Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сіңкілік қатар туралы түсінік, оның түрлері және мәні мен маңызы




Өсіңкілік қатарлар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің уақытқа қарай өзгеруін мінездейтін статистикалық көрсеткіштердің сандық тізбегін айтады.

Қоғамдағы болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің уақытқа қарай дамуын, өзгеруін талдау,санау және қорытынды жасау:

Статистика органдарында және мемлекетті басқару орындарында өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін қолдану арқылы даму немесе кему поцестерінің заңдылығын толығымен зерттеу.

Өсіңкілік қатардың өзгеру заңдылығына негізделіп оның маусымдық ауытқуын,өзгеру тенденциясын, яғни трендін зерттеу.

Өсіңкілік қатар әдісінің міндеттері:

Өсіңкілік қатардың уақытқа қарай өзгеруін оның негізгі көрсеткіштерін есептеу арқылы талдау;

Өсіңкілік қатардың орташа көрсеткіштерін есептеу;

Өсіңкілік қатардың негізгі міндетінің бірі, ол қатардың негізгі өзгеру деңгейін, трендін анықтау;

Өсіңкілік қатарды аналитикалық түзулеу әдісін қолдану арқылы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды болжамдау;

Әрбір өсіңкілік қатар екі элементтен тұрады:

Біріншісі - қатардың дәрежесі, екіншісі – уақыт көрсеткіші.

Қоғамдық құбылыстар мен процестердің шамасын,мөлшерін мінездейтін көрсеткіштің белгілі бір уақыттағы әрбір сандық мәнін қатардың дәрежесі деп атайды.

Уақыт көрсеткіші деп – құбылыстар мен процестердің болып өткен уақытының мерзімін атайды. Құбылыстар мен процестердің болып өткен уақыт мерзіміне сәйкес өсіңкілік қатарлары бір мезгілдік (моменттілік), уақыт аралық болып екі түрге бөлінеді.

Бір мезгілді өсіңкілік қатардың нақты сандық шамалары құбылыстың белгілі бір сәттегі, яғни тәуліктің, айдың, жылдың басында немесе соңында болған жағдайын мінездейді:

Уақыт аралықты өсіңкілік қатарлар деп құбылыс мөлшерінің белгшілі бір уақыт аралығындағы қандай шамада болғанын мінездейтін көрсеткіштерді айтады:

Уақыт аралықта өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін бір-біріне қосып, ұзақ уақыт аралығындағы қорытынды көрсеткіштерді есептеуге болады, оны статистикада «жинақталған жиынтық» деп атайды.

Өсіңкілік қатарлар уақыт мерзіміне және онда көрсетілген көрсеткіштерге байланысты толық және толық емес болып екіге бөлінеді.

Егер өсіңкілік қатардың көрсеткіштері уақыт мерзіміне қарай бірінен соң бірі үзіліссіз келетін болса, онда ол толық өсіңкілік қатарға жатады.

Мысалы: Қазақстанда өндірілген көмір, мың тонна

 

жылдар              
өндірілен көмір              

 

Егер өсіңкілік қатардың көрсеткіштері уақыт мерзіміне қарай әр түрлі аралықта берілген, яғни әр түрлі уақыт мөлшері арқылы сипатталатын болса, онда оны толық емес өсіңкілік қатарлар деп атайды.

Өсіңкілік қатарлар дәрежесін дұрыс құру үшін ондағы көрсетілген көрсеткіштердің уақытына қарай белгі бірліктерінің бірдей болуы қажет.

Сондай-ақ өсіңкілік қатарларда берілген сандық мәндер әртүрлі әдістер арқылы есептелсе, көрсеткіштерді салыстыруға келмейді. Сондықтан көрсеткіштер өзара салыстырмалы болуы үшін, есептеу әдістері біртектес болуы керек.

Кейбір кездерде біртектес өсіңкілік қатардың көрсеткіштері уақыт мезгіліне қарай екі қатарда берілуі мүмкін, оларды бір-бірімен салыстыруға болмайды. Олар салыстырмалы болуы үшін барлық уақыт ішіндегі көрсеткіштерді есептеу арқылы бір қатарға тіземіз. Ол үшін үздіксіздендіру тәсілі қолданылады.

Мысалы: келесідегідей мәліметтер берілген:

 

Негізгі құралдардың құны                  
- қайта бағалауға дейін     - - - - - -
- қайта бағалаудан кейін -       121,5 126,4 126,8 118,1

 

1) - қайта бағалау коэффициенті

2) - 1995 жылдағы негізгі құралдардың құны деңгейі

 

Қоғамдағы болатын экономикалық құбылыстардың өзгеру процестерін талдау және есептеу кезінде бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер нақты, қатысты және орташа шамалар болып бөлінеді.

Нақты шамалар: өсіңкілік қатардың дәрежесі ретінде әрбір уақыт мерзіміне байланысты оның қалай өзгергендігін көрсетеді.

Егер уақыттың нақты шамаларын бір-бірімен салыстыру арқылы пайда болған,яғни әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін мінездейтін сандар тізбегін – қатысты шамалы өсіңкілік қатар деп атайды.

 

Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру

жылдар                  
А/ш өнімдері(1995 жылмен салыстарғандағы % есебімен)                  

 

Орташа шамалы өсіңкілік қатарлар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір белгісі бойынша уақыт мөлшеріне қарай сандық көрсеткіштерінің орташа өзгеруін мінездеуді атайды.

Мысалы: ҚР-сы бойынша бір сиырдан сауылған сүттің орташа мөлшері

жылдар              
Бір сиырдан орташа сауылған сүт,кг есебімен              

 

Өсіңкілік қатарларды құрған жағдайда келесі шарттардың орындалуы қажет:

- өсіңкілік қатарлар дәрежелерінің бір-бірімен салыстырмалы болуы;

- өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін аумақтық өзгерулерін бір-бірімен салыстырмалы болуы;

- өсіңкілік қатарлар дәрежесін дұрыс құру үшін ондағы көсетілетін көрсеткіштердің уақытына қарай белгілі бірліктерінің бірдей болуы;

- өсіңкілік қатарлар дәрежесі бірдей методологиямен есептелуі қажет.

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өсіңкілігін зерттеу, талдау үшін бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады.

Өсіңкілік қатардың уақытқа қарай өзгеруінің үдемелігін талдауда қолданылатын негізгі көрсеткіштерге: нақты (абсолюттік) өсім (кему), өсу қарқыны (өсу коэфициенті), арту қарқыны, бір пайыздық артудың нақты (абсолюттік) мәні. Бұл көрсеткіштерді есептеу өсіңкілік қатардағы көрсеткіш дәрежелерін бір-бірімен салыстыру нәтижесінде негізделінген.

Өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін екі түрлі тәсілмен есептеуге болады.

Біріншіден, ағымдағы қатардың әрбір дәрежесін оның алдыңғы уақыттағы шамасымен салыстырған болса, онда өсіңкіліктің көрсеткіштері тізбектелген тәсілмен есептелінген болып саналады.

Екіншіден, әрбір қатардың мәні белгілі бір тұрақты базалық уақыттың шамасымен салыстыратын болса, онда өсіңкіліктің көрсеткіштері базалық тәсілмен есептелінген болып саналады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1231 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2420 - | 2132 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.