Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы




Саяси мәдениет – табиғи-тарихи дамудың жемісі. Мұнда саяси мәдениеттің қалыптасуында әрбір елдің мынандай төмендегідей факторлары: геосаяси жағдай; қоғамның әлеуметтік және саяси құрылымы; қоғамдық қатынастың сипаты; қоғамдық дәстүр; ұлттық мәдениет пен ұлттық психологияның ерекшелігі т.с.с. үлкен роль атқарады. Сонымен, адамдардың саяси мәдениетін қалыптастыратын жағдайлар дегеніміз – олардың саяси процестерге қатысуы, саяси іске нақты араласуы болып табылады.

Қазіргі жағдайда саяси мәдениеттің қалыптасуының барынша маңызды жолдары мынандай: мақсаткерлік, рухани-идеялогиялық, мемлекеттің білім беру-ағарту қызметі, саяси партиялар, шіркеулер, мешіттер, бұқаралық-ақпарат құралдары, қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстар; достар арасында, отбасында, еңбек ұжымдарында, т.с.с. күнделікті жағдай деңгейіндегі кездейсоқ әсерлер, азаматтарды қоғамның қоғамдық-саяси өмірінің практикасына қатыстыру. Мұның бәрі саяси мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар оны азаматтар санасына сіңіру процесіне де қатысады, яғни саяси әлеуметтендіруге ат салысады. Саяси әлеуметтендіру өзінің күрделі әрі кереғар күшке ие болуына орай ғылымда түрліше қарастырылып жүр. Мысалы, Батыс әдебиетінде бірқатар авторлар (А.Гелен, К.Луман, М.Хабермас) саяси әлеуметтендіруді адамдардың жаңа құндылықтары ретінде қарастырса, енді бірқатары (Л.Коэн, Р.Липтон, Т.Парсонс) оны оқу процесі немесе адамдардың белгілі бір саяси міндетті атқаруға жаттығуы деп түсінеді, ал, авторлардың үшінші тобы (Э.Эриксон, Э.Фромм) мұны адамдардың ішкі процесі ретінде түсіндіріп, соның нәтижесінде сезімнің, көңіл-күйдің, көзқарастың саясаттандырылуы деп тұжырым жасайды. Еуразиялық әдебиетте (К.Гаджиев, А.Соловьев, Л.Щевчук) мұндай анықтаманы барынша кешенді сипаттама ретінде қарастырады. Бүтіндей алғанда саяси әлеуметтендіру дегеніміз идеяны, көзқарасты және дағды үлгілерін меңгере отырып, соның негізінде аса қажет жекелей саяси сапаның, сондай-ақ саяси қызмет дағдысының қалыптасуы болып табылады. Саяси әлеуметтендіру дегеніміз – саяси өмірге ену процесі. Оның қызметі, тәсілдері, мақсаты мен ауқымы белгілі бір саяси жүйенің сапасымен және оның қоғамдық саяси негізімен айқындалады[112]. Саяси әлеуметтендіру процесінде адамдар қоғамдармен араласып, ал, әлеуметтік механизм олардың байланысын қамтамасыз ететін қоғамның саяси мәдениеті болып табылады.

Саяси әлеуметтендіру – іріктелген процесс. Оның жүзеге асу барысында саяси процеске қатысушылардың мүддесіне, психологиясына және өмірлік тәжірибесіне барынша жоғары дәрежеге сай келетін саясаттағы нормалар, құндылықтар, бағдарлар мен үлгілердің игерілуі болады. Саяси әлеуметтендіру процесі адамдардың бүкіл өмірінде жүзеге асып жататын процесс болып табылады. Әлеуметтік тәжірибені жинақтау барысында жекелеген тұлғалардың өмірлік позициясы тұрақты түрде өзгеріске түседі немесе нақтыланады.

