Мазмұны
КІРІСПЕ | |
1 «МежРегионЭнергоТранзит» ЖШС-нің шаруашылық қызметіне сипаттама | |
1.1 Серіктестіктің жарғысымен, оның қызметімен танысу | |
1.2 Бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері | |
1.3 Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін талдау | |
2 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП | |
2.1 Меншікті капитал есебі | |
2.2 Ақша қаражаттары мен қаржылық инвестициялардың есебі 2.3 Қорлар есебі | |
2.4 Дебиторлық борыштардың есебі | |
2.5 Негізгі құралдар мен материалдық активтердің есебі 2.6 Еңбекақы төлеу есебі 2.7Міндеттемелердің есебі 2.8 Бюджетпен есеп айырысу есебі. Салық есебі үшін құжат айналымы 2.9 Шығындар мен табыстың есебі 2.10 Қаржылық есептілік нысандары және құру тәртібі | |
3 БАСҚАРУ ЕСЕБІ 3.1 Өндірістік шығындардың есебі 3.2 Өзіндік құнды есептеу объектісі, әдісін таңдау және калькуляциялау | |
4 «МежРегионЭнергоТранзит» ЖШС АУДИТІ | |
ҚОРЫТЫНДЫ | |
Кіріспе
Қазіргі таңда қаржылық, басқару есебінің жүйесін қалыптастыратын нақты, уақытылы берілген экономикалық ақпаратсыз шаруашылықты басқару, оны жетілдіру үшін қандай да бір тиімді шешім қабылдау, ұйымдастыру мүмкін емес.
Есеп мәліметтерін кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару үшін, қаржылық есебін құру үшін қолданады.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді..
Іс-тәжірибе уақытында мекеме еңбеккерлерінің еңбек жалақысын есептеуге және сонымен бірге есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгелдеу және тексеру жүргізуге қатыстық.
Іс-тәжірибе есебінде кәсіпорын қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысын орындадық.
Негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отырды. Тікелей кейбір еңбек құралдарын есептен шығару операциясына қатысты.
Бұл жұмыстар бухгалтерлік есепті жүргізу, шаруашылық қызметін экономикалық талдау және қаржылық есеп аудиті, салық салуды ұйымдастыру мен техникасы жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау мүмкіндігімен қатар теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етті.
Қазіргі таңда елімізде бухгалтерлік есепті одан әрі дамыту мен жетілдіру бойынша, бухгалтерлік есеп жөніндегі құқықтық актілерді дайындау мен қабылдау бойынша, халықаралық есеп стандарттарына көшу бойынша көптеген үлкен жұмыстар жүргізілуде.
Бухгалтерлік есепте капиталдың айналым сатысы деп шаруашылықтың өндіріс, жабдықтау және өткізу процесін айтады.
Бұл қызметтердің қаржылық нәтижесі барлық өндірістік ресурстар, шаруашылық операциялар, өндірістік циклдің элементтері, капиталдың айналым сатылары қаншалықты есепке алынуы, тіркелуі және өлшенуі бойынша анықталады. Бұндай аса маңызды міндетті бухгалтерлік есеп орындайды.
Талдаудың арқасында даму тенденциясы игеріледі, қызмет нәтижесінің өзгеру факторлары терең әрі жүйелі зерттеледі, жоспарлар мен басқару шешімдері негізделеді. Олардың орындалуына бақылау жүргізіледі. өндірістің тиімділігін көтеру резервтері анықталады, кәсіпорын қызметінің нәтижесі бағаланады. Оны дамытудың экономикалық стратегиясы дайындалады.
МежРегионЭнергоТранзит» ЖШС-нің шаруашылық қызметіне сипаттама
Серіктестіктің жарғысымен, оның қызметімен танысу
«МежРегионЭнергоТранзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңды тұлға ретіндегі кұқыктық мәртебесі бар. Орналасқан мекен-жайы: Қостанай қаласы, Киевская көшесі, 28 үй.
Серіктестіктің мөрі, дербес балансы, банктерде шоттары, өз фирмалық атауы жазылған бланкілері болады.
Серіктестік Қостанай облысындағы біртұтас энергетикалық жүйенің Жүйелік операторы бола отырып, мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізу қызметін көрсету, оның техникалық қызметтелуін қамтамасыз ету және пайдаланымдық әзірлікке қолдау жасау;
- техникалық диспетчерлеу бойынша қызмет көрсету, нақты баланстардың жасалуы мен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін құруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің жұмыс режімдерін орталықтан оралымды-диспетчерлік басқару;
- Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің (БЭЖ) жұмыс сенімділігін қамтамасыз ету;
- электр энергиясын реттеу және резервтеу, электр энергиясының өндіру-тұтынылуын теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету;
- электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу жөніндегі қызметтерді көрсету;
- электр энергиясының теңгерімсіздіктерін одан әрі қаржылай реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асыру;
- электр қуатының оралымды резервтерінің қажетті көлемдері мен құрылым әзірлігін қамтамасыз ету, активтік және реактивтік қуатын реттеу үшін, энергия жүйесін қорексіз күйден іске қосу жөніндегі қосалқы қызметтерді сатып алу*;
- электр энергиясы теңгермелі рыногының нақты уақыт пен жүйелік және қосалқы қызметтер рыногы режіміндегі жұмысын ұйымдастыру;
- қатарлас жұмыс істеу режимінің тұрақтылығын басқару және қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау;
- біртұтас ақпараттық жүйені, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін, реле қорғанышы мен апатқа қарсы автоматиканың түйіндес құрылғыларын құру жөнінде техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
- Ұлттық электр торабына шығу үшін теңдес шарттарды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме рыногына қатысушыларды коммерциялық және өзге де заңмен сақталатын құпияны құратын мәліметтерді қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз ету;
- электр станцияларындағы, қосалқы станциялардағы негізгі жабдықтардың, электр жеткізу желілерінің, реле қорғанышы мен апатқа қарсы автоматика құрылғыларының, технологиялық басқару жүйелерінің жөндеуге шығарылуын және олардың жұмысқа әзірлігін қамтамасыз етуді келісу;
- гидроэлектр станцияларының жұмыс режімдерін олардың су-шаруашылық теңгерімдері мен Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесі жұмысының режімдерін ескере отырып әзірлеуге қатысу;
- электр энергиясы теңгерімдерінің ұзақ мерзімді болжамын әзірлеуді жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінде нормативтік электр тогы жиілігін ұстап тұру мақсатында электр энергиясының шектес мемлекеттер энергожүйелерімен ағындарының шарттасу шамаларын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ электр энергиясының көтерме рыногы жаба алмайтын теңгерімсіздік туындаған кезде технологиялық және өндірістік мұқтаждықтарға арналған электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыру;
- Қайталанатын (шунтталатын) электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялар жобалары мен құрылысын келісу.
