Тәжірибе көрсеткендей психолог ертелі-кеш тренинг таптың жүргізушісі болуды байқап көреді. Бұл жағдайда дайын схема немесе сценарийге жүгінуге болады.
Топтық тренинг жұмысының мазмұны тренердің тұлғасына байланысты. Осыдан шығатын қорытынды - әр тренинг тренердің құруына байланысты болады.
Негізі тренинг тақырыпты анықтаудан бастап құрылады. Ол, әрине, топ құрамына, уақытқа, нақты талқыланатын прблемаға байланысты болады.
Тренингті ұйымдастыру процесі көптеген еңбек көздерінен көруге болады. Тек ондағы ескеретін жағдай ол сол тренер құрған, қайталанбас нұсқасы болып табылады. Егер тәжірибеге сүйену керек болса, мына авторлық программалардан бастап танысқан жөн:
И.В.Бачков, А.Г.Лидере, Г.И.Марасанов, Б.М.Мастеров және т.б.
Тренингті кеңістікте ұйымдастыру туралы айтқанда қатысушыларадың қалай орналасатыны туралы көрсетіледі. Тренингті ұйымдастыруда көбінесе шеңбер болып отырады. Шеңбер қатысушыларды бір деңгейде орналастырып, барлығын бір-бәіріне бетпе-бет қарауға мүмкіндік береді., бірақ мысалы, бизнес-тренингтерде шеңбер қолданбауға болады.
Тренер тренингті ұйымдастыруда қатысушыларға қойылған мақсатқа байланысты кеңістікте өзгерістерді енгізуіне болады:
әр қатысушының ішкі әлемімен жұмыс жасай отырып, олардың кеңістікте ыңғайлы орналасуын қадағалайды.
Проблемаларды Қазір және осында жүзеге асыруы үшін кеңістікке арнайы жағдай туғызады.
Егер топтық тренингті ұйымдастырудың маңызды аспектілерін көрсетсек, мыналарды айтуға болады:
А) тренердің біліктілігі қойылған мақсат пен міндетке сәйкестігі;
Б) бөлменің барлық нормаларға сайц келуі (санитарлы, техникалық)
В) бір топта жұмыс жасай алатын адамдар тобының құрылуы
Г) тренинг бағдарламасының дұрыс құрылуы.
Ясвин В.А. білім беру саласындағы тренингті ұйымдастыруда «режим» түсінігін қолданды, яғни, әлеуметтік психологиялық тренинг үшін 1 аптаға созылатын (30 немесе 36 сағат) кіүніне 6 сағат сабақ өткізуге болады, бұл кезде оқытушылар каникул кезінде келеді және оқытушылармен 3 күндік демалыс күнінде 10 сағатқа созылатын тренинг-марафон жүргізуге болады. Оның ойынша, ең тиімдісі 30 сағат апталық тренинг және олар «кездесу топтары» болып айына 1 рет кездесіп тұра алады.
59.Тренинтің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар.
Санитарлы-гигиеналық нормалар.
Психологиялық талаптар мен техникалық жағдайлар мынаны көрсетеді:
1) бөлме қолайлы, дыбыстық оқшауланған, өзге адамдар кедергі жасай алмайтын, ауа айналып, тазартылып тұратын болу керек. Әр қатысушыға кем дегенде 5м2 келсе тиімді болады.
2) Қатысушыларға басқа да іс-шаралар ұйымдастырылған бөлмеге тренингті өткізуге болмайды.
3) 10-15 минуттық үзілістер 1,5-2 сағат сайын болып тұру керек. Жұмысты аяқтау бағдарлама блогінің аяқталуына байланысты болады.
Ал егер балалармен жұмыс жасағанда мына ұсыныстарды қолдануға болады.Топқа ыңғайлы келетін жұмсақ кілем жайылу керек.
Жиһаздың трансформациялануы (орындықтар мн үстелдерді еркін ауыстыруға мүмкіндік).