Сонымен, саяси әлеуметтендіру дегеніміз – жекелеген адамдардың қоғам жинақтаған мәдени құндылықтарды, мәртебелі іс-қимылдарды жекелеген адамдардың меңгеруінің үздіксіз процесі, адамдардың қажетті әлеуметтік-саяси сапасының қалыптасуы тиісті саяси жүйеге бейімделуіне мүмкіндік жасап, әлеуметтік пайдалы саяси шешім қабылдауға бағыттайды.

Осыған орай саяси әлеуметтендіру бүтіндей алғанда саяси мәдениеттің аса маңызды құрамдас бөлігі болып белсенді саяси қатысуға қажетті алғышарт болады.

Саяси мәдениет дегеніміз – іс-әрекет механизмі, ол адамдардың әрекет етуінде, іске қатысуында және ақыл-ойында көрініс береді. Саяси мәдениеттің қызметтік-практикалық мәні оны тарихи тәжірибені дарыту және меңгерудің аса маңызды құралына айналдырады. Тарихи тәжірибені беру құралы оны өзекті саяси процесс факторына айналдырып, саяси дәстүрге қызмет еткізеді. Саяси тәжірибенің және білім беру мен оның сабақтастығының барынша тиімді құралы тіл және саяси сана болады.

Тарихи тәжірибе көбінесе саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының сапасын айқындап, елдің саяси тәжірибесін қамтиды. Әсіресе, терең зардап шектіретін: соғыстар, революциялар, ұлттық дағдарыстар және т.с.с. тарихи оқиғалардың ықпалы өте зор.

Американдық саяси мәдениет пен континентальды-еуропалық типтегі саяси мәдениеттерге салыстырмалы талдау жүргізу барысында олардың ескерілуі тиіс ерекшеліктері бар екені аңғарылды. Мәселен, АҚШ-та саяси мәдениет Еуропаға қарағанда барынша қолайлы 1770 ж. тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасқан саяси мәдениет екенін ескеру қажет. Ескі Дүниеге – Еуропаға қарағанда АҚШ-та феодалдық сарқыншақтар әлдеқайда аз, сондықтан АҚШ-тың саяси мәдениеті бастапқы кезінен-ақ феодалдық жолдан өткен іздерінің табы әлдеқайда аз болды. Америка буржуазиясында Еуропа буржуазиясына қарағанда қуатты қарсылас болатын феодалдық аристократтар болған жоқ. Американың буржуазиясы Еуропадағы буржуазия секілді, жұмысшы қозғалыстары тарапынан қысым көрмеді.

Континетальды-еуропалық саяси мәдениеттер біршама өзгеше болып көрінеді. Еуропа елдерінің тарихи дамуы, оның өзіндік ерекшелігі саяси мәдениетке бейімділігі жағынан өзінің эклектикалығымен айқындалады. Мұндағы айырмашылықтар бірте-бірте бәсеңдеп, олар уақыт өткен сайын біліне бастайды.

Қазақстанның саяси мәдениеті де оның тарихымен, дамуымен айқындалады. Нақты айтқанда, Қазақстанда монархияның ұзақ уақыт сақталуы, буржуазиялық-демократиялық даму тәжірибесі болмағандықтан, монархиядан тоталитаризмге оның көсемшілдігімен бірге өтіп, Қазақстан саяси мәдениетінің мұндай көптеген белгілері, харизматикалық жетекшілерге деген сенім, билікке деген үрей, әлеуметтік-саяси енжарлық, қоғамды идеялогияландырудың жоғары дәрежесі, «дұшпан» іздеушілік, теңгерушілік бағдар т.с.с. арқылы айқындалады. Сонымен қатар Қазақстанның ұлы тарихы ұлттық саяси мәдениетте жалпы ұлттық мүддеде билікті пайдалануға бағдар ұстану, патриотизм, саясаттағы адамгершілік, ортақ мүдде үшін құрбан болуға дайын болушылық, т.с.с. элементтерін айқындады.

