7-сыныпта үшбұрыштар тақырыбын өткен болатынбыз. Өтілген тақырыптар бойынша үшбұрыштарға байланысты қайталау сұрақтары:
а) Үшбұрыштың анықтамасы
б) Үшбұрыштың элементтері
в) Үшбұрыш түрлері
г) Тақтада әр түрлі үшбұрыштарды салып көрсету
Үй тапсырмасын тексеру №89,92
Интерактивті тақтада үй тапсырмасының дұрыс жауабын көрсету арқылы тексеріледі.
№89. АВСD трапециясы берілген. В төбесінен СD бүйір қабырғасына параллель жүргізілген түзу АD үлкен табанын Е нүктесінде қиып өтеді.
ΔАВЕ-ның периметрі 18 дм, ал ЕD = 5 дм болса, берілген трапецияның периметрін табыңдар.
Берілгені: трапеция
,
Табу керек:
Шешуі: онда параллелограмм. Параллелограмм қасиеті бойынша .
Жауабы: 28 дм
№92. Теңбүйірлі трапецияның сүйір бұрышы 450-қа тең, биіктігі 3,5 см, ал табандарының қосындысы 17 см. Трапецияның табандарының ұзындықтарын табыңдар.
Берілгені: АВСD теңбүйірлі трапеция
А = 450 Шешуі: ΔАВК: А = В = 450; К = 900
ВК = 3,5 см АК = ВК = 3,5 см; АК = ЕD = 3,5 см
ВС + АD = 17см АD = АК + КЕ + ЕD
т/к: ВС-? АD-? КЕ = ВС
АD + ВС = 17 см
АК + КЕ + ЕD + ВС = 17
3,5 + 2КЕ + 3,5 = 17
2КЕ = 10; КЕ = 5;
ВС = 5 см; АD = 12 см
Жауабы: 5 см; 12 см
ІІІ. Жаңа білім беру.
Анықтама. Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын кесіндіні үшбұрыштың орта сызығы деп атайды.
Мысалы, АВС үшбұрышында АС қабырғасының ортасы D нүктесі, ВС қабырғасының ортасы Е нүктесі болса, онда DЕ кесіндісі үшбұрыштың орта сызығы болады.
Теорема. Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын орта сызық үшінші қабырғаға параллель және оның жартысына тең болады.
Берілгені: үшбұрышы
орта сызық
Дәлелдеу керек:
Дәлелдеу үшін: сәулесінің бойына Е нүктесін әрі қарай жалғастырып кесіндісін өлшеп саламыз. Сонда I белгі бойынша , себебі, , вертикль бұрыштар.
Бұдан (1)
және (2),
сондықтан (3).
Айқыш бұрыштардың теңдігінен, яғни (2)-ден
немесе (4)
шығады (параллель түзулер қасиеті). Сонда (3) пен (4)-тен параллелограмм болып тұр. Олай болса, және немесе және . Теорема дәлелденді.
ІV. Жаңа сабақты бекітуге есептер шығару
№ 93(1), 94, 96 сыныпта
№ 93 (1). АВС үшбұрышы берілген. Е – АС қабырғасының ортасы, Ғ – ВС қабырғасының ортасы. АВ = 12 дм болса, үшбұрыштың ЕҒ орта сызығын табыңдар.
Берілгені:
Табу керек: орта сызық
Шешуі: және орта сызықтың қасиеті бойынша .
Жауабы: 6 дм
№ 94. Үшбұрыштың қабырғалары 6 м, 9 м, 13 м. Оның орта сызықтарынан салынған үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар. Үлкен үшбұрыш пен орта сызықтарынан салынған үшбұрыштың периметрлерін табыңдар.
Берілгені:
орта сызықтар
Табу керек: РАВС,
Шешуі:
РАВС = АВ + ВС + АС
РАВС = 6 + 9 + 13
РАВС = 28
Үшбұрыштың орта сызықтық қасиеті бойынша
Сонымен не байқадық? Үшбұрыштың периметрі мен оның орта сызықтарынан пайда болған үшбұрыштың периметрлерінің қандай болатынын көріп отырмыз ба?
Жауабы: 14 м
№ 96. Үшбұрыштың периметрі 24 м. Сол үшбұрыштың орта сызықтарынан салынған үшбұрыштың периметрін табыңдар.
Берілгені: үшбұрышы
орта сызықтар
Табу керек:
Шешуі:
Жауабы: 12 м