КІРІСПЕ
«Статистика» пәнінің негізгі мақсаты - студенттерді ғылыми ұйымдастырылған жүйеде статистикалық әдістерді қолдану арқылы орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық өзгерістерін, сапалық жағымен байланыстыра отырып зерттеу жұмыстарын жүргізу.
«Статистика» пәні студенттердің экономикалық пәндерден оқу барысындағы алған білімдерін дамытуға, тереңдетуге және нақтылай түсуге көмектеседі. Осы пәнді оқытуда студенттерге Қазақстан Республикасының Ата заңына сәйкес және дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар бағдарламасын жүзеге асыру мен әлеуметтік-экономикалық қатынастар және процестерді жетілдіру, жақсарту мақсатында статистикалық көрсеткіштер жүйесін зерттеуді, талдауды үйретеді.
Оларға халық шаруашылық салаларының әлеуметтік-экономикалық процестерінің даму дәрежесін, құрылымын, өсіңкілігін немесе кемуін зерттеукезінде әртүрлі әдістерді қолдана білуді, жиналған мәліметтерді талдау және болашаққа болжау жасауды, сатистикалық көрсеткіштерге қорытынды жасауды оқытады.
Статистика органы экономика салаларының есебін жүргізуші мекеме ретінде жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдарының бірі болып табылады. Осыған орай, өз объектісін зерттеу үшін түрлі статистикалық әдістерді, атап айтқанда стандартты жіктемелерді, ішінара бақылауды, қорытындылаушы шамаларды, динамикалық қатарларды, индекстік және коррелляциялық- регрессиялық әдістерді, баланстарды қолданады. Соған талдау және қорытынды жасайды.
«Статистика» курсы тәжірибелік курс болып табылады, сондықтан да барлық тәжірибелік, жеке тапсырмаларды орындау негізгі шарты болып саналады және бақылаудың негізгі бір түрін құрайды. Студенттердің оқытушының қатысуымен өздік жұмыстарының тақырыптары бойынша тәжірибелік жұмыстар жоспарланған, сонымен қатар студенттердің меңгерген білімін тексеретін екі аралық бақылау жүргізіледі.
Статистика қоғамдық өмірдің әртүрлі құбылыстары туралы мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау және жариялаумен айналысатын тәжірибелік қызметтің бір саласы.
Курстың мақсаты - студенттерге ғылыми пән ретінде статистиканың мазмұны туралы, оның негізгі түсініктерімен, маңызды статистикалық талдамалық көрсеткіштерді есептеу әдістері мен әдістемелерін оқыту.
Пәнді оқытудың негізгі міндеті - арнайы пәндерде қолданылатын статистиканың негізгі әдістерін оқыту.
Пәннің міндеттері:
- әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің даму дәрежесін, құрылымын және өсіңкілігін зерттеу кезінде түрлі статисткалық әдістерін қолдана білу;
- жиналған мәліметтерге талдау және болашаққа болжай жасай білу;
- статистика туралы классиктердің, ғалымдардың еңбектерін оқып- үйрену және оны іс жүзінде тәжірибеде қолдана білу;
- мәліметтерді есептеу кезінде есептелген статистикалық көрсеткіштерге қысқаша қорытынды жасай білу;
- ұлттық шоттар жүйесін, салааралық балансты құру, өндіріс тиімділігін талдау; халықтың өмір сүру деңгейін және оған әсерін тигізетін себептерді талдай білу;
- халықаралық стандартқа сәйкес статистикалық деректердің әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесілерді білулері керек:
- Қазақстан Республикасындағы статистиканың ұйымдастырылуын;
- мәліметтерді жинау және өңдеу әдістерін;
- статистикалық өзара байланыстарды талдау әдістерін;
- статистикалық бақылау жүргізуді, бақылау бағдарламасын жасауды және әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстарға статистикалық зерттеулер жүргізуде басқа да әдістер мен тәсілдерді қолдануды, қорытынды жасауды;
- абсолюттік, қатысты және орташа шамаларды қолдану, есептеу жолдарын үйрену және мәліметтерді график арқылы бейнелеуді үйрену;
- динамикалық қатарды талдауды және индекстік әдісті қолдануды үйрену;
-қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын зерттеуді үйрену және оған талдау жасау;
- халықтың санын, құрылымын және еңбек ресурстарының көрсеткіштерін оқып білу;
- экономикалық процестің негізгі нәтижесін динамикасын талдай білу;
- өндірілген өнімді тұтыну мен қор жинауды және оған талдау жасауды үйрену;
- ұлттық шоттар жүйесін құруды оқып- үйрену;
- табыстардың бөліну процестерін зерттей білу және т.б.
СТАТИСТИКА ПӘНІ, ДАМУ ПРОЦЕСТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