Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақстан статистикасының қалыптасуы мен даму тарихы




Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақтарға кетеді. Бірінші Қазақ мемлекеті – Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың адам, ал 15 ғасырдың соңында олар 1 млн болды.

Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі 18-ғасырдың екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9-ақпанындағы (28 – қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді.

Қазақстан аумағында құрылған бірінші мемлекеттік ресми статистикалық орган болып, Түркістан губерналық статистикалық комитет (құрылған күні – 1968 жылдың 22-қаңтары) пен оған бағынышты Сырдария және Жетісу облыстарындағы статбюролар саналады. 19 ғасырдың 70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей және Ақмола (Омск қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері ұйымдастырылды.

Қазақстанда статистика органы тұңғыш рет 1919-жылы Далалық өлке статистика басқармасы ретінде құрылып, оның міндеті мен қызметі туралы ереже бекітілді. Содан кейін статистика органын ұйымдастыру жүйесінде бірнеше рет өзгерістер болды. Мысалы, 1930-жылы статистика басқармасы Жоспарлау комитетімен біріктіріледі және онда ол халық шаруашылық есеп бөлімі болып, ал 1931-жылы желтоқсан айында Жоспарлау комитеті жанындағы Орталық халық шаруашылық есеп басқармасы болып қайта қүрылады. 1941-жылы ол Жоспарлау комитетінің Орталық статистика басқармасы болып өзгертілсе, 1948-жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Советі жанындағы Орталық статистика басқармасы болып қайта қүрылады.

Орталық статистика басқармасы басқару жөне жоспарлау органдарымен тығыз жұмыс атқарады. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері мен құбылыстары туралы есеп-қисап жұмыстарының дұрыс жүргізілуіне, ондағы көрсетілген статистикалық мәліметтердің толықтығына, ақиқаттылыгына және әдістемелік біркелкілігіне Орталық статистика басқармасы жауапты. Сонымен қатар халық шаруашылығы салаларына қарай деректі мәліметтерді жинап, топтап және талдап, оны дер кезінде басшы орындарға беріп отырды.

1987-жылы тамыз айында статистика органын ұйымдастыру жүйесінде үлкен өзгеріс болды. Мұнда Орталық статистика басқармасы Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті болып өзгертілді. Ал 1995-жылы статистика органына республикада болып жатқан қоғамдық құбылыстар мен процестерге талдау жасау жұмыстарының жүктелуіне байланысты "талдау" сөзі қосылып жазылатын болды. Сонымен, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылады. Оның құқықтығы мен міндетгері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996-жылғы 18-қаңтардағы қаулысы бойынша бекітілген Ережеде анықталған және оны басшылыққа ала отырады.

1996-жылы 29-қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекетгік комитеті Қазақстан Республикасының Ұлтгық статистика агенттігі болып қайта ұйымдастырылды және статистикалық мөліметтерді жинау, өңдеу, талдау жұмыстары бірыңғай принципке сай ортақ бағдарлама мен әдістеме бойынша жоғарыда көрсетілген ережеге сүйене отырып жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасының Ұлтгық статистика агенттігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Зандарын, Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттары мен келісімдерін, Казақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын жөне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерін басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі және оған қарасты ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1448 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

2282 - | 2104 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.