Лекции.Орг


Поиск:




Педагогтың кәсіби өзіндік санасын қалыптастыруға бағытталған тренингтер




Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек.(ұстаздарға арналған тренинг сағаты)
Мақсаты: Ұстаздарды жаңашылдықа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру.
Міндеті: Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту. Мұғалімнің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру. Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мимика мен түсіндіру,опликация, ой бөлісу және пікір алмасу.

Тренинг ережесі:

1. Белсенділікті арттыру

2. Бірігіп жұмыс істеу

3. Бір-біріне кедергі келтірмеу

4. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену

5. Өзіме пайдалы нәрсені алу

6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу.

7. Өзімді еркін ұстауға үйрену
«Жан жылуы» жаттығуы. Қолддарынан ұстап бір-біріне төмендегі сөздерді хормен айтады.
Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды)
Жүрегіме саламын (тура қарайды)
Досыма сыйлаймын (оңға қарайды)
Сәттілік тілеймін (тура қарайды)
«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы: Қобдишаны бір-біріңнің қолдарыңа бересіздер, қобдишаны алған адам оны ашып ішіне қарайды. Оның ішінде кішкентай өзеннен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер. Оған күліп қарауларыңыз керек. /////«Жемістер жинау» жаттығуы: Құрметті әріптестер қазір сіздер мына жемістерден өздеріңіз қалағанын алып, себеттерге саласыздар.(осыған байланысты үш топқа бөлеміз, әр топ өздеріне ат қояды,топ басын сайлайды)

41. Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас Психология және педагогика ғылымындағы зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, қарым-қатынастың төмендегі бірнеше стилдерін атап өтуге болады:

- авторитарлық стиль;

- өктемдік стиль;

- демократиялық стиль;

- дистанциялық стиль;

- немқұрайлық стиль;

- ойнақы-қалжыңға негізделген стиль;

- аралас стиль.

Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.

Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:

- жеке тұлғаны дамыту;

- қатысушылардың әлеуметтік – психологиялық компонентілігін, білімін көтеру;

- қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;

- өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;

- өзін-өзі және басқаларды толық тану;

жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету

Қарым-қатынас қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды қолданудың мақсаты мына міндеттерді шешеді:

- тиімді қарым-қатынасқа машықтау (байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру);

- эмпатиялық дамыту;

- сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан, қарым-қатынастағы қиындықтардан арылу;

- тиімді қарым-қатынасқа деген дайындығын дамыту;

- айналадағылармен қатынаста адамгершілікті дамыту;

- тыңдай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлігін игеру;

- қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;

- байланыс жасау іскерлігін меңгеру;

- өз коммуникациялық ерекшеліктерін сезіну;

- өзгелердің қызығушылығымен санасу және оны есепке алу іскерлігін қалыптастыру;

ашықтық сезімді, адамдарға деген сенімді дамыту;

Топтық дискуссия – ол үлкен топтарда коммуникативтік әрекеттегі пікірталас. Кез келген мәселені талқылау барысында ой-жүйесін біріктіруге, дамытуға жаңа ойлардың туындауына түрткі болады.

Іскерлік әңгімелер – көпшілік алдында тұлғаға сұрақ қою арқылы интервью алу болғандықтан диалогты қарым-қатынас орнатылады. Ал сұрақтар қоюшының қиялынан туындаған түрлі мазмұнда болуы тиіс және ол топта талқыланады. Сонымен интервьюдің құрылымы талқыланып, айтылу барысы, стилі, қатысушылар мен қарым-қатынасты ыммен ғана түсінуі, яғни әңгіме барысында ым-ишара, күлімдеу, мақұлдау және т.б. қарым-қатынас құралдары қолданылады

42. Дауды шешудің ең жақсы әрі жеңіл жолы – одан қашу. Алайда кейбір жағдайларда өз дегенінен қайтпайтын адамдарға өзіңіздің дұрыстығыңызды дәлелдеп, оны сендіртуге тура келетін жағдайлар болып жатады. Төмендегі 10 кеңес осындай жағдайда жеңімпаз атануға көмегін тигізеді.

