Міндеттемелер-өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижелері болып табылады және қысқа мерзімді(ағымдағы)және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Міндеттемелер егер ұйымның қалыпты операциялық циклы кезінде төлеу балансынан кейін 12 ай ішінде жүргізіледі деп болжанса,ағымдағы мерзімді деп жіктелуі тиіс.Барлық басқа міндеттемелер ұзақ мерзімді деп жіктеледі.Шаруашылық субьекті есептеушінің қабылданған есеп саясаты мен қолданылатын нысанына қарай әртүрлі талдамалық есеп-карточкалары, ведомостар журнал және т.б.регистрін қолдана алады.Жан-жақты ойластырылған жіне жақсы қойылған талдамалық есеп тексерушіге кәсіпорын міндеттемелері үшін ішкі бақылау жүйесі жағдайына дұрыс баға беруге көмектеседі.Ағымдағы міндеттемелерге банктің қысқа мерзімді қарыздары,шаруашылық субьектінің кредиторлық берешегі жатады.Банктің қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аса уақытқа қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес беріледі,мысалы,жөнелтілген тауарлардың нақтылы құжат айналымы уақытына тең,бірақ 30 күннен аспайды.Қысқа мерзімді кредиттерді алу және өтеумен байланысты есепшоттық-кредиттік операциялар 3010-3020 «Қысқа мерзімді қарыздар» және 4010-4020 «Ұзақ мерзімді қарыздар»шоттарында есепке лынады
Яғни бұл белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы.
Міндеттемелер кәсіпорында жасалынған әр түрлі келісімдердің нәтижесінде туындайды және алынған тауарлы-материалдық құндылықтар немесе пайдаланылған қызметтер үшін келешекте жасалынатын төлемдердің заңды негізі болып табылады.
Міндеттемелер төмендегі үш белгісі бойынша анықталады:
· кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті;
· міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі;
· міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті.
Міндеттемелер өтелу мерзіміне байланысты екі түрге бөлінеді:
1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
2. Ағымдағы міндеттемелер
3010-3020 «Қысқа мерзімді займдар» мен 4010-4020 «Ұзақ мерзімді займдар»шотының аналитикалық есебі займ. Қысқа мерзімді займдар коммерциялық кредит векселі мен қарыздық міндеттемелердің «серіктестік»кредиті сипатына жиі көрінеді. Баланста алынған қысқа мерзімді займдардың дұрыс бейнелеуін тексере келе, аудитор мынаны белгілеуі тиіс:
-займ қандай мақсатқа пайдаланылған, бұл мақсаттар кредит алу келісімшарттарындағы шарттарға сәйкес пе?
- шаруашылық субьекті басшылығы қамтамасыздандыру құрамына немесе займ кепілдігіне енгенін;
- займды төлеу толықтығы мен өз уақыттылығы(банк көшірмелері бойынша)
- кредитке төленген пайыздың бекітілген келісімшартпен дұрыстығы;
- қарыз субьектілерінің алыну заңдылығымен негізділігі,сондай-ақ оларды өтеудің толықтығы мен өз уақыттылығы.
Қысқа мерзімді заемдардың алынуы және қайтарылуына байланысты операциялар 3010-3020 «Қысқа мерзімді заемдар» шоттарында жүреді.Бұлар пассивтік шоттар болып табылады және олардың қалдығы есеп беру кезеңінің қайтарылмаған қарызын көрсетеді.Субьект несиені алған жағдайда дебеттелетін шоттар:1040,1050,1070, ал кредиттелетін шоттар 3010-3020.Неиенің қайтарылу жағдайында аталған 3010-3020 шоттар дебеттеліп,1040,1050,1070 шоттары кредиттеледі. Қысқа мерзімді займдардың аналитикалық есебі займдарды берген банктердің түрлері бойынша жүргізіледі.
Қарыздарды алу және өтеу бойынша операциялардың арнайы аудитін өткізу үшін келесі көрсетілген шоттар. 3010 «Банк қарыздар», 3020 «Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызы» және 3390 бөлімшенің «Қарыздар», 3050 «Басқалар» қолданылды. Оларға «Ұзақ мерзімді қарыздар» мен «Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоттар 1040 бөлімшенің “Банктердегі аккредетивтердегі, чектердегі; карт-шоттардагы ақша,” 1050 ”Ұлттықвалютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша” 3320 Еншілес ұйымдарға кредиторлық берешек”, 3310 Берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу” және басқа шоттармен корреспонденцияда алынған қарыздар сомалары кредит бойынша, ал дебет бойынша- ақша есебі жүргізілетін шоттармен корреспонденцияда өтелген қарыздар соммасы беріледі.
Қарыздарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк ережелерімен және қарыз алушы ұйым мен банк арасындағы кредиттік шарттармен реттеледі. Бұл мақсат үшін кредиттік шарт рәсімделеді, онда кредиттеу обьектісі, қарыз беру мен қайтару мерзімдері проценттік мөлшерлемелер, оларды төлеу тәртібі, тараптардың қарызды берумен өтеу жөніндегі міндеттемелерді, құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдай көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексерген де, аудитор бәрінен бұрын баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағы қалдықтың бас кітаптың жоғарда аталған шоттарының журнал ордердің мәліметтеріне қарап сәйкестігін анықтауға тиіс.