Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Еңбекақы төлеу есебі




 

Кәсіпорынның қызметкерлермен еңбекақыны есептеудің есебін талдау жүргізгенде ең алдымен жұмысшылардың сандық және сапалық құрамын талдаудан басталады.

Талдаудың негізгі міндеттері:

– кәсіпорынның және оның бөлімшелері қызметкерлермен,сондай-ақ категория және мамандықтары бойынша қамтамасыз етуін зерттеу және бағалау;

– кадрлар ағымдылық көрсеткіштерін анықтау және зерттеу;

– еңбек ресурстарының резервтерін айқындаумен оларды неғұрлым толық және тиімді пайдалану[35].

Кәсіпорынның қызметкерлерінің сандық құрамын талдау үшін категория және мамандықтары бойынша жұмысшылардың есепті жылдың қызметкерлер санын өткен жылдың қызметкерлер санымен салыстыру арқылы анықталады. Кәсіпорынның қызметкерлердің сандық құрамының динамикасын келесі 13 кестеде көрсетілген.

 

 

Кесте 11 - 2013 – 2015 жылдар аралығында қызметкерлер санының динамикасы

 

№ п/п Көрсеткіштер атауы 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл өзгеріс(адам)
гр 4 - гр 3 гр 5 - гр 4
             
  Басшылар         -1
  Саралаудың жоғарғы деңгейiнiң мамандары          
  Құжаттарды дайындаумен, рәсiмдеумен, есептеумен айналысатын қызметкерлер       -53  
  Қызмет көрсету саласының, сауданың қызметкерлерi          
  Жүргізушілер,құрастырушылар          
  Барлығы          

 

11 кестеде 2014 жылда басшылардың саны 1 адамда көбейгенін көрсетедi, ал 2015 жылда 1 адамға азайған. Саралаудың жоғарғы деңгейiнiң мамандары 2014 жылда 67 адамға және 2015 жылда 7 адамға көбеюi оң жағдай болып табылады. 2015 жылда осы санаттың қызметкерлердiң саны 232 адамды құрайды.

Кәсiпорында құжат айналымының және есептеудің оптимизациясының көрсеткіші құжаттарды дайындаумен,рәсiмдеумен, есептеумен айналысатын қызметкерлердің санының кемуін айтуға болады,яғни 2014 жылда 53 адам, ал 2015 жылда 33 адамға кеміді.

 

Кесте 12 - 2013 – 2015 жылдар аралығында қызметкерлердің сапалық құрылымы

 

Жұмысшылар тобы 2013ж 2014ж 2015ж 2013ж.үлес салмағы(%) 2014ж.үлес салмағы(%) 2015ж.үлес салмағы(%)
1.Жасына қарай                
20 дейін            
30-40            
40-50            
50-60            
60 жоғары            
Барлығы            
2.Біліміне қарай            
Бастапқы           0,7
Аяқталмаған орташа           5,3
Орташа маманданған            
Жоғары            
Барлығы            
3.Еңбек стажы бойынша            
5дейін            
5-10            
10-15            
15-20            
20жоғары            
Барлығы            

 

Кестеде жұмысшыларды жасына қарай топтастырғанда 2013 жылы 30- 40 жастағы жұмысшылар 395 адамды құрады,ал 2014 жылды алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 3% -ға көбейіп, 455 адамды құрайды. 2013 жылы 60 жастан жоғары жұмысшылар 71 адамды құрады,ал 2014 жылды алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 2% -ға кеміп, 64адамды құрайды.Оның себебі «МежРегионЭнергоТранзит» ЖШС-ның 60 жастан жоғары қызметкерлері зейнетке шығуына байланысты азайған.

Жұмысшыларды біліміне қарай топтастырғанда 2014 жылы аяқталмаған орташа білімді жұмысшылар 100 адамды құрады,ал 2015 жылды алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 1,7% -ға азайып, 93 адамды құрайды. 2013 жылы орташа білімді жұмысшылар 522 адамды құрады,ал 2014 жылды алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 2% -ға азайып, 554 адамды құрайды. 2014 жылы жоғары білімді жұмысшылар 768 адамды құрайды, 2015 жылы-828 адам,яғни алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 4% -ға көбейген. Жұмысшыларды біліміне қарай топтау кезінде аяқталмаған орташа білімді жұмысшылардың азаюы және жоғары білімді жұмысшылардың көбейгені жақсы нәтиже деуге болады,себебі кәсіпорында жоғары білімді мамандар жұмыс істесе,кәсіпорынның дамуына ықпал етеді.

Жұмысшыларды еңбек стажына қарай топтастырғанда 2013-2015 жылдар аралығында жұмысшылардың үлес салмақтары өзгеріссіз.Олай болу себебі «МежРегионЭнергоТранзит» ЖШС-ның қызметкерлерінің сандық құрамы жыл сайын өзгеріп отырғандықтан.

Жұмыс күшінің қозғалысын сипаттау үшін келесі көрсеткіштер пайдаланады:

1. Жұмысшыларды қабылдау бойынша айналым коэффициенті = жұмысқа қабылдаған жұмысшылар саны /орташа тізімдік жұмысшылар саны (13)

2013ж - 87/1340=0,06

2014ж- 102/1442=0,07

2015ж- 45/1487=0,03

2. Жұмысшылардың жұмыстан шығу бойынша айналым коэффициенті = жұмыстан шыққан жұмысшылар саны /орташа тізімдік жұмысшылар саны

 

2013ж- 68/1340=0,05

2014ж- 72/1442=0,04

2015ж- 36/1487=0,02

3. Кадрлар ағымдылық коэффициенті = өз еркімен+жұмыс тәртібін бұзған үшін жұмысшылар саны /орташа тізімдік жұмысшылар саны

 

2013ж - 62+6/1340=0,05

2014ж- 68+4/1442=0,04

2015ж- 34+2/1487=0,02

4. Кәсіпорынның жұмысшылардың тұрақтылық коэффициенті = жыл бойы жұмыс істеген жұмысшылар саны /орташа тізімдік жұмысшылар саны.

 

2013ж- 1495/1340=1,12

2014ж- 1616/1442=1,12

2015ж- 1568/1487=1,2

«МежРегионЭнергоТранзит» ЖШС-ның шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әр түрлі ауыс- түйістер болып тұрады.

Қызметкерлердің құрамдылық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субьектідегі және оның құрамдылық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, мамандықтарын, біліктілігін жұмыс стажын, білім және басқа белгілерін есепке алады. «МежРегионЭнергоТранзит» ЖШС жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім- шарттарын жасайды.Жеке еңбек келісімшарты- жұмыс мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.

Еңбек жағдайының өзгерген кезінде жасаланатын қосымша төлемдер. Бірнеше қызметті қатарынан атқарған кезде (қызмет көрсететін аясы кеңейгенде) немесе уақытша жұмысқа келмегендердің міндетін атқарған кезде қосымша төлем жасалады.Оның мөлшері жұмыс берушімен жұмысты атқаратын еңбеккерлердің келісім бойынша анықталады (негізгі айлығының бір айдағы айлығынан пайыздық мөлшерлемесі алынады).Егер де уақытша жұмысқа келмегендердің міндетін атқарса,онда олардың айлықтарының айырмасы алынады (бірақ бұл кезде оған қосылған қосымша төлемдер мен үстемелер есепке алынбайды) және айлығындағы айырмаға ынталандыру төлемі жасалмайды.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 870 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2284 - | 2136 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.