1. Бейбіт уаңытта жасалған, бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу, егер өз бетімен болмаушылық бес тәуліктен асып кетсе, бірақ бір айдан ұзаққа созылмаса -
2. Дәл сол іс-әрекеттер, егер өз бетімен болмаушылық бір айдан узаққа созылса -
3. Қызмет бабымен сеніп тапсырылган қарумен жасалған не адамдар тобы немесе ал-дын ала сез байпасу арқылы адамдар тобы жасаган, бөлімді немесе қызмет орнын өз беті-мен тастап кету, егер өз бетімен болмаушылық бір тәуліктен узаққа созылса -
4. ¥рыс жагдайында немесе төтенше жагдай кезінде жасалган, бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, егер өз бетімен болмаушылық бір тәуліктен узаққа созылса -
5. Үзақтыгына қарамастан, сотые уақытында бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету -
Ескерту.
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекетті жасаған әскери қызметші, егер бул іс-әрекет ауыр және өзге де мән-жайлардың тоғысу салдары бо-лып табылса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Қылмыстық құкық бұзушылық объективтік жағынан бейбіт уақытта жасалған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке дэлелсіз себептермен мерзімінде келмеу, егер өз бетімен тастап кетушілік бес тэуліктен асып кетсе, бірақ бір айдан аспайтын уақытқа созылу арқылы сипатталады.
Әскери қызметшінің бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен бастықтың рұқсатынсыз тастап кетуге құқы жоқ.
Бөлім немесе қызмет орнына эскери бөлім орналасқан жерлер, аумақтар жатады. Сондай-ақ қызмет орнына эскери бөлім орналасқан жерлерден тысқары жерлерде эскери қызметшілердің эскери міндетін өтейтін орындары да (уақытша жұмыс орны: эшелон, пойызд, жылжымалы маршрут т.с.с.) жатады.
Әскери қызмет өткеруші бөлімді немесе кызмет орнын өз бетімен тастап кетсе, сол сияқты бөлімнен рұксат бойынша босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде, ісса-пардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен қызметке бес тэуліктен асатын, бірақ бір айдам аспайтын уақытқа дэлелді себептерсіз келмесе онда оның эрекетінде осы баптың 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстык құкьщ бұзушылык құрамы бар. Бұл құрамның субъ-ектілері эскери қызмет өткеруші - жауынгерлер, матростар, сержанттар, старшиналар.
Қылмыстық кодекстің 441-бабының 2-тармағында дэл сол іс-эрекеттер, яғни өз беті-мен бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету бір айдан ұзаққа созылғаны үшін көтеріңкі қылмыстың жауаптылық белгіленген.
Қызмет бабымен сеніп тапсырылған қарумен жасалган не адамдар тобы немесе ал-дын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, бөлімді немесе қызмет орнын оз бетімен тастап кету (егер өз бетімён болмаушылық бір тэуліктен ұзакда созылса) үшін жауаптылық ҚК-тің 441-бабының 3-тармагында көзделген.
¥рыс жагдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған, бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, егер оз бетімен болмаушылық бір тэуліктен ұзаққа созылса - жауаптылық ҚК-тің 441-бабының 4-тармағы бойынша сараланады.
Қылмыстың кодекстің 441-бабында көзделген эрекеттерді соғыс уақытында өз бетімен бөлімді тастап кетушілік үшін кылмыстың жауаптылық белгіленген (ҚК-тің 441-бабының 5-тармағы).
Бөлімді немесе қызмет орнын соғыс жагдайында ұзақтығына қарамастан, өз беті-мен тастап кету осы құрамның өте ауырлататын түрі болып табылады. Мұлдай ретте қылмыстың субъектісіне шақьфу бойынша немесе келісімшарт бойынша эскери қызмет өткерушілер жаткызылады жэне бұл іс-эрекет үшін көтеріңкі жаза мөлшері белгіленген.
Кінэлінің бөлімді немесе қызмет орнын уақытша калдыру ниетінің болуы немесе оның шегінен тыс жерлерде болуы жэне бөлімге немесе қызмет орны жалғастыру үшін қайта оралу ниетінің бар болуы ҚК-нің 441-бабымен көзделген қылмыстық құқык бұзушылық құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі болып танылады.
