Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сынып. Қазақстан тарихы. v Қазақстан қалаларының даму тарихы, олардың қазақ халқының саяси




 

Сабақтың тақырыбы: § 33. Қазақстан аумағындағы қалалар.

§ 34. Сауда. Жәрмеңкелер /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

v Қазақстан қалаларының даму тарихы, олардың қазақ халқының саяси, экономикалық, сауда-саттық өміріндегі алатын орны, сауда қатынастарының даму ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру;

v Практикалық жұмыс машығын, талдау және қорытынды жасай алу біліктілігін жетілдіру, оқушылардың эстетикалық талғамын, сөйлеу мәдениетін дамыту, тарихи карталармен жұмыс істей білуге үйрету;

v Мақсат қоя білуге, қиыннан жол таба білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: сауда капиталы, ішкі нарық, сауда айналымы, айырбас сауда, алым-салық, негізгі сауда орындары, тауар, ақша баламасы, сауданың отаршылдық сипаты, жәрмеңкелердің әлеуметтік мәдени қызметі.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу

· «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

· Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Ø Шаруаларды Қазақстанға қоныс аударудың негізгі себептерін атаңдар.

Ø Қоныс аудару ісін жылдамдату себебі неде?

Ø Столыпиннің аграрлық саясатының мәнін түсіндіріңдер.

Ø Қазақстанға шаруалардың жаппай ағылуының салдары қандай?

Ø Қоныстанушылардың негізгі шаруашылық түрлерін атаңдар.

Ø Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Біздің еліміздегі халықтар арасындағы қарым-қатынастар туралы не айта аласыңдар?

Ø Отан, достық, өзара көмек, бірлік жөнінде мақал-мәтелдер келтіріңдер.

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

1. Қазақстанның солтүстік-батысындағы қалалардың даму ерекшеліктері (Орал, Гурьев).

2. XVIII ғ. негізі қаланған қалалар.

3. ХІХ ғ. 1-жартысында әскери бекініс ретінде салынған қалалар.

4. Қазақстанда шаруаларды қоныс аудару кезінде салынған қалалар.

5. Жетісу мен Оңтүстік қазақстан қалалары

6. ХІХ ғ. сауда сипатының өзгеруі.

7. Орта Азиямен керуен саудасы.

8. Алыпсатарлық және жәрмеңке саудасы.

9. Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени қызметі. Тұрақты сауда

10. Шетелмен сауда

11. Қазақстанда көлік қатынасының дамуы.

Оқулық пен хрестоматия материалдарына сүйене отырып, картамен практикалық жұмыс жасау.

Сабақтың 1-кезеңі- XVIII-ХІХ ғ. Қазақстан аумағындағы қалалардың географиялық орналасуы және олардың салыну тарихы.

№1 тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

ü Мәтінді оқып шығып, картадан Қазақстанның солтүстік- батысындағы қалалар мен XVIII ғасырда салынған қалаларды көрсетіңдер.

ü Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:

ü Қаланың салыну тарихы

ü Орналасқан жері

ü Қалалықтардың кәсібі

№2 тапсырма. Оқулықпен жұмыс

ü Мәтінді оқып шығып, ХІХ ғасырдың 1-жатрысында әскери бекініс ретінде салынған қалаларды картадан көсетіңдер.

ü Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:

ü Қаланың салыну тарихы

ü Орналасқан жері

ü Қалалықтардың кәсібі

№3 тапсырма: Оқулықпен жұмыс

ü Мәтінді оқып шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалалары мен шаруаларды қоныс аулару кезінде салынған қалаларды картадан көрсетіңдер.

ü Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:

ü Қаланың салыну тарихы

ü Орналасқан жері

ü Қалалықтардың кәсібі

ü Оқушылардың жұмыс нәтижелерін талқылағаннан кейін төмендегідей сұрақ қоюға болады:

ü Сендер өз қалаларыңның салынуы туралы не білесіңдер?