- Технологиялық және өндірісітік қажеттіліктерді қамтамасыз ету, іргелес мемлекеттерде және де электр энергиясының теңгеруші нарығында энергия жүйесімен электр энергиясының асқын тогының шартты ұлғаюын қамтамасыз ету үшін электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыру;
- Қостанай облысының біртұтас электр энергиясы жүйесін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару;
Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
Қызметтің негізгі түрлері болып табылады:
· электр энергиясын аралық деңгейдегі желілер бойынша жеткізу;
· желіге босату мен электр энергияны тұтынуды техникалық диспетчерлеу;
· электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгеруді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету.
Жобалық-конструкторлық бөлім мүмкіндіктеріне жобаны іске асыру тұжырымдамасын әзірлеу, жобалық құжаттаманы әзірлеу, клиенттің қолындағы құжаттамаға техникалық сараптама жасау, сонымен қатар, жабдықты монтаждау және пайдалануға енгізу кезіндегі техникалық қадағалау жатады.
Тапсырыс берушінің қалауы бойынша «МежРегионЭнергоТранзит» ЖШС жабдықты әзірлеуді ғана емес, оны өндіруді де іске асырады, өндірістің толық циклін іске асыру үшін «МежРегионЭнергоТранзит» ЖШС меншігінде қажетті жабдық пен қорлар бар, олардың ішінде: механикалық өңдеу цехі, құю цехі, металл құрылымдар цехі, сонымен қатар, құрастырушы цех.
ЖШС келесі құжаттар және нормативтік актілердің негізінде өз қызметін жүзеге асырады:
· Жарғы;
· Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстері (өзгерістер және қосымшаларды есепке алумен);
· Қазақстан Республикасының ұйымдарының қызметтік қаражат және ішкі құжат регламент белгілейтін құқықтық актілер;
· Басқа да құқықтық-нормативтік заңдар.
Заң кұжаттарында тізбесі белгіленетін жекеленген қызмет түрлерімен серіктестік тек лицензия негізінде ғана айналаса алады.
Серіктестіктің мүлкі оның меншігі болып табылатын және оның балансындағы материалдық кұндылықтар мен қаржы ресурстарын құрайды (негізі және айналам құралдары басқа мүлік).
Кәсіпорын мүлкінің құралу көздері болып:
- құрылтайшыларының жарғылық капиталға қосқан үлестері мен олардың қосымша мүлікке қосқан жарналары;
- серіктестіктіңөндірістік қызметтер түскен табыстары;
- несиелер;
- заң актілерінде тиым салынбаған басқа да қызметтерден түскен табыстар.
Серіктестік мынадай құқыққа ие:
1) Заңда және серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысуға;
2) серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;
3) серіктестік қызметінен серіктестіктің құрылтай құжаттарына және оның жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға;
4) серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға;
5) Заңда көзделген тәртіппен өз үлесін бөліп алу арқылы серіктестікке қатысуын тоқтатуға;
6) Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқылы.
ЖШС «МежРегионЭнергоТранзит» 2 органнан тұрады:
1) серіктестіктің жоғары органы - оның қатысушыларының жалпы жиналысы (жалпы жиналыс);
2) серіктестіктің атқарушы органы (жеке-дара немесе алқалы) болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысында серіктестіктің байқаушы (байқаушы кеңес) және (немесе) бақылау (тексеру комиссиясы, тексеруші) органдарын құру көзделуі мүмкін.
Серіктестік қатысушыларының аталған құқықтарын шектейтін серіктестік жарғысының және кез келген басқа құжаттардың, шешімдердің ережелері жарамсыз болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы жалпы жиналысқа жеке өзі немесе өкілі арқылы қатыса алады.
Серіктестіктің органдарымен болып табылады:
· серіктестіктің жоғарғы органы – оның қатынасушыларының жалпы жиналысы (жалпы жиналыс);
· серіктестіктің атқарушы органы – директор;
· серіктестіктің бақылау органы – тексеруші.
Серіктестігінің жоғарғы органы қатынасушылардың кезекті не кезектен тыс жалпы жиналысында шақырылады.