1.Шекаралық нарядтың құрамына кіретін немесе Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі өзге де міндеттерді орындайтын адамның Қазақстан Республикасының Мемле-кеттік шекарасын күзету жөніндегі қагидаларды бузуы, оның ішінде өткізу пункттерін-де бузуы, егер бул іс-әрекет мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса -
2. Ауыр зардаптарга өкеп соққан не алдын ала сөз байпасу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрөкет -
Ескерту.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші, жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан шекаралық нарядтың кздрамына кіретін немесе шекаралық кызметтің өзге де міндеттерін атқарушы адамның шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзуы, оның ішінде өткізу пункттерінде бұзуы егер бұл әрекет мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болуы арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы Заңына сэйкес мемле-кетгік шекараны күзету Мемлекеттік шекара әскерлеріне жүктелген жэне осы аталған заңца мемлекеттік шекарада қызмет аткарудың ережелері де белгіленген. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу эр түрлі болуы мүмкін. Бұларға мысалы, мемлекеттік шекараның күзетілетін объектісін өз бетімен тастап кету; мемлекеттік шекара тэртібін бүзған адамды үхтау шараларын қолданбау; қару қолданудың белгіленген ережелерін сақтамау т.с.с. жатады. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бүзу мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіру қаупін келтірсе ғана қылмыс құқықтық жазаланушылық сипатқа ие болады. Қылмыстық құқық бүзушылық қү_рамы -формальдық-материалдық. Қылмыстық эрекеттен келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиян мөлшері нақты жағдайларға байланысты анықталады.
Ауыр зардаптарға әкеп соққан не алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дэл сол эрекеттер үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 445-бабының 2-тармағында көзделген. Ауыр зардаптарға дұшпандық эрекеттер жүргізу мақсатымен шетелдік азаматтың еліміздің аумағына кіріп кетуі; шекаралық қызмет қү_ралдарының істен шығып қалуы;
мемлекеттік шекара арқылы контрабандалық тауарлардың өткізілуі; халықаралық қатынастардың шиеленісуі т.с.с. жатады. Көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан қасақаналыкпен істеледі. Қылмыстың субъектісі - арнаулы шекаралық нарядтың қү_рамына кіретін немесе шекаралық кызметтің өзге де міндеттерін атқарушы адам. Осы баптың ескертуіне сэйкес осы баптың бірінші белігінде көзделген эрекетті алғаш рет жасаған эскери қызметші қылмысты жеңілдететін мэн-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Бап. Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу
1.Қарауыл (вахта) құрамына кіретін адамның қарауыл (вахта) қызметінің жаргылық қагидаларын бұзуы, егер бұл іс-әрекет қарауыл (вахта) күзететін объектілерге зиян кел-тіруге немесе өзге де зиянды зардаптардың болуына әкеп соқса -
2.Ауыр зардаптарга әкеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган дэл сол іс-әрекет -
Ескерту.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші, жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Қарауыл (вахта) кызметі Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қарауыл кызметі жарғысымен реттеледі. Қарауыл (вахта) қызметі жауынгерлік міндетті аткаруға жатады жэне жеке қүрамнан Жарғыда көрсетілген барлық талаптарды мүлтіксіз орындауды, аса қырағылықты жэне батылдықты талап етеді. Қарауыл қызметі мемлекеттік немесе эскери объектілерді, эскери жасауларды, тэртіптік батальон мен гауптвахтаны күзету үшін бел-гіленеді. Қарауыл қызметіне соғыс-теңіз флоты корабльдеріндегі вахталық қызметтер де жатады.
Қарауыл қызметіне Ішкі істер министрлігінің Ішкі эскер қызметі жүзеге асыратын аса маңызды мемлекеттік объектілерді, арнаулы жүктерді, түзеу мекемелерін, тұтқындағылар мен сотталғандарды күзету қызметтері де жатады.
Заң бойынша қарауыл (вахта) құрамына кіретін адамның қарауыл (вахта) қызметінің жарғылық ережелерін бү_зуы, егер Бұл эрекет карауыл (вахта) күзететін объектіге зиян келтіруге немесе езге зиянды зардаптардың болуына экеп соқса қылмыстық жауаптылық пайда болады.
Келтірілген зиянға күзетілетін объектіден эскери мүліктің талан-таражға түсуі; эскери техниканың Бұлінуі немесе жоғалуы; гауптвахтадағы пайда болған бей-берекетсіздік т.е.с. жатады.
Қылмыстық құқық бүзушылық қүрамы материалдык, қылмыстық қүқық бұзушылық карауыл (вахта) қызметін аткдрудың жарғылық ережелерін бүзудан зиян келтірілген сэттен аяқталған деп танылады.
Ауыр зардаптарға экеп сокқан не адамдар тобы немесе алдын-ала сөз байласу-мен адамдар тобы жасаған дэл сол эрекеттер үшін жауаптылык ҚК-тің 446-бабының 2-тармағында көзделген.
Ауыр зардаптарға әскери жасауды ү_рлау немесе Бұлдіру, күзетілетін мемлекеттік немесе эскери объектілердің өте қатты Бұлінуі, эскери қару-жарақты ұрлау, адамдардың каза болуы, түтқындағы немесе сотталған адамның қашып кетуі т.с.с. жатады.
Қылмыстық кодекстін 446-бабының ескертуіне сэйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген эрекетті алғаш рет жасаған эскери қызметші қылмысты жеңілдететін мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.