Өз халқының өткеніне барынша объективті қарау қажет. Мұнда жалған патриотизмге де, сондай-ақ нигилизмге де жол берілмеуі тиіс. Мұның үстіне өркениетті адамдар үшін өткенді көз жұма жоққа шығару кешірілмейтін жайт. Аға ұрпақ үшін мұның өзі жеке өздерінің абырой-беделден айырып, өткен жылдарындағы мақтаныш сезімін аяқасты етіп, бүкілхалықтық іске қосқан үлесін бағаламау болып қабылданады. Ал жас ұрпақ үшін өткенді менсінбеу деген, кімде-кім өткенге мылтықпен оқ атса, оны болашақ зеңбірекпен атады дегенге саяды. Өткен жолдарда, қалай болғанда да қазіргі күнге қажет және болашаққа қажет құндылықтар болады. Жоқтан ештеңе де пайда болмайды. Тарих дегеніміз – оқиғалар мен құбылыстардың үзілмес тізбегі, бұл тізбектен әлеуметтік процесс құралады.

Өткеннің тәжірибесін бүгінгі күні де ескеріп, одан болашаққа қажет қорытынды шығару керек. Тарихи зерде өткендегі қателікті болдырмауға, ондағы жағымды жайттарды пайдалануға көмектеседі.

Саяси мәдениеттің қалыптасуында экономикалық факторлардың маңызы ерекше. Тарихи тәжірибе көрсеткеніндей, қоғамның саяси мәдениеті деңгейіне қоғамдағы экономикалық тұрақтылық, заңдар жүйесінің қажетінше жетілдірілуі, қоғамда экономикалық процестерді реттеушілік, экономикалық еркіндік, орта таптың күшті позициясы және т.с.с. жайттер тікелей ықпал етеді.

Алайда, саяси мәдениетті қалыптастыруда экономикалық факторлардың ықпалы кез-келген экономикалық қатынастағы өзгерістер саяси мәдениетті шұғыл өзгеріске ұрындыруы мүмкін деп қарабайыр, келте түсінуге болмайды. Нақты қоғамдық тарихи процесте экономикалық және саяси-мәдени факторлар өзара біріне-бірі әсер ететінін мықтап ескерген жөн. Ал, мұндай өзара ықпал ету ақыр соңында саяси мәдениеттің сапасына әсер етеді.

Саяси мәдениеттің, саяси әлеуметтендірудің қалыптасуында бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы орасан зор[113]. Олар аз уақытта-ақ барынша көп адамға әсер етеді.

Саяси мәдениеттің қалыптасу процесі іс жүзінде адамдардың бүкіл өмірі бойында жүреді. Саяси мәдениеттің жекелеген адамдарға әсер ету деңгейін белгілі бір уақыт кезеңінде шамалап білетіндей өлшемдер болады. Бүтіндей алғанда, меніңше, жекелеген адамдардың саяси мәдениетін қалыптастыру деңгейін айқындайтындай үш көрсеткіш болады.

Саяси мәдениеттің көрсеткішінің бірінші деңгейі саяси таным болып табылады. Оның мынандай элементтері болады: саяси оқиғаларға ден қою дәрежесі; ақпаратты меңгеру және өзіндік пікір-байламы болу, саясат саласын терең білу.

Келесі, саяси мәдениеттің екінші дәрежесі, саяси мәдениеттің барынша жоғары деңгейі – бұл саясатқа және саяси жүйеге деген қатысы. Мұнда мынандай кезеңдердің маңызы зор: билік қызметіне баға беру; достармен, туыстармен, таныстармен т.с.с. саяси мәселелерді талқылау жиілігі; елдің саяси жүйесіне, түрлі саладағы табыстарына, халықаралық аренадағы елдің орнына деген ұлттық мақтаныш сезімінің деңгейі.

