Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бап. Эскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту




1. Эскери қызметшінің аурумын деп жалган сылтаурату немесе өзіне қандай да бір болмасын зақым келтіру (дене мүшесін зақымдау) не денсаулыгына өззе де зиян келтіру немесе жалган кұжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет міндеттерін орындаудан жалтаруы, сол сияқты эскери қызметті атқарудан бас тартуы -

2 ¥рыс жагдайында немесе төтенше жагдай кезінде жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, сотые уақытында жасалған іс-әрекеттер -

Қылмыстық кұқық бұзушылық объективтік жағынан эскери қызметшінің ауруды сылтау ету немесе өзіне кандай да бір болмасын закьш келтіру (дене мүшесін зақымдау), не денсаулыгына өзге зиян келтіру немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жо­лымен эскери қызмет міндеттерін атқарудан жалтаруы арқылы сипатталады.

Ауруды сылтау етуге өтірік соқыр, керең, мылқау болып көрінулер арқылы эскер қызметі міндетін өткеруден жалтарады. Өзінің эскери қызметті міндетін өтеуден жалта­ру мақсатымен дене мүшесін зақымдауға кез келген затпен, құралмен, карумен немесе улы, зэрлі нэрселерді қолдану арқылы езіне-өзі немесе біреу арқылы зақым келтіруді айтамыз.

Жалған кркат жасауға - эскери кьізметті немесе міндетті өтеуден босатуға не-гіз боларлык өзі немесе баска біреу арқылы дайындалған шындықка сай келмейтін кркаттарды жасау жатады.

Өзгеше алдауға - эскери қызметті өтеу мерзімін кысқарту үшін жоғары білімі туралы жалған кркат көрсету, эскери қызметтен жалтару мақсатымен лауазымды адамды сатып алып, өзіне қолайлы іс-әрекеттер істеткізу т.е.с. жатады.

Қылмыстық кодекстің 443-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық жауаптылық эскери қызметшінің дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тэсілмен эскери қызметтен уақытша жалтарғаны (қарауыл қызметін атқарудан, әскери кезекшіліктен, қауіпті эскери операцияға катысудан, алыс іссапарға барудан) үшін туындайды. Баптың бұл бөлімі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі болып шақыру бойын-ша немесе келісімшарт бойынша эскери қызмет өткеріп жүргендер танылады. Егер осы көрсетілген адамдар эскери қызмет міндеттерін атқарудан толық босану мақсатында жоғарыда көрсетілген эрекеттерді — ауруды сылтау ету, өзге де алдау жолымен жасалса, онда олардың іс-эрекеттері Қылмыстық кодекстің 443-бабының 1-тармағы бойынша са-раланады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған эрекеттер - үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 443-бабының 2-тармағында көзделген.

Соғыс жағдайында жасалған аса эрекеттер үшін жауаптылық ҚК-тің 443-бабының 3-тармағында қарастырылған.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жэне арнаулы мақсат эскери қызмет, міндетті атқарудан уақытша немесе толық босану арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс субъектісі - эскери қызметті атқарудан жалтарған, бас тартқан адам.

Скери кезекшілік және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Бап. Жауынгерлік кезекшілікті атқару қағидаларын бұзу

1.Қазақстан Республикасына кенеттен жасалган шабуылды уақтылы байқау және оган тойтарыс беру бойынша не оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауын-герлік кезекшілікті (жауынгерлік қызметті) атқару қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет мемлекеттің мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса немесе әкеп согуы мүмкін болса­

2. Ауыр зардаптарга әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -

3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жагдайында немесе сотые уақытында жасалган іс-әрекеттер -

Ескерту.

Осы баптың бірінші бөлігінде кезделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметшіні, жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Қылмыстық кұқық бұзушылық объективтік жағынан Қазақстан Республикасы­на кенеттен жасалған шабуылды дер кезінде байқау жэне тойтару бойынша не оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті (жауынгерлік қызмет) атқарудың қағидаларын бұзу, егер де бұл эрекет мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болуы арқылы сипатталады.

Жауынгерлік кезекшілікті атқару ережелері Ішкі қызмет Жарғысымен, Қорғаныс ми­нистр!, Бас Штаб бастығы, Қарулы күштер түрлерінің Бас қолбасшысының бұйрығымен жэне директиваларымен белгіленеді.

Жауынгерлік кезекшілік атқару ережелерін бұзуға Қазақстан Республикасына кенет­тен жасалған шабуылды дер кезінде байқау жэне тойтару бойынша не оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару қызметтерін бұзулар жатады. Жауынгерлік кезекшілік атқару құрамына кезекшілік уақытында қызмет орны-нан ауытқуға, бөгде жұмыспен айналысуға, өз бетімен кезекшілік орнын тастап кету-ге, кезекшілік орнын басқа біреуге уақытша болса да беріп кетуге, эскери техниканың дайындығына бөгет келтіретін істермен айналысуға тыйым салынады, сондай-ақ жауын-герлік кезекші өз қызметін атқару кезінде спирт ішімдіктерін, есеңгірететін, уытқұмарлык заттарды пайдалануға, байқау аппараттарын өз бетімен алып тастауға немесе келіп түскен бұйрықты орындамауға құкылы емес.

Қылмыстық құқық бұзушылық қүрамы жағынан формальдық-материалдық құрамға жатады. Өйткені қылмыс жауынгерлік кезекшілікті атқару ережелерін бұзудан мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болған реттерде аяқталған деп танылады.

Мемлекет қауіпсіздігі мүддесіне зиян келтірілгені немесе келтірілу қаупі болғаны нақты жағдайларға байланысты анықталады. Жауынгерлік кезекшілік ережелерін бұзумен мемлекет мүддесіне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның арасындағы себепті байланыс анықталуы тиіс.

Қылмыстык құкық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей немесе жанама касақаналықпен істеледі.

Осы баптың 2-тармағында ауыр зардаптарға экеп соққан эрекеттер үшін жауаптьшық белгіленген. Ауыр зардаптарға - Қазақстан Республикасының аумағына шет мемлекеттердің эскери барлау ұшактарының, су асты, су үсті соғыс кемелерінің еніп кетуі, адамдардың казаға ұшырауы, эскери техниканың істен шығуы, маңызды эскери шаралардың жүзеге аспай қалуы жатады.

Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында не­месе соғыс уақытында жасалған құқық бұзушылықтық эрекеттер үшін жауаптылык Қылмыстық кодекстің 444-бабының 3-тармағында көрсетілген.

Кылмыстық кодекстің 444-бабының ескертуіне сэйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған эскери қызметші қылмысты жеңілдететін мэн-жайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 890 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2754 - | 2314 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.