Жиһаздың аз болуы
- әр қатысушыға үстел мен орындық;
- тақта (плакат пен флип-чарт ілу үшін);
- түрлі түсті қарындаш (фломастар), әр қатысушыға бояу мен қылқалам;
- қалың парақтар (А4 немесе А5);
- картон карточкалар (9*12см);
- мата немесе поролонды матрац;
- тьүрлі ойыншықтардың жиынтығы;
Міндетті емес жиһаздар:
- теледидар;
- видео-аудиомагнитофон;
- компьютер;
- қабырғаға ілінген, жапқышпен жабылатын айна.
Сабақтың уақыты (жасқа тәуелді)
Әр тренинг сағатының ұзақтығы 35-45 минут (6-10 жастағы бала үшін), 3-4 сағат (11-16 жастағы бала үшін) бір 10 минуттық үзіліспен.
Жиілігі: аптасына 10реттен кем емес; 14-16 жастағы балаларға демалыс күндері тренинг-марофон ұйымдастыруға болады (күніне 6 сағаттан)
2. Ұйымдастуры жағдайында қатысушыларға да талап қойылады. Нақтылап айтқанда, ең маңыздысы топтың көлемі. Мамандардың айтуы бойынша ол қойылған мақсат пен міндетке сай болу керек, бірақ көбіне мына параметрлер оптималды болады: кем дегенде 3-4 немесе 30 қатысушыға дейін. Тұлғалық өсу тренингісінде 8-15 қатысады.
Қатысушыларға қойлатын келеси талап – тұлғалық дайындығы және мотивациясы. Негізгі талапқа сай тренингке қатысушының психологиялық денсаулығы: психологиялық орғанысы төмен, үйрену қабілеті жоғары, психологиялық дені сау адам тренинг мүшесі бола алады.
Қатысушылардың өз еркімен тренингке қатысуы кәсіби-этикалық талапқа жатады. Психолог тренингке шақырғанда тренингтің мақсаты жеткілікті түрде түсіндіріліп, мотивация тудыра алу қажет. Психологқа заң тұрғысынан да жауапкершілік артылады. Атап айтқанда, 14 жасқа толмаған бала тренингке қатысу үшін ата-анасының рұқсаты қажет болады.
Топқа қойылатын тағы бір талап - топтың құрамы. Мақсатқа байланысты топ гомогенді және гетерогенді, ал егер, жақын адамнан айырылған адамға қолдау көрсету мақсатында болса гомогенді болғаны дұрыс.
Тренигті өткізудің ерекшелігін айта отырып, топ қалыптасуының критериін көрсетуге болады.
Психотерапияда қолданылатын мінез-құлықтық тренинге қатысушыларды таңдау былай жүзеген асады:
1) психотерапияның негізгі курсын тиімді өту;
2) мінез-құлықтық тренингті өту үшін көрсеткіштің болуы;
3) қатысушылардың мотивациясы.
Лидере А.Г. топтық жұмыстың үш модусына негіздеп мынаны көрсетеді:
- психотерапия өткен кезде қатысушыны таңдау принципіне дәрігердің жолдамасы керек.
- Психологиялық оқыту тренингісіне қажетті принцип - өзге адамның шешімі (бастықтың, маманның);
- Тұлғалық тренингте – қатысушының өзіндік шешімі маңызды.
Мәдениетаралық тренингке таңдау жасалғанда келесідегілер есепке алынады:
1) этикалық толеранттылық деңгейінің қалыптасуы – жағымды бекітілімнің болуы.
2) өз сыныбында жасөспірімнің жоғары социометриялық статусы – этносаралық өзараәрекеттік қалыптасқан дағдылар өзге мектепке барғанда да тұрақты болуы үшін.
60.тыныс алу жаттығулары
Тыныс алу дегеніміз – мүшелер қызметінің тіршілігін реттейтін, ағзаның негізгі тіршілік көзі екені әлі де жеке адамның толық түсіне қоймаған мәселесі.
Біздің ағзамызда патологиялық және функциялық өзгерістер болған кезде, тіпті көңіл-күйдің кенет өзгерген кезінде де, ең әуелі тыныс алу жүйесі өзінің мінездік сипатын өзгертеді. Бірде қан қысымының жоғарылауы, бірде төмендеуі, немесе кенеттен ентігу де пайда болады. Осы кезде кез келген адам ауа кеңістігіне шыққысы келеді, немесе басқа жерде отырып тыныс алғысы келеді. Мұның барлығы да екінші бір сигнал (хабар беру) жүйелері арқылы ми қорытындысын тітіркендіруден туған ағзаның әр түрлі өзгерістерінің нәтижесі.
