Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (187-бап)
Бөтен адамның мүлкін едәуір зиян келтіру аркылы қасақана жою немесе бүлдіру ғана қылмыстық іс-әрекет деп танылады. Едәуір зиян деп айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асып түсетін зиян мөлшерін айтамыз (187-баптың ескертуі).
Осы қылмыстың затына кез келген мүлік: қозғалатын немесе қозғалмайтын, оның ішінде азаматтық айналымнан алынған мүліктерде жатады. Қылмыстық кодекстің 258, 299, 324-баптарында көрсетілген заттарды жою немесе бүлдіру жеке қылмыс құрамы болып табылатындықтан онда көрсетілген заттар осы қылмыс құрамына жатпайды.
Көрсетілген баптағы қылмыс объективтік жағынан бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Бөтеннің мүлкін жою деп оны мақсатты пайдалануға мүлдем жарамсыз етіп тастауды, нәтижесінде ол түкке жарамсыз болып өзінің шаруашылық-экономикалық құндылығын толық жоюын айтамыз.
Бөтеннің мүлкін бүлдіру деп оны ішінара жарамсыз ету, соның нәтижесінде мүлік өзінің мақсатты пайдаланылуының бір бөлегін жоғалтады, сөйтіп ол өз қалпына келтірілмесе немесе толық жөнделмесе пайдалануға жарамсыз болады.
Бұл қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған, есі дүрыс азамат танылады, ал ауырлататын мән-жайлар негізінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптың 2, 3-тармақтары) үшін қылмыстық жауаптылыққа 14 жасқа толған адам тартылады.
Субъективтік жағынан қылмыс кінәлінің қасақаналык нысаны арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте касақаналык тікелей немесе жанама да болуы мүмкін.
Кінәлі адам бөтеннің мүлкін құкыққа кайшы қасақана жою немесе бүлдіру арқылы өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның меншік иесіне едәуір мүліктік зиян келтіруі мүмкін екенін алдын ала біледі және осы зардаптардың болуын тілейді немесе осы зардаптардың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол береді. Қылмыстық ниет және мақсаттың істі саралауы үшін, яғни осы қылмыс құрамын өзіне ұқсас немесе жақын, коғамға қауіпті іс-әрекеттерден жіктеу үшін маңызы зор. Мысалы бұзақылық ниетпен бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті осы көрсетілген баппен емес, Қылмыстық кодекстің 257-бабьшен сараланады. Кінәлінің ұрланған мүлікті қылмысының ізін жасыру мақсатымен жоюы Қылмыстық кодекстің 175-бабымен қамтылатындықтан, осы баппен қосымша саралануға жатпайды.
Өрт қою, жару арқылы немесе өзге де жалпы қауіпті әдістермен; абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан; жәбірленушінің өзінің қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауымен байланысты не өзінің жақын туыстары жөнінде нақ сондай себептермен жасаса; әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздықты себептер бойынша жасалса, онда олар осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (187-баптың 2-тармағы).
Абайсызда адам өліміне, тарих, мәдениет ескерткіштерін немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе кұжаттарды жоюға немесе бүлдіруге әкеп соққан осы іс-әрекеттер бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдірудің аса ауырлататын түріне жатады (187-баптың 3-тармағы).
Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап)
Заңға сәйкес бөтен адамның мүлкін ірі зиян келтіріп абай-сызда жою немесе бүлдіру ғана қылмыс болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан құқыққа қайшы іс-әрекеттерден — мүлікті жою немесе бүлдіру, сондай-ақ іс-әрекет пен одан туындаған зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады. Қылмыс заңда көрсетілген зардап орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Ірі зиянның түсінігі ҚК-тің 175-ба-бының ескертуінің 2-бөлігінде көрсетілген.
Субъективтік жағынан қылмыс тек қана абайсыздықпен асырылады. Қылмысты менмендікте адам өз іс-әрекет қоғамға қауіпті зардап — бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру болуы мүмкін екенін алдын ала біледі, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңіл ойлылықпен болғызбау мумкіндігіне сеніп, қылмысқа жол береді.
Қылмысты немқұрайдылықта адам кажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда занда көзделген зардапты болжап білуге тиіс және болжай алатын бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмей қылмысқа жол береді.
Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған кез келген азамат танылады.
Осы қылмыс кұрамының екі түрлі ауырлататын түрі көрсетілген: а) отпен немесе езге де аса қауіпті көздермен абайсыз жұмыс істеу арқылы жасалған; б) не ауыр зардаптарға әкеп соқкан әрекеттер аркылы бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру.
Аса қауіпті көздерге — көлік құралдары, жанар, жағар майлар, атылатын, жарылатын заттар, электр жабдықтары т.б. жатады.
Ауыр зардаптарға — адамның денсаулығына орта, ауыр зиян келтіру, оларды уландыру, ауруға шалдықтыру, сондай-ак кәсіпорын қызметін тоқтауға немесе доғаруға, міндеттемелік шарттарын орындамауға әкеліп соғатын экономикалық зардаптар жатады. Абайсызда адам өлтіру осы қылмыс құрамы бойынша қамтылмайды, сондықтан мұндай іс-әрекеттер орын алғанда қылмыс жиынтығы бойынша (188-бап, 101-бап) сараланады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Меншікке қарсы қылмыстар тобы неше бапта қарастырылған.
2. Ұрлық қылмысының обьектісі болып не табылады?
3. Автомобильді ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену дегеніміз не?
Дәріс тақырыбы 6. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.