1. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.
2. Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі.
3. Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар.
4. Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей корғалады (6-баптың 1-тармағы). Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (6-баптың 2-тармағы).
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188-бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болып табылады.
Меншік иесі езіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік ету жөніндегі ез өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге кұқылы (АК 188-бабының 3-тармағы).
Осыған байланысты меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет аркылы қиянат жасалғанда қылмыстық кұқық нормасы арқылы да қорғалады.
Қылмыстық құқық нормасы бойынша меншік иесінің құқығы меншік нысандарына қарамастан қылмыстық құқыққа қол сұғушылықтан тең қорғалады. Меншік нысандарының барлық түрлерінің қылмыстық құқықтық қорғалуы үшін қылмыстық заң олар үшін қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін және қолданылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген. Меншік нысандарының тең корғалуы үшін: қылмыстық заң біріншіден — әр түрлі меншік нысандарына, қол сұғылатын ұқсас іс-әрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден — меншікке оның нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін — қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлататын белгілерін де бірдей; үшіншіден меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұғушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.
Меншікке қарсы қылмыс деп мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қаупін тудырумен байланысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз.
Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету кұқығын құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Осы топқа кіретін қылмыстардың тікелей объектісі — меншіктің нақты бір нысаны — мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің немесе басқа ұйымдардың, жеке түлғалардың меншігіне қол сұғу болып табылады.
Меншікке карсы қылмыстардың заты болып — азаматтық құқық бойынша меншік объектісі деп танылған кез келген бұйымдар мен мүліктер танылады.
Меншікке карсы қылмыстардың затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер, заттар жатады. Осыған байланысты адамның ақыл-ойы, идеясы, заттық белгісі болмағандықтан осы қылмыстардың заты болып табылмайды. Сондай-ақ заттық белгісі жоқ болғандықтан электр немесе жылу энергиясы да меншік затына жатпайды. Меншікке қарсы қылмыстардың затына — ақша, бағалы қағаздар, сондай-ақ азаматтық айналымнан алынбаған басқа да козғалмалы немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Жер қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, республикалық бюджет қаражаты, мемлекеттік қазына, алтын, алмас, валюта қоры, мәдениет және табиғат ескерткіштері меншік затына жатпайды.
Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өзінің немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, тегін айналдыру үшін құқыққа қайшы түрде алып қоюы арқылы сипатталады.
Меншік иесіне немесе өзге де иеленушіден кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өз иелігіне заңсыз алуын алып қою деп білеміз.
Меншікке қарсы кылмыстардың объективтік жағы негізінен белсенді әрекеттер арқылы жүзеге асырылады, тек қана бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру құрамының кейбір тәсілдері ғана әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың көпшілігі материалдық қылмыс құрамын құрайды, олардың объективтік жағы заңда көрсетілген үш элементтен: құқыққа қайшы іс-әрекеттерден; қылмыстық құқыктық норма диспозициясында көрсетілген мүліктік зиян ретіндегі зардаптан; сондай-ақ кұқыққа қайшы әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады.
Қарақшылық (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап) формальдық қылмыс құрамы болып табылатындықтан олардың аяқталу сәті занда көрсетілген құқыққа қайшы іс-әрекеттерді істеген уакыттан бастап, қылмыстың зардабының болуына қарамастан-ақ аяқталған деп танылады.
Меншікке қарсы қылмыстар субъективтік жағынан негізінен кінәлінің тікелей қасақаналық түрі арқылы жүзеге асырылады, тек бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап) кінәнің абайсыздық нысаны арқылы істеледі.
Меншікке қарсы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгілеріне — пайдакүнемдік ниет және мақсат жатады.
Меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі болып 14-ке толған адамдар танылады. Бұған жататындар: ұрлық (175-бап), тонау (178-бап), карақшылық (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иелену (185-баптың 2, 3, 4-тармақтары), ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптың 2, 3-тармақтары) үшін қылмыстарды істеу.
Ал 16-ға толған адамдар сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алғаны немесе ысырап еткені (176-бап); алаяқтығы (177-бап), ерекше құнды заттарды ұрлағаны (180-бап), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіргені (182-бап); көрінеу кылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе сатқаны (183-бап), интеллектуалдық меншік Құқықтарын бұзғаны (184-бап), жай автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгені (185-баптың 1-тармағы), жерге заттай кұқықтарды бүзғаны (186-бап); ауырлатпайтын жағдайда бөтен адамның мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптың 1-тармағы); бөтен адамның мүлкін абайсызда жойғаны немесе бүлдіргені (188-бап); қылмыс құрамдарын істегені үшін қылмыс субъектісі болып танылады.
Меншікке қарсы қылмыстар іс-әрекеттің істелу тәсіліне және қылмыстық ниетке қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 6-тарауындағы қылмыстар пайдакүнемдік ниеттің орын алғанына немесе жоқ болуына байланысты пайдакүнемдік немесе пайдакүнемдік емес болып бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар талан-тараждар және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар болып екі топқа бөлінеді:
талан-таражға — ұрлық (175-бап); тонау (178-бап); қарақшылық(179-бап); алаяқтық(177-бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету (176-бап) жатады.
Меншікке қарсы басқадай пайдакүнемдік қылмыстарға ерекше құнды заттарды талан-таражға салу (180-бап); қорқытып алушылық (181-бап); автомобильді немесе көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап); интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (184-бап); алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап); көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (183-бап); жерге заттай құқықтарды бұзу (186-бап) жатады.
Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстарға бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (187-бап); бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап) кұрамдары жатады.