Тыныс алу жаттығулары – ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартуды көздейді. Ұзаққа созылған созылмалы науқастардың (тыныс демікпесі, созылмалы бронхит, демікпе, өкпенің қабынуы, т.б.) тыныс мүшелерінен басқа да көптеген ас қорыту мүшелері мен қан айналымдары және жүйке жүйелерінің жұмыс істеу қызметтерінің бұзылуын орнына келтіретін негізгі емделу құралы. Тыныс алу жаттығуларының негізгі мақсаты – онымен үзбей шұғылдану, осы аталған науқастардың алдын алады, ұзақ өмір сүрудың негізін қалайды.
Тыныс алу жаттығуларының негізгі құралы – ағзаның тыныштық қалпындағы орындалатын және қозғалыста орындалатын жаттығулар.
Тыныс алу жаттығуларының қолданылуы, адамның өзін-өзі емдеу мақсатында болғандықтан, жалпы жаттығулардың орындалуы ағзаның қозғалуына негізделген. Мұны қолданбалы жаттығулар деп атайды. Бұл қозғалыс жаттығулары жүру мен жүгіруге негізделген. Шаңғы тебудегі жүрісте осыған негізделген. Әр адам өзінің шамашарқына, яғни, ауруының қаншалықты созылмалы жағдайына қарай қолданылады.
Осылайша, тыныс алу жаттығулары бірінші жүруден басталады. Алғашқы кезде жайлап жүріп, содан кейін жүріс қозғалысы үдетіледі. Үдемелі жүрістің өзінен де тыныс алу мүшелеріне жүктеме түседі. Бірақ, бұл жүктеменің өзі де науқастың қандай деңгейде екеніне байланысты. Бұдан ары қарай жүгіруді бастауға болады.
Жүгіру – ағзаның барлық мүшесі жұмыс істегені өз алдына, негізгі жүктеме тыныс алу органдарына түседі. Жүгірген кезде, яғни, тыныс алу органдарына жүктеме түскен кезде бүкіл ағза жұмыс істегендіктен, ең әуелі қан айналысы жүйесі реттеледі.
Ал ағзаның тыныштық қалпында орындалатын жаттығулардың өзіндік рөлі жоғары. Әр адам өзінің науқасына қарай, тыныс алу жаттығуларын тыныштықта орындайды. Қолданбалы жаттығуларды орындау міндет емес. Сырқаттың мазмұнына қарай үй жағдайында да шұғылдануға болады.
Жалпы емделудің қандай жолы болсын, нәтижесі үзбей, ұзақ уақытқа созылған шұғылдану кезінде белгілі болады. Тек тыныс алу жаттығуларымен шұғылдану ғана емес, адам баласы жалпы сауығу мақсатында қандай жолмен, немен емделсе де үзбей, тұрақты түрде жалғастыруы керек.
Терен, тыныс алып, одан кейін біртіндеп бәсеңдеткен кезде өкпенің көлемі үлкейеді. Әдетте, адам орта есеппен минутына 16-20 рет дем алады. Ал тыныс алу жаттығуларымен айналысатын адам минутына 3-6, тіпті 1-2 рет қана дем алғанның өзінде ағзаға түскен жүктемені де сезінбейді, бірақ өзін жақсы сезінеді.
Біркелкі дем алудан ырғақ бұзылмайды. Бұл жерде әңгіме дем алу циклдарының уақыты туралы болып отыр.
Оқушылардың тыныс алу жаттығуларын орындауы, мүмкіндік болғанша мамандардың бақылауында болғаны дұрыс. Себебі, тыныс алу жаттығулары жеке бастың науқасына байланысты пайдаланылады.
