1. Қатысушылардың өзіндік бағалауын қолдау.
2.Топта сенімді және жылы атмосфера туғызу;
3. Өзін-өзі көрсетуге жағдай жасау;
4.Топтағы қарым-қатынас үрдісін зерттеу және мағынаны қалыптастыруға жағдай жасау;
Тренинг өз мақсатына жету үшін –
1-ден әр адамға өз ойын айтуға мүмкіндік беру.
2-ден өзіндік сезім мен алған әсерлерімен бөлісу.
3-ден әр қатысушының әмбебаптылығын сақтау.
Серіктесіңіздің айтқан пікірін тыңдап, бірге талқылау әрекеттерін жүзеге асырған дұрыс.Әр жаңа сабақты миға күш түсірмейтін жеңіл жаттығудан бастаған жөн. Оның мақсаты – қысымды шығару және жалпы эмоцианалды қызығушылық тудыру. Содан соң мақсатты түрде қатысушыларға өткен сабақты еске түсіріп, өздерінің пікірлерін және сезімдерін бөлісуді ұсыну. Әрі қарай негізгі бөлімдегі арнайы жаттығулар жүргізушінің талқылануымен орындалады. Тренинг қорытындысында өткен сабақтарды еске түсіріп, алған сезімдерімен бөліседі және ұсыныс берілді.
Топтық ережелер. Егер қатысушылар тренинг ережелері мен тәртіптерін нақты білетін болса, топтағы талқы сауатты өтеді. Ережелер сипаттамасы төменде берілген:
Бір-біріңді тыңдай біліңіз. Бұл сөйлеушінің көзіне қарап, сөзін бөлмей тыңдау ережесін білуді қажет етеді. Сөйлеуші сөзін аяқтаған соң, келесі сөзді алушы айтылған ақпаратқа қысқаша тоқтала кетіп, содан соң өз пікірін нақты білдіруге болады. Барлық назар сөйлеушіде болуы үшін тренинг сабағында кішкене ойын добын қолдануға болады, ал диалогтарда қатысушылар допты бір-біріне лақтырып отырады.
Берілген тақырып бойынша сөйлеңіз. Кейде қатысушылар талқылап отырған тақырыптан ауытқып кетеді. Мұндайда жүргізуші оқушыға «Мен толық түсінбедім, бұның біз талқылап отырған тақырыппен қандай байланыстылығы бар? Не айтқыңыз келгенін толықтырсаңыз» дегені абзал. Бұл қатысушының тақырыптан ауытқып бара жатқанын түсінуге көмектеседі.
Өз сезіміңізбен бөлісіңіз. Топтағы әр қатысушы өз пікірін білдіріп өтуі тиіс. Өз ойымен бөлісуге тырысқан қатысушыны мадақтап отырған жөн. Қатысушыларға олардың пікірлерін сыйлайтындығын және бағалайтындығын сезіндіруге тырысыңыз. Егер қытысушы бұрыс пікір айтып жатса, сіз: «Сіздің айтып отырғаныңыз дұрыс және онымен барлығы келіседі, дегенмен...» деп жауап бергеніңіз дұрыс, яғни тренингке қатысушы ыңғайсыз жағдай да қалмауы қажет. Сонымен қатар қатысушы өз пікірін білдіруден бас тартуға құқылы екенін ұмытпағаныңыз дұрыс.
Барлық қатысушыға құрмет көрсетіңіз. Пікір алмасу ашықтығы өзгелердің пікірімен келіспей, өз ойын жеткізуден және өзгенің пікірін бағалаудан қашық болудан көрінеді. Қатысушыларға өзге адамдардың намысына тимейтін пікірлер айтуын ұсыныңыз. Сонымен қатар сіз ақымақ сауалдардың болмайтынын есте сақтаңыз. Әр сауалдың өзіндік құндылығы болады. Қатысушыларды әр қойылған сұрақтарға жауап міндетті түрде берілетіндігіне және қойылған сұрақтардың барлығы бағаланатындығына сендіріңіз.