Сабақтың 2-кезеңі – «ХІХ-ХХ ғ. аралығындағы сауданың дамуы». Капитализмнің дамуы өлкенде сауда қатынастарының өркендеуіне, ішкі сауданың қалыптасуына, сауда капиталының күшеюіне алып келді. Өлке экономикасы әркелкі дамыды. Қазақтардың ең басты тауары мал мен оның өнімдері болды. Темір жолдарының пайда болуына байланысты тауар айналымы өсті. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бас кезінде Қазақстанда сауданың бірнеше түрі болды. Алдымен төмендегі терминдердің мағынасын түсіндіру керек:

 

Керуен саудасы  
Алыпсатарлық алыс ауылдары аралап жүріп алыпсатарлықпен айналысатындар, сапасы төмен тауарларды малға айырбастады.  
Жәрмеңке Айырбас сауданың ірі бекеттері жәрмеңкелік сауда орталықтарына айналды, сауда орындары қалаларда ғана емес, гарнизондарда, станицаларда, темір жол бекеттерінде де ашылды. Анағұрлым ірі әрі белгілілері Семей облысы қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі (оны Ботов жәрмеңкесі деп те атайды). Қарқаралы жәрмеңкесі.
Шет елмен сауда Шекаралық аудандарда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономиклық байланыстар нығайды. Сауда орталықтары- Омбы, Петропавл, Семей, Верный, т.б.

 

Қосымша әдебиеттердегі материалдарды пайдалана отырып,Ресей мен Қытай арасындағы сауданың тұрақтылығы, қазақ-қытай сауда байланысының дамуы туралы айту. Әңгіме барысында сауда байланыстарының ерекшеліктері мен маңызын ашып көрсететін кесте толтырылады.

Құлжа сауда келісімі. 25 шілде, 1851 ж. Петербург келісімі. 12 ақпан, 1881 ж.
   

Оқушылар сабақ тақырыбымен танысу барысында төмендегі кестені толтырады:

«ХІХ ғ. сауданы дамуы»

мемлекеттер ХІХ ғ. сауданың сипаты Сауда орталықтары Тауар түрлері
Қазақ халқының өнімдері Ресейдің еуропалық бөлігінің тауарлары Орта Азия тауарлары Қытай тауарлары
Қазақ хандықтары            
Ресей            
Орта Азия мемлекеттері            
Қытай            

 

Оқушылардан жалпы тарих курсы бойынша не білетіндерін сұрау керек (пәнаралық байланыс):

Еуропа елдеріндегі сауданың дамуы туралы

Жәрмеңкелер қайда және қалай өтті?

Жәрмеңкелердің ел өміріндегі маңызы қандай болды?

Осыдан кейін жәрмеңкелердің Қазақстанда қандай рөл атқарғанын ашуға тырысамыз:

Малшылар мен отырықшылар арасындағы делдалдық қызмет.

Баразлар және жәрмеңкелермен байланыстың күшеюі нәтижесінде малшылардың тұрмасы өзгерді.

Әр түрлі рулар, тайпалар, халықтар арасындағы байланыс күшейіп, оларлардың араласатын орнына айналды.

Халықтар арасында мәдени байланыс қалыптасты.

Қазақстанда көлік байланысы дамыды-тас жолдар, су жолдары, темір жол байланысы күшейді. Көлік байланысының дамуы қазақ қоғамының тұрмысына, сауданың дамуына қалай әсер еткені жөнінде мысалдар келтіру керек.

IV.Сабақты бекіту:

1. ХІХ ғ. сауда саласында қандай өзгерістер болды?

2. Орта Азиямен керуен саудасы қалай дамыды?

3. Сауданың дамуында көлік қатынасы қандай рөл атқарды?

 

Бағалау:

Үйге тапсырма:

Жалпы тарих курсы материалдарына сүйене отырып, Еуропа мен қазақстандағы жәрмеңкелерді салыстырып, диаграмма құрыңдар (ұқсастықтары мен айырмашылықтары)

  Қазақстандағы жәрмеңкелер
  Еуропа мемлекеттеріндегі жәрмеңкелер

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 642 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2458 - | 2273 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.