Билет
Тренингтің нормалары мен принциптері Тренингті бастау алдында жетекші маңызды сұрақтарды қарастырып, тренинг шарттарымен таныстыруы тиіс. Жетекші тренингтің барлық нормаларымен және принциптерімен таныстыруы тиіс:
1. Ұстаным бойынша қатынас «осында және қазір». Көптеген қатысушыларға тренинг жұмысы өткен және болашақтағы оқиғаларды талқылау. Бұндай жағдайда психологиялық қорғаныс механизмі іске қосылады. Бірақ тренингтің басты идеясы мынадай жағдайдан тұрады, ол топтың үлкен айнаға айналуы немесе айналар жүйесін құруы, осында әрбір қатысушы жаттығулар барысында сол айнадан өзін көре алуы тиіс. Бұл өз жетімісін беруі мүмкін, егерде топта кері байланыс жақсы дамыған болса, және қатысушылардың бір-біріне деген үлкен сенімі.
2 Жеке-дара пікір айту ұстанымы. Бұл ұстанымның негізі әлеуметтік жұмыскер тренинг барысында көпше түрдегі сөздерді емес жеке өзінің ойын толық жеткізуі. Яғни «біздің ойымызша…» немесе «көптің айтуынша…» деген формадағы сөздерді емес, «менің пікірімше, бұл…» деген формадағы сөздерді қолдануды дағдыға айналдыру.
3. Екпінін айқын етіп айту ұстанымы. Осы ұстанымға сәйкес кез келген қатысушы өзінің сөйлеуі барысында екпінмен айту, эмоциялдық күйлерге түсіп баяндап беруі тиіс. Мәселен мынадай жағдайлар болмауы тиіс «сенің сөйлеу екпінің мені ашуландырып жатыр». Сондықтан әрбір қатысушы өзінің сөз сөйлеу екпінін дұрыс қоя білуі шарт және өздерінің көңіл-күйлерін білдіре алуы тиіс.
4. Белсенділік ұстанымы. Тренинг барысында бұл ұстанымды қолдану барлық қатысушылардан талап етіледі. Мұндағы басты міселенің негізгі мақсаты қатысушылар белсенді қатысып өздерін, топты және әріптестерін тануы. Адамның жеке өмірі барысында ол тек өзінің жеке проблемалары төңірегінде ғана ой қозғайды. Осында қарастырылып отырған міселенің негізгі түйіні осы мәселені топтық жағдайда анализ жасауды үйрену.
5. Сенімділік ұстанымы. Тренинг қатысушыларының бір-біріне деген сенімі, пікір алмасулары барысында бірінін-біріне «сен» деп қарым-қатынас жасауы сенімділікті арттырады және басқаларды жақсы тануға септігін тигізеді. Және тренингтің алтын ережелерінің бірі «тек қана шындықты айту, шындық болмаса да өтірік айтпау»
6. Жария етпеу ұстанымы. Бұл ұстанымның негізгі мағынасы осы тренинг барысында сөз болған сұхбаттар тек осында қалуы тиіс, ол «сыртқа шықпауы шарт». Бұл да тренинг барысында қатысушылардың бір-бірне деген сенімінің артуына алып келеді, және қатысушылар ашық сыр-сұхбат құрып тренингті жүргізу оңай болады.
62Психологиялық тренингті безендіру бағдарламасы құжаттың формальді талаптарына байланысты. Онда мынаған көңіл аударады: А) бағдарламаның сыртқы түрі, яғни безендірілуі;
Б) бағдарламаның құрылымы және мазмұыны.
Безендірудің маңызды элементіне тоқталайық:
Мұқабасы. Мұнда бағдарламаның аты және автордың аты-жөні нақты көрсетілуі керек. Көбінесе құрастырушы-автор деп келтіреді, себебі автор тек бар жаттығуларды жинақтап құрайды. Жоғарғы жағына мекеме аты көрсетіледі. Төменіне құрылған уақыты, мекені келтіріледі
Мұқабасын безендірудің мысалы
Анықтама хат: Мұнда мақсаты, міндеті, бағдарламаның мазмұны және қолданылатын әдістер, қажеттілігіне қарай теориялық негіздемелер, тренинг өткізуді ұйымдастыру жағдайы және жалпы сағаттар саны көрсетіледі.
Тақырыптық жоспар: Мұнда тренинг сағатының негізгі мазмұны, сағаты және оны жүзеге асырылуы көрсетіледі.
Сабақ құрылымы: Бұл бағдарламаның «негізі». Мұнда әр сабаққа қатысты кезеңдер баяндалады.