Топ арасында дұрыс қарым-қатынас орнату үшін топ өзінің тәртіптері мен ережелерін құруы қажет. Топ ережесін құрудың бірнеше нұсқаулары бар. Тренинг сабағына қатысушылар өздерін қауіпсіз және сенімді сезінулері үшін ереже құруды топтың өзіне ұсынуға болады. Жүргізуші айтылған ереже нұсқауларын ватманға түсіріп отырады, соңынан қысқаша талқылаулар орын алады:
Қол көтеру ережесі – пікірлерін кезекпен айту. Бір қатысушы өзінің пікірімен айтып жатқанда, екіншісі тыңдайды және өзіне сөз алудан бұрын қол көтереді.
Бағалаусыз – айтылған әр түрлі көзқарастарды бағалаудың қажеті жоқ.
Құпиялылық – тренинг сабағында айтылған пікірлер қатысушылар арасында қалады.
«Тоқта» ережесі – егер қатысушының жеке тәжірибесіне жағымсыз пікірлер айтылып жатса, айтылып жатқан тәжірибе иесі көзін жұмып: «Тоқта» деп айтады.
Топ ережесін ватманға құр сөзбен жазбай, символдарды қолдана отырып, ережелер суретін салуға болады.
Гештальт терапия
Әрбір адам тұтас, яғни оның денелік, эмоционалдық және рухани қажеттіліктері бірдей маңызды және бір-бірімен тығыз сабақтас. Өмірді толыққанды сүру үшін өзіңді жақсы түсінуің қажет. Яғни - өзіңмен барлық деңгейде жақсы контакт ұстану. Өзіңді жақсы білу бақытты өмірді құрудың маңызды шарты болып табылады.
Адам өз бетінше тірлік ете алмайды, керісінше ол өзі өмір сүретін әлем бөлігі болып табылады. Өз қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы қамқорлық тек қоршаған кеңістік пен басқа адамдарға қамқорлықты бірлестіргенде ғана табысты болады.
Өз мұқтажыңды басқаның қажеттіліктерімен қалай үйлестіру, қай сәтте өзің туралы көбірек қамқорлық жасау, ал қай кезде айналадағылардың қызығушылықтарын басым ету – бұл мәселелерді бірден және түбегейлі бір ғана тәсілмен шешуге болмайды, керісінше қайта-қайта және қайтадан өзгеріп тұратын өмірлік жағдайларда, оқиғаларда қайта шешуге тура келеді.
Бала жас кезінде әлеммен өзара әрекет етудің белгілі бір тәсілдеріне үйренеді. Ол есейгенде, бұл тәсілдер көбіне ескірген болып шығады. Бұл үйреншікті тәсілдерді, тек жалғыз мүмкін болар ретінде қабылдап, адам олар «жұмыс істемеген» жағдайда қиындықты бастан кешіреді. Гештальт-терапевт адамға өз тәсілдерін қайтадан түйсінуге және бүгінгі күн үшін жаңасын, барынша жарамдысын қайта құрастыруға көмектеседі.
Әрбір адамда қанағаттану әкелетін және дәл осы адамға барынша максималды сәйкес келетін теңдесі жоқ өз өмірін құру үшін потенциалды мүмкіндіктер бар. ГЕШТАЛЬТ – бұл өмірді барынша толыққанды сезінулі және барынша ойлы етуге мүмкіндік беретін тәсіл. Ол адамдарды тек өмір жөнінде ойлауға үйретіп қана қоймай, сонымен бірге оның барлық көріністерімен күйзелуге, өзінде жаңа және жаңа ресурстарды ашуға, қоршаған әлемнің және өз тұлғасының жаңа қырларын көруге және сезінуге үйретеді. Сондықтан гештальт – бұл жәй ғана психотерапевтік тәсіл ғана емес, керісінше оны біртіндеп қайта түрлендіретін өмір салты.
Гештальт-тұрғының позициясы турасында адам тұтас сан қырлы тірлік иесі – бір мезгілде жануарлық, психологиялық, социалдық және рухани болып табылады. Гештальт-тұрғының мақсаты – түйсіну, саналы ұғу тәжірибесін ұдайы кеңейту және сол арқылы барынша мол тұтастыққа, психологиялық және физикалық денсаулықтың барынша жоғары деңгейіне қол жеткізу.
