1. Бастыққа, сол сияңты өзіне жүктелген әскери қызмет міндетін орындайтын өзге адамга қарсылық көрсету немесе оны осы міндеттерді бузуга куш қолдану немесе оны қолдану ңатерін төндіру арқылы мәжбүрлеу -
2. Мынадай:
1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байпасу арқылы адамдар тобы жасаган;
2) қару немесе арнайы құралдар қолданып;
3) денсаулыққа ауыр немесе ауырлыгы орташа зиян келтіріп жасалган дәл сол іс-әрекет-
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган, ұрыс жагдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалган, сол сияқты адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер -
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, сотые уақышында жасалган іс-әрекеттер -
Қылмыстық құкық бұзушыльщ объективтік жағынан бастыққа, сол сияқты эскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы міндеттерді бұзуға күш қолдану жэне күш қолданамын деп қорқыту арқылы, мэжбүр ету арқылы сипатталады.
Қарсылық көрсету деп бастықкд, сол сияқты эскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға ашықтан ашық қарсы шығып, оның занды талабы-на мэн бермеу, олардың өзіне жүктелген міндеттерін атқаруына кедергі жасау. Мыса-лы, патрульдің мае күйдегі эскери қызметшіні ұстауға байланысты әрекетіне соңғының қарсылық керсетіп бағынбауы.
Бастықкд немесе эскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға күш қолдану жэне күш қолданбақшы болып қорқыту арқылы олардың міндет-терін бұзуға бағытталған белсенді эрекет мэжбүрлеу деп танылады. Мысалы, қатардағы эскери қызметшінің тэртіп бұзып қолға түсіп қалған екінші бір эскери қызметшіні бастыққа күш қолданбақшы болып қорқытып босатып алуы.
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальдык, көрсетілген іс-эрекеттердің бі-реуін істеген сэттен қылмыстық қү_қық бұзушылық аяқталған деп танылады. Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.
Дэл сол эрекеттер:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған;
б) кару немесе арнайы құралдар қолдана отырып жасаса;
в) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіріп жасалған іс-эрекеттер - осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (438-баптың 2-тармағы).
Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының түсінігі ҚК-тің 31-бабында көрсетілген.
Қару қолдануға атылатын немесе суық қаруды қолдана отырып бастыққа қарсылық жасау немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мэжбүр етушілік жатады.
ҚК-нің 438-бабы екінші тармағының 2) тармақшасында, ҚК-нің 439-бабының екінші тармағының 2) тармақшасында жэне ҚК-нің 440-бабы екінші тармағының 4) тармақшасында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамында қолданылатын қару деп «Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сэйкес конструкциялық жағынан алғанда тірі ныса-наны жоюға арналған құрылғылар мен заттар: атыс қаруы, суық кару, газды-қару электр-лі қару, пневматикалық қару, лақтырылатын қару түсінілуі тиіс. Оларға соғыс қол атыс қаруы мен суық қару (автомат, пулемёт, пистолет, карабин, винтовка, қанжар, шолақ қанжар) жэне қолдан дайындалған (шолақ мылтық, фин пышағы, кастет, стилет жэне т.б.) өзге атыс жэне суық қарулар жатуы мүмкін.
Шаруашылыққа немесе басқа да мақсатка арналған заттардың өзге де түрлерін (бэкі, шаппа, ас үй пышақтары, балта, таяқ жэне т.б.) пайдалану қылмыстың жасалу белгілері бойынша қару қолданалып жасалынған деп саралауға негіз бола алмайды
ҚК-нің 438-бабының екінші тармағында, ҚК-нің 439-бабының екінші тармағында, ҚК-нің 440-бабының үшінші тармағында жэне ҚК-нің 452-бабының екінші тармағында көрсетілген ауыр зардаптарға жэбірленушінің денсаулығына кдсақана ауыр зиян келтіру, оның ішінде абайсызда кісі өліміне соқтыру, адамды өзін-өзі өлтіруге дейін немесе өзін-өзі өлтіруге оқталуға дейін жеткізу, эскери тапсырманы орындауды болдырмау, апат немесе аварияның болуы, эскери техниканы істен шығару, ірі материалдық залал келтіру жэне т.б. жатады.
Мұндай салдарлар ҚК-нің осы баптарының диспозицияларымен қамтылады жэне өзге қылмыстар құрамымен қосымша саралауды талап етпейді. Егер кінэлінің осы эскери қылмыстарды жасаған кезде кісі өлтірумен ұштасса, онда олар ҚК-нің 99-бабы бойынша қосымша саралауға жатады.
Жэбірленушінің өмірі мен денсаулығына ауыр зардап келтірген бастықтың немесе лауазымды адамның билікті асыра сілтеуі немесе қызмет өкілеттігін теріс пайдалануы осы ереже бойынша саралануы тиіс1.
1 (Қазакстан Республикасы Жоғарғы Сотыньщ «Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот тэжірибесі туралы» 28 қазан 2005 жылғы нормативтік қаулысынын 9, 10-тармақтары).
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қьшмыстық топ жасаған, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған сол сияқты адам өліміне экеп соққан іс-эрекеттер талданып отырылған қылмыс құрамының өте ауырлататын түріне жатады (438-баптың 3-тармағы).
Соғыс уақытында жасалған осындай эрекеттер үшін жауаптылық қылмыстық топ жасаған 438-баптың 4-тармағында көрсетілген.