Әскери бөлім немесе қызмет орнын эскери кьізметшінің тастап кету сэті, сондай-ақ оның қызмет орнына белгіленген мерзімде келмеуі - бөлімді өз бетімен қалдырудың басталуы деп, эскери қызметшінің эскери орган басқармасына немесе эскери бөлімге келген сэті, не оны ұстаған уақыт - аякталуы деп танылады.
Эскери қызмет міндеттерін өтеуден жалтарған адамның қандай да бір жеке жэне кызметті өткеру бойынша міндеттерін орындаумен байланысы жоқ өзге де себептермен эскери бөлімге уақытша келуі, өз бетімен болмау кезеңінің тоқтағанын білдірмейді. (жоғарыда көрсетілген жоғарғы сот қаулысының 14-тармағы).
ҚК-тің 441-бабындағы ескертуде бекітілген ережелер негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату туралы мэселені сот істің барлық мэн-жайына жэне кінэлінің жеке басына байланысты эрбір жағдайда жеке шешеді.
Әскери қызметті өту үшін абсолютті кедергі болып табылмайтын, бірақ эскери қызметшінің қызметте болуын айтарлықтай қиындататын тұрмыстық жағдайлар: эскери қызметшінің өзінің ауыр наукасқа шалдығуы, оның тікелей туыстарының ауыруы немесе қайтыс болуы, стихиялық бақытсыздық, сондай-ақ қызметтестер тарапынан орын алған жарғыдан тыс эрекеттер, командирлер мен бастықтардың заңсыз эрекеттері, эскери қызметшінің өмірі мен денсаулығына шынайы катер төндіретін немесе оның ар-ожданы жэне қадір-қасиетіне немесе өзге де құқықтарына қол с^ғатын эрекеттер (эрекетсіздіктер) ауыр жағдайдың туындауы деп танылуы мүмкін.
ҚК-нің 34 жэне ҚК-нің 37-баптарына сэйкес, ең соңғы қажеттілік ретінде бағаланатын жағдайлардың күштеу немесе психикалық мэжбүрлеудің болуы — адамды бөлімді ез бетімен тастап кеткені немесе қашқындық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатады (ҚР Жоғарғы Сотының аталған №6 нормативтік қаулысының 14-тармағы).
442-бап. Қашқындық
1. Қашқындық, ягни әскери қызметтен жалтару мақсатында бвлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу -
2. Қызмет бабымен сеніп тапсырылган қарумен қашу, сол сияңты алдын ала сөз байпасу арқылы адамдар тобы жасаган ңашқындық -
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, үрыс жагдайында немесе төтенше жагдай кезінде жасалган іс-әрекеттер -
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, согыс уақытында жасалган іс-әрекеттер -
Ескерту.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген қашқындықты жасаган эскери қызметшіні, егер қашқындық ауыр мән-жайлардың тоғысу салдары болып табылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Қылмыстық занда қашкындық, яғни эскери қызметтен жалтару мақсатында эскери бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты осындай максатпен қызметке келмеу деп белгіленген (442-баптың 1-тармағы).
Қазақстан Республикасының Конституциясына сэйкес Отанды қорғау - әрбір азаматтың міндеті жэне азаматтық борышы, эскери міндеггілік жэне эскери қызмет ту-ралы зандарға сэйкес азаматтар Қарулы күштер қатарына олардың еріктілік жағдайында шақыру бойынша немесе келісімшарт бойынша жүзеге асырылады. Заңмен белгілен-ген тэртіп бойынша эскери қызметші болып танылғандар өз бетімен әскери кызметтен заңсыз жалтару максатымен эскери бөлімді немесе кьізмет орнын тастап кетуге, сол сияқты осындай максатпен кызметке демалыстан, іссапардан, емделіп шыққаннан кейін келмей қоюға қақысы жоқ. Бұл міндеттерді орындаудан жалтару қашқындық деп таны-лады. Қашқындық құрылысы жөнінен формальдык кұрамға жатады жэне ол созылмалы қылмыс болып табылады. Қылмыстық кұқық бұзушылық эскери қызметшінің бөлімді немесе қызмет орнын тастап кеткен немесе белгіленген мерзімде қызметке келмеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қашқындык субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жэне арнаулы мақсатпен - эскери кызметтен жалтару арқылы сипатталады.