Тренинг құырылымы:
1 – кіріспе және танысу (1- күн)
2 – базалық дағдыны дамыту (2-3-күн)
3 – жекелендіру, қатысушының жеке мәселесімен жұмыс (4-күн)
4 - дағдыны бекіту (5-күн)
5 – қорытынды шығару, қоштасу (6-күн)
1 күндік жұмыстың құрылымы:
1- танысу
2- сергіту
3- күн тақырыбы
4- топтық жаттығу
5- күнді қорытындылау
6- үй тапсырмасы
Тренинг мазмұны. Бұл бағдарламаның ядросы. Мұнда әр тренинг сағатының мақсаты, міндеті, әдіс-тәсілдері мен бақылау формалары көрсетіледі.
2.Мазмұны жағынан тренингті бөлек боктарға бөлуге болады.
Вачков И.В. әр блоктың жүзеге асуын былайша көрсетеді:
Кіріспе
Толеранттылықтың дамуы
Агрессияны төмендету
Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру
Ұйымшылдықты арттыру
Аяқтау.
Битянова М.Р. тренинг өткізудің мынадай кезеңдерін көрсетеді:
амандасу ритуалы
сергіту
өткен тренинг сағатына рефлексия
бүгігі тренинг сағатының тақырыбына кіріспе (негізгі мазмұны)
негізгі сабақ мазмұнын меңгерудегі жаттығулар
бүгінгі тренинг сағатына рефлексия
үй жұмысы немесе келесі кездесуге «көпір» салу
қоштасу ритуалы.
М.Р.Битянованың айтуынша танысу-қоштасу ритуалдары психологиялық «қоршау» ретінде қолданылады, бұл қатысушыларды біріктіруге қажет.
Сергіту сәтін айтқанда қатысушылардың эмоционалдық күйі, белсенділігі маңызды. Сергіту тек тренинг сағатының басында ғана емес, сонымен қатар жаттығулардан кейін де орындалады (психолог топтың эмоционалдық күйін өзгерткісі келгенде).
«Тренинг ядросына» келсек, мұнда рольдік ойындар, психотехникалық жаттығулар, дискуссия болады (мұнда психологтың қысқаша монологі, рефлексиялық «үзіліс», қорытындылау).
Көптеген мамандарталдау кезңіне көп көңіл бөледі. С.Е.Борисов осы кезеңнің келесідей алгоритмін көрсетеді:
сарапшыларға қатысушылардың көрсеткен мінез-құлқын сынамай, талдап беру ұсынылады.
Содан кейін қатысушылар не себептен сол мінез-құлық стратегиясын ұстанғанын айтып, өз позицияларын негіздейді. Ескеретін жағдай, өз көзқарастарымен алмасқаннан кейін сыйластық қарым-қатынаста қалу.
Тренинг сағатының «үй тапсырмасы» сәтінің негізгі қызметі – келесі кездесуге «көпір» салу, болып жатқан үрдістің жалғасуына көмектесу.
63«Денелік мүсіндерді» жасау. Рольдерін ауыстырып отыру арқылы жұптар жұмыс атқарады.Бір қатысушы (мүсінші) үндеместен келесі қатысушының денесінен кез-келген «мүсінді» жасайды. «Мүсіндер» дайын болған кезде алынған әсерлермен алмасу арқылы талдау жасалады
64сурак:Тренинг жүргізілу барысында қолданылатын негізгі ережелер Дәрістің мазмұны: Қатысушылардың өзіндік бағалауын қолдау. Топта сенімді және жылы атмосфера туғызу; Өзін-өзі көрсетуге жағдай жасау; «Жүргізуші позициясы» Топтық жұмысты ұйымдастыратын жүргізушінің жасөспірімдер тобымен жұмыс тәжірибесі болуы қажет. Жүргізушінің топтық динамика, топтық эффект және тренингті жүргізу барысында туындаған мәселелерді шеше білу жөніндегі білімді толық игеріп, жұмыс барысында тиімді қолдана алғаны жөн. Курс барысында жүргізуші топпен жылы қарым-қатынас орнатуы қажет, сондықтан ол үнемі қатысушылардың көңіл-күйін, эмоцияларын қадағалап, тренинг барысында туындаған қиындықтарын шешіп отырады