Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


МежРегионЭнергоТранзит» ЖШС АУДИТІ




Аудит экономика ақпарат жүйесіне негізделген. Ол сонымен қатар басқарушылық шешімге негі болады. Аудит – бұл кәсіпорынның қаржылық есебінің заң талаптарына сәйкес жасалғандығын тәуелсіз түрде тексеру және ол туралы аудитордың пікір білдіруі.

«МежРегионЭнергоТранзит» ЖШС-да міндетті сыртқы аудит жүргізілмейді. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қымет туралы» Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит – ҚР-ң заңында белгіленген талаптарға сәкес қаржылық есептердің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептерін тексеру болып табылады».

ХАС 200-де былай делінген: «қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берудің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторларға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру».

Халықаралық тәжірибеде аудит бөлінеді:

· Ішкі аудит;

· Сыртқы аудит.

Аудиторлық тексеріс болуы мүмкін:

1) Жылдағы міндетті аудиторлық тексерістен өтуі қажет мекемелер шеңбері аудиторлық қымет туралы ҚР-ң заңының 4-бабында көрсетілген;

2) Ерікті аудит тексерілетін ұйымның еркімен жүргізіледі.

Қаржылық есептің әділетті құрастырылуы мен ұсынылуына кәсіпорынның басшылығы жауапты. Бұл жауапкершілік маңызды қателері жоқ қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға байланысты ішкі бақылауды қолдау мен енгізу, қалыптастыру, қажетті есеп саясатын қолдану мен таңдау, есептік бағалардың негізді болуын қадағалаудан тұрады.

Аудитордың есебі аудит стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Стандарттар аудитті этикалық талаптарды сай, қаржылық есепте маңыды қателерінің болмауына сенімділік туғызатындай жоспарлап, жүргізуге міндеттейді. Аудит кәсіпорынның қаржылық есебіндегі ашылымдар мен сомалар қолдана отырып, аудиторлық дәлелдерді алу әрекетінен тұрады. Қаржылық есептің негізгі ақпарат көзі бхгалтерлік баланс болып табылады. Балансты тексеру, оның бухгалтерлік есеп көрсеткіштерімен анықталады. «Бас кітап» көрсеткіші баланс көрсеткішіне дәлел болуы қажет. Ал, одан әрі нақты тексеру қажет болған жағдайда бухгалтерлік есептің аналитикалық көрсеткіштерімен дәлелденуі қажет.

 

Орытынды

 

Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша мынадай қорытынды шығаруға болады: ЖШС тұрақты қызмет етеді, қызметі кеңеюде, бірде табысты болса, бірде зиян шегуде.

«МежРегионЭнергоТранзит» ЖШС материалдары бойынша ондағы есеп жазылып көрсетілді, талдау жүргізілді, аудиторлық тексеріс жүргізу тәртібі анықталды.

«МежРегионЭнергоТранзит» қызметінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады және басқару жүйесінде маңызды орын алады. Ол қызмет көрсету, ақша айналымы, бөлу процестерін нақты көрсетеді және кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды, шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.

Басқару процесінің бір бөлігі бола отырып, ағымдағы қызметті бақылауға; оның стратегиясы мен тактикасын жоспарлауға; ресурстарды тиімді қолдануға; қызметтің нәтижесін өлшеп, бағалауға мүмкіндік беретін маңызды ақпарат береді. Осындай маңызды ақпараттың сенімді әрі толық болуы үшін кәсіпорын бухгалтері білікті болу керек, ережелерді, инструкцияларды және кәсіпорын қызметі мен бухгалтерлік есепті жүргізуді реттейтін басқа да нормативтік актілердің ережелерін қатаң сақтауы керек.

«МежРегионЭнергоТранзит» кәсіпорынының бухгалтерлік жүйесі және басқа да қызметтері Қазақстан Республикасының нормативтік актілері мен стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Кәсіпорынның таза кірісінің бөлігін бөлу нормативі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің келісімі бойынша мемлекеттік басқару органымен белгіленеді. Белгіленген нормативтер бойынша кәсіпорынның таза кірісінің бөлігі республикалық бюджетке есептеуге жатады. Кәсіпорын өндірілген тауарлар (қызметтер, жұмыстар) бағасы оны өндіруге кеткен кәсіпорын шығыстарын толық жабуы керек, оның қызметі шығынға қалмай және өзінің меншікті кірістерімен қаржыландырады.

Қорыта келгенде жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып кәсіпорынның қаржылық жағдайына берілді. Есеп жазылу кезінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі, активтерінің, мүлкінің құрылымы, қаржылық жағдайының өтімділігі тағы да басқа қаржылық жағдайына зерттеулер жүргізілді. Жүргізілген қаржылық талдаулардың нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң деген баға берілді. Кәсіпорын несие және төлем қабілетті. Өзіне алынған міндеттемелерді уақытында жауып отыруға мүмкіншілігі бар.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 926 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

2434 - | 2321 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.