Гештальт-терапия адами проблемалардың барынша кең шеңберіне қолдануға балатын әмбебап психологиялық тәсіл болып табылады. Олардың кейбір мыналар:
- клиникалық психотерапия;
- отбасылық психотерапия;
- тұлғалық өсуге және коммуникацияны жақсартуға ұмтылатын адамдарға арналған тренингтер;
- әр түрлі кәсіби топтардың өкілдеріне (мысалы, педагогтар, менеджерлер) арналған тренингтер;
- гештальт-педагогика;
- ұйымдарға консультация жасау.
Гештальт-терапия практикасының негізгі мақсаты – бұл түйсінуді кеңейту. Адами проблемалардың орасан зор саны анықтықты шынайы түйсіну интеллектуалдықпен, және көбіне ол туралы жалған алмастырулармен сабақтастығына байланысты, мысалы адамдардан не күтуге болады, олар маған қалай қарайды, менің нені қалауым керек және не істеуім қажет туралы. Мұндай жалған елестетулер анықтықты көлегейлейді және организмнің қажеттілігін қанағаттандыруды қиындатады – гештальттың қалыптасу мен бұзылу үрдісі ауытқиды.
Гештальт-терапия егер адамдар ішкі және сыртқы анықтықты айқын түйсінуге жетсе, онда олар өз бетінше барлық өз проблемаларын шешуге қабілетті дегенге сүйенеді. Сондықтан терапия мінез-құлықты өзгертуді өз мақсаты етіп қоймайды, мінез-құлық түйсіну өскен сайын өзгереді.
75 «Жазғы жаңбыр»
Мақсаты: қажуды түсіру, қиындықты жеңуге жағымды эмоцияны орнату.
Нұсқау: текстті жай, бос оқылуы қажет, бала көзін жұмып тыңдайды.
Қапырық жазды өзіңе елестетші. Бір кезде қайдан келгені белгісіз бұлттар пайда болды, жел соқты, жолда дауыл құйындады. Найзағай жарқылдады, күн күркіреді. Найзағайдың жарқылы мен күннің күркілдеуі жақындай берді. Міне бұл менің алдымда. Жарқылдап, күркіреді. Бірақ мен найзағайдың жарқылынан да, күннің күркіреуінен де қорықпаймын. Жазғы найзағай тез өтіп кетеді, күн қайта шығады, табиғат жаңарды. Күн демалды. Мен оның көгілдір аспанда жалтырағанын сеземін. Бүкіл киімдерім суланып қалды. Денемнен жылы бу шығып жатыр. Бірнеше минуттан кейін барлығы кеуіп қалады. Тамшы, тамшы, тамшы... Әрбір жаңбырдың тамшысында кішкентай күн шоқтайды. Мен жазғы найзағайға ашуланбаймын. Ол маған үлкен қуаныш әкелді. Кімде кім жылы жаңбырдың астында тұрса, саңырауқұлақ секілді өседі. Сенде мықты және денін сау болып өсесін.
Психогимнастика«Жайлау»
Мақсаты: қажуды түсіру, жағымды эмоция алу, қиындықтарды жеңуге арналған ұстанымдар.
Нұсқау: «Жайлау»
Өзіңді ең әдемі жерде тұрғаныңды елестет. Бұл өте үлкен жайлап тұрған жайлау. Онда шөптер көгеріп жатыр. Сен өзіңнің аяғынның таңертеңгі шөптің үстінде жүргенің сезесін. Сенің денеңді салқындық жамылды, нәзік жел үрді. Бүкіл денеңмен сол таза, салқын ауамен тыныс ал. Мүмкін сен теректердің шуын, құстардың әнін естіп тұрған шығарсын, мүмкін тек тыныштықтың дыбысын естіп тұрған шығарсын. Өзіне жаңа күштің құйылуын сезің. Әрбір денеңнің бөлігімен жазғы жайлаудың әдемілігін және кристалды сергітетін ауаға сіңіп кет. Бұл сезімдерді ұмытпа.