Олар қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресіне көмектесті ме?
4. Казак әскерлерін құруға қазақ халқы қалай қарады?
Бағалау:
Үйге тапсырама:
Құжатпен жұмыс. Оқулықтың 215-бетіндегі құжаттарждың мәтінін оқып шығып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Өтініш авторлары кімдер?
2. Олар қандай талаптар қойды?
3. Өздерінің жер жөніндегі құқын қорғау үшін олар қандай деректер келтірген?
Кестені толтыру.
Орал казактары | Орынбор казактары | Сібір казактары | Жетісу казактары | |
Жылдары | ||||
Аумағы | ||||
Құрамы мен саны | ||||
Басқару жүйесі | ||||
Казактардың құқы мен міндеттері | ||||
Шаруашылығы | ||||
Салдары мен маңызы |