Үшінші көрсеткіш, саяси мәдениеттің ең жоғары деңгейі қоғамның саяси өміріне қатысу дәрежесімен өлшенеді. Саяси мәдениеттің мұндай деңгейі: біріншіден, жеке адамдардың саяси белсенділік дәрежесі; екіншіден, саяси өмірге қатысу түрлері; үшіншіден, мемлекеттік саясатқа қатысуы немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қатысуы; төртіншіден, адамдардың саяси шешім шығарылуына ықпал етуге бейім екендігіне және мұндай ықпал етудің әдістерін таңдай білуіне деген сенім дәрежесі. Саяси мәдениеттің жоғары деңгейі, әдетте, кімде-кім саясатқа тікелей қатысса және оның қатысуы барынша белсенді болса, оның саяси мәдениетінің деңгейі соншама жоғары болмақ.

Сонымен саяси мәдениеттің қалыптасушылық деңгейі дегеніміз – халықтың саяси ақыл-ойының жағдайы, олардың саяси оқиғалар мен процестерді түсінуі мен қабылдауы, оған қатысының сипаты, сондай-ақ, елдің саяси өмірінде адамның өзінің орнын анықтауы болып табылады. Саяси мәдениеттің бұл кезеңдерінің жағымды сипаттамасында ол қоғамның әлеуметтік тұрақтылығына, оның прогрессивті дамуына бейімдейді. Халықтың бүтіндей алғанда саяси мәдениеті төмен болған жағдайда оның субмәдениеттінің деңгейінен үлкен айырмасы болып, қоғам іріген жағдайға ұрынып, сергек саяси ақыл-ойға қарағанда көңіл ауаны (эмоция) басым бола бастайды да, мұның соңында халық демагогтар мен саяси пысықайлардың қолындағы ойыншыққа айналады. Мұнан қоғамның маңызды міндеті халықтың үйлесімді саяси мәдениетін көтеру болып табылатынын ұғынуға болады. Бұл міндет бүгінгі таңда біздің еліміз үшін өзекті мәселе болып отыр.

Қазіргі Қазақстанның саяси мәдениеті күрделі әрі кереғар оқиғалардан тұрады. Бұл күндері оқтын-оқтын қол жеткен табыстармен қатар түрлі бағыттағы саяси тенденциялар арасында күрес жүріп жатыр. Сөйтіп, түрлі субмәдениет арасында қақтығыстар болып, олардың өкілдері түрлі саяси ұстанымдарды қолданып, түрлі саяси тұжырымдарға жүгінумен келеді. Мұның бәрі саяси мәдениетті және көп ұлтты Еуразиялық Қазақстан қоғамының айырықша субмәдениеттер қалыптастыруын қажет етеді.

Қазақстан халқының кәзіргі саяси мәдениетін қалыптастыра отырып, біз алдымызға мынандай мәселені қоюға тиістіміз: біз қайда, қандай қоғамға бара жатырмыз, бұдан шығатын қорытынды, бізге қандай саяси мәдениет керек?

Қазіргі біздің қоғамның даму үрдісіне қарағанда бізге демократиялық қоғамның саяси мәдениеті, адамдардың экономикалық ерікті қоғамы, еркін кәсіпкерлік, адамдарға, олардың ақыл-ойына ізгілікпен қарау тән болатын саяси мәдениет қажет. Бізге әлеуметтік әділетті қоғамның, жоғары ізгілік және рухани еркіндік тән қоғамның саяси мәдениеті қажет[114]. Бізге іс жүзінде бейбітшілікке ұмтылған барлық халықтар мен мемлекеттер тұрақты, қалыпты, өркениетті қарым-қатынас орнататын қоғамның саяси мәдениеті қажет. Біз еліміз халқының осындай саяси мәдениетін қалыптастырып, дамытуға тиіспіз.