Жинақы және сыпайы болыңыз

Бәрінен бұрын адамның намысымен ойнамаңыз: оны ренжітіп, кемсітудің қажеті жоқ. Бұлай сіз ештеңені дәлелдей алмайсыз. Сосын ол әлемдегі барлық нәрсені теріске шығару позициясына көшеді (антогонизм). Ал осындай жағдайда адамның бір нәрсеге көзін жеткізу мүмкін емес.
Бірінші кезекте нақты дәлелдер

Алдымен өз ұстанымыңызға қатысты орынды дәлелдерді айтып өтіңіз. Ұсақ-түйектен бастаудың қажеті жоқ. Бірден зілді дәлелден бастаңыз, кейін қосымша күш ретінде майдаларына көшіңіз.
Сенімге ие болу

Өз статусыңыз бен имиджіңізді көтеруге тырысқан абзал: оны жеке тәжірибеңізден білетініңізді және онымен бірнеше жыл айналысып жүргеніңізді, нақты нәтижеге қол жеткізіп немесе әжептеуір ақша тапқаныңыз жайлы дәлелдер келтіріңіз.
Қулық танытыңыз

Мықты қару ретінде келесі сөзді қолданыңыз: «Иә, дәл осы жерде сенікі дұрыс, жақсы ой, бірақ мынада мүлдем қателесесің...». Адам өз ойын байқағанын сезгенде, қарама-қарсы отырған адамның ойына да құлақ асуы мүмкін.
Жағымпаздық

Адамды мақтаңыздар! Комплименттер, әсіресе күтпеген жерден айытлған комплименттер әрбір адамды қуантары сөзсіз. Ал бұл сізге керектінің нағыз өзі – қарсыласты босаңсытып, оның жағдайды бақылауын азайту.
Ретті пікір бірлігі

Реттіліктің ережесі: адамға алдымен ол келісіп отырған затты айтыңыз (тіпті ол айқын нәрсе болса да), ал содан кейін өзіңіздің көзқарасыңызға көшіңіз. Мұндай жағдайда келісімге келу ықтималдылығы бірнеше есе жоғары.
Әңгімені қауіпті тақырыптарға бұрмаңыз

Жанжалды одан әрі шиеленістіретін және де өзіңіздің әлсіз жеріңіз болып саналатын тақырыптардан аулақ болыңыз. Егер болған жағдайда, бірден әңгімені бөліп «Әңгімеміз қазір бұл жайлы емес», «Мұның бізге еш қатысы жоқ, іске қатысы бар тек...» деп айтыңыз.
Әрбір ұсақ нәрсені бақылып отырыңыз

Қарсы отырған адамның әрбір әрекетін бақылаңыз. Ол сізге көп нәрсені көрсетуі мүмкін. Вербалды емес іс-әрекет – бұл дене күйі, ишарат, мимика. Егер қандай да бір дәлелден соң, адам денесінен оқшау қимылды байқасаңыз, сол дәлелді кеңінен ашып, толық түсіндіріп беруге тырысыңыз. Себебі бұл сіздің ең салмақты дәлеліңіздің болғаны және соның салдарынан қарсы сөйлеуші күйгелектеніп отырған болуы керек.
Адамдар пайда мен тиімділікті сүйеді

Сіздің айтқандарыңыздың оған өте пайдалы және тиімді екенін, ал оның ұстанымы өзіне түбінде еш нәрсе әкелмейтініне қарсы сөйлеушінің көзін жеткізіңіз.
Күтпеген жерден ілтипат танытып, құрмет көрсетіңіз

Қарсы пікір білдірушіні ентелей тыңдаңыз, тіпті ол сіздің ашуыңызды келтірсе де тыңдаңыз: әрбір адам өзіне көрсеткен құрметті лезде байқайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1329 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

758 - | 714 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.