Қылмыстьщ құқық бұзушылыктың субъектісі - эскери кьізметші: шакыру немесе келісімшарт бойынша өтеп жүрген эскери қызметшілер.
Қызмет бойынша сеніп тапсырылған қарумен қашу, сол сиякты алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған қашқындык осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады (442-баптың 2-тармағы).
ҚК-нің 442-бабының екінші бөлігінде көзделген қызмет бойынша сеніп тапсырылған қару деп, Қарулы Күштер мен басқа эскери құрылымдарда карулануға қабылданған, эскери қызметшінің эскери қызмет бойынша оған жүктелген міндеттерге сэйкес иелену-ге қү_кығы бар, табельді атыс қаруын және өзге де кдруды түсіну керек.
Әскери кьізметшінің оған бекітілген суық қаруды (атылатын қарудың қанжар-пышағын, басқа да арнайы армия мен флот пышағын) алып қашқындық жасауы да ҚК-нің 442-бабының екінші бөлігі бойынша саралануға жатады.
Қызмет бойынша эскери қызметшіге сеніп тапсырылмаған қаруды алып кашқындық жасауда жоғарыда көрсетілген дэрежеленуші эрекет белгісі болмайды. Мұндай жағдайларда адамның эрекетін, оның қаруды иемдену жағдайына қарай, ҚК-нің 442-бабының тиісті тармағы бойынша жэне атыс каруын немесе суық қаруды заңсыз ұрлау, иемдену, сактау, алып жүру үшін жауаптылык көздейтін кьілмыс заңның тиісті баптары бойынша саралау керек (ҚР Жоғарғы Сотының № 6 қаулысының 16-тармағы).
¥рыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған қашқындык үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 442-бабының 3-тармағында көзделген.
Ал соғыс уақытында жасалған қашқындық үшін жауаптылық ҚК-тің 442-бабының 4-тармағында карастырылған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 28 қазан 2005 жылғы №6 норматив-тік қаулысының 15-тармағына сэйкес: Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кетуден қашкындыкты ажырата білу қажет. Өйткені қашқындықтың мақсаты эскери қызметтен мүлдем жалтару болып табылатынын, ал бөлімді өз бетімен тастап кетудегі мақсат эскери қызметтен уақытша жалтару болып табылатынын назарда үхтаған жөн.
Қашқьіндықтың аяқталуы деп субъектінің эскери қызметтен іс жүзінде жалтарып, эскери бөлімді немесе кызмет орнын тастап кеткен, не бөлімге белгіленген мерзімде келмеген сәттен бастап танылады. Қашкьшдық кезіндегі эскери қызметтен жалтарудың себептері мен ұзақтығы оны саралауға эсерін тигізбейді.
Қашқындық ұзаққа созылатын кылмыс ретінде, эскери қызметші қызмет орнына өз еркімен оралған, кінэсін мойындап келген, оны ұстаған сэттен бастап тоқтады деп есеп-теледі.
Қызмет орнына өз еркімен оралу, кінэсін мойындап келу, ҚК-нің 373-бабына жасалған ескертпеде көрсетілген жағдайлардан басқа, кашкындықтың аяқталған құрамы мен қылмыстық жауапкершілікті жокка шығармайды бірак жаза тағайындау кезінде ескерілуі мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 442-бабының ескертуіне сэйкес осы баптың бірінші немесе екін-ші бөлігінде көзделген қашқындыкты жасаған эскери қызметші, егер кашқындық ауыр мэн-жайлардың тоғысу салдары болып табылса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан бо-сатуы мүмкін.
Ауыр жағдайлардың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 441-бабында талдау жасағанда тоқталғанбыз.