8 – сынып. Қайталау сұрақтары
1. Қандай фигура төртбұрыш деп аталады?
2.Төртбұрыштың төбесі, бұрыш, қабырғасы, диагоналі, периметрі дегеніміз не?
3. Қандай бұрыштары және қабырғалары қарама-қарсы деп аталады?
4. Қандай төртбұрыш «дөңес» деп аталады?
5. Дөңес төртбұрыштың бұрыштарының қосындысы неге тең?
6. Қандай төртбұрыш параллелограмм деп аталады?
7. Параллелограмның қандай қасиеттері бар?
8. Параллелограмның белгілерін атаңдар.
9. Қандай төртбұрыш «тіктөртбұрыш» деп аталады?
10. Қандай төртбұрыш «ромб» деп аталады?
11. Қандай төртбұрыш «квадрат» деп аталады?
12. Фалес теоремасы
13. Берілген кесіндіні тең n бөлікке қалай бөлуге болады?
8-сынып.Геометрия.
Сабақ-16. мерзімі-
Сабақтың тақырыбы: Трапецияның орта сызығы
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Трапецияның орта сызығы туралы түсінік
ә) Дамытушылық: Трапецияның орта сызығы және оның қасиеттері
б) Тәрбиелік: Оқушыларды жылдам ойлауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – көрнекілік
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сызба,жазба материалдар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын,дайындығын тексеру.Оқушылармен амандасу.
ІІ.Өткенді қайталау.
Түзу, кесінді, сәуле, параллель түзулер, параллель түзулердің қасиеттері, үшбұрыш, үшбұрыштың теңдігінің белгілері, үшбұрыштың медианасы, параллелогррамм және оның қасиеттері, Фалес теоремасы, трапеция
Үй тапсырмасын тексеру
№86(есептер жинағынан)
№87(есептер жинағынан)
РΔЕҒD = 1,5 + 2 + 2,5 = 6; Жауабы: 6 см
ІІІ. Жаңа сабақ.
Анықтама. Трапецияның бүйір қабырғаларының ортасын қосатын кесінді трапецияның орта сызығы деп аталады.
10-теорема: Трапецияның орта сызығы табандарына параллель және табандарының қосындысының жартысына тең
ІV.Есеп шығаруС
№91. Табандары 6,4 дм және 8,6 дм болатын трапецияның орта сызығын табыңдар.
ҒЕ = 7,5 дм
№92. Кесіндінің ұштары түзуден 18 дм және 8 дм қашықтықта орналасқан. Кесіндінің ортасы түзуден қандай қашықтықта жатады? Екі жағдайын қарастырыңдар.
1) ЕҒ = 13 дм 2) 5 дм
Есептер жинағы
№90. Трапецияның орта сызығы 3 см-ге тең. Трапецияның табандарының ұзындығын табыңдар. Жауабы: 6 см
№91. Табандарының қосындысы 24 см-ге тең трапецияның орта сызығы неге тең? Жауабы: 12 см
№93. Теңбүйірлі трапецияның орта сызығы 5 см, ал бүйір қабырғасы 3 см болса, оның периметрі неге тең?
Шешуі: ЕҒ = ½*(АD + ВС); АD +ВС = 2*5; АD +ВС = 10
Ртр = АD + ВС + АВ + СD; Ртр = 16 см
№94. Трапецияның бүйір қабырғаларының қосындысы 5 см, ал орта сызығы 2 см. Трапецияның периметрін табыңдар.
АD + ВС = 4; АВ + СD=5; Ртр = 9 см
V. Үйге тапсырма. §6.2. №91, №92,№93
VI. Бағалау. Оқушылардың білім-біліктілігін анықтап баға қою.
VIІ. Қорытынды.Оқушылардың өткен материалды еске түсіру нәтижелерін сұрақ-жауап арқылы анықтау.
Трапецияның орта сызығы дегеніміз не?
8-сынып.Геометрия.
Сабақ-19. мерзімі-
Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Өтілген материалдар бойынша қайталау
ә) Дамытушылық: Төртбұрыштар, үшбұрыштың және трапецияның орта сызығының қасиеттерін пайдаланып есептер шығару
б) Тәрбиелік: Оқушыларды жылдам ойлауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – көрнекілік
Сабақтың типі: игеру
Сабақтың көрнекілігі: сызба,жазба материалдар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын,дайындығын тексеру.Оқушылармен амандасу.
ІІ.Өткенді қайталау.
Түзу, кесінді, сәуле, параллель түзулер, параллель түзулердің қасиеттері, үшбұрыш, үшбұрыштың теңдігінің белгілері, үшбұрыштың медианасы, параллелогррамм және оның қасиеттері, Фалес теоремасы, трапеция
Бақылау жұмысының қатесімен жұмыс жасату
Үй тапсырмасын тексеру
№95. Трапецияның орта сызығы 10 см. Диагональдарының бірі оны айырымы 4 см болатын екі кесіндіге бөледі. Трапецияның табандарын табыңдар.
ЕҒ = 10 см; ЕQ − QҒ = 4; (ВС + АD): 2 = 10
(АD − ВС): 2 = 4; ВС + АD = 20; АD − ВС = 8; АD = 14; ВС = 6
Жауабы: 14 см, 6 см
ІV.Есеп шығару
№53(Ш). АВСD параллелограмының периметрі 10 см, ал АВD үшбұрышының периметрі 8 см, ВD диагоналының ұзындығы қандай?
Жауабы: 3 см
№59(Ш). Егер АВСD параллелограмының периметрі 50 см, ал ВD 7 см. АВD үшбұрышының периметрін табыңдар.
Жауабы: 32 см
V. Үйге тапсырма. №155(Ш)
VI. Бағалау. Оқушылардың білім-біліктілігін анықтап баға қою.
VIІ. Қорытынды.Оқушылардың өткен материалды еске түсіру нәтижелерін сұрақ-жауап арқылы анықтау.
Трапеция, трапецияның түрлері.
Үшбұрыштың, трапецияның орта сызықтары.