Жас ұрпаққа қатысты саяси мәдениетті қалыптастырып, дамыту мәселесі барынша өзекті мәселе болып отыр. Өйткені, жастар тұлғаларға айналудың шешуші кезеңінде өмір сүріп келеді, олар барлық ықпалдарды, ағымдарды, және т.с.с. барынша қағылездікпен қабылдауға бейім, олар бәрінен хабардар, бәрін көріп-біліп, естуге құмар. Еліміздің қазіргі жастары бұрынғылар көріп-білмеген таңдау жағдайында, соның ішінде саяси құндылықтарды, ақыл-ойларды таңдау кезеңінде тұр. Бұл таңдау оңай емес. Көптеген құндылықтар жоққа шығарылып, аңыздар, ескі әдеттер жарамсыз болып қалып жатыр. Міне, нақ осындай жағдайда жас ұрпақтың саяси мәдениетін қалыптастырып, дамыту оңай міндет емес.

Біріншіден, саяси мәдениетті қалыптастыру мен дамыту саясат туралы терең білім негізінде жүргізілуі тиіс. Мұнда білімді қандай көлемде және қандай мазмұнда беріп, адамдарды қандай саяси мәдениеттің өкілі етіп шығаруға тиіспіз деген мәселені айқындап алудың маңызы зор. Екіншіден, саяси мәдениетті қалыптастырып дамыту тек плюралистік тәсіл арқылы ғана жүзеге асуы мүмкін. Жастармен қарым-қатынас жасау барысында әлеуметтік өмірдің аса маңызды мәселелері жөнінде алуан түрлі пікірлер, көзқарастар, теориялар бар екенін зердесіне сіңіру қажет. Олардың бойында өзгелердің пікіріне құрметпен қарау, өзара түсіністік, кез-келген айтыс-тартысқа, пікір таласына әзір болу және өзіне қарсы пікір білдіргендермен келісімге бейім болу секілді қасиетті олардың бойына сіңірген жағдайда нәтижеге қол жеткізуге болады. Үшіншіден, жастар бірлестікке, ресми және бейресми ұйымдарға кіруге ұмтылады. Бұл – табиғи заңдылық, сондықтан олардың мұндай бастамасына қолдау көрсеткен жөн. Төртіншіден, саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық мәдениетпен тығыз байланыста болады. Ал, азаматтық мәдениет қоғамдық міндеттерді, әлеуметтік мәселелерді жеке тұлғалардың білу дәрежесін және оған қатысу деңгейін қамтиды. Сондықтан да азаматтық және саяси мәдениетті қалыптастыру мен дамыту біртұтас процесс ретінде жүзеге асырылуы тиіс. Осыған орай саяси мәдениет үздіксіз дамитын құбылыс екенін атап айтқан жөн. Мұндай құбылыс осындай саяси мәдениетті ұстанушылармен, түрлі әлеуметтік қауымдастықпен бірге дамиды. Саяси мәдениет саяси жүйенің сапалық жағын, оның өзіне тән қызметін және оның тиімділігін айқындайды.

Қорыта келгенде мынандай тұжырым түюге болады. Саяси мәдениет барынша күрделі әрі көп қатпарлы феномен болып табылады. Саяси мәдениет дегеніміз субъектілердің тікелей қызметінде көрінетін, сабақтастық негізінде қоғамның саяси өмірін жаңғыртуды қамтамасыз ететін саяси процесс, соған сәйкес тұрақты құндылықтар, ұстанымдар, таным-түсініктер, көріністер, дағдылар, үлгілер тән болатын тарихи қалыптасқан жүйе болып табылады. Халықтың саяси мәдениеті қоғамның жағдайларына, оның дамуына, әлеуметтік қатынастар жүйесінің тұрақтылығына терең ықпал етеді. Ол адамдардың әлеуметтік, саяси және еңбек белсенділігін ынталандырып, жеке азаматтық позицияға ие болуына жетелейді. Әрбір қоғамдық құрылыс халықтың жоғары саяси мәдениетін қалыптастырып дамытуға мүдделі. Бұл міндет Қазақстан қоғамы үшін бүгінгі таңда аса маңызды міндеттің бірі болып отыр.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2524 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2460 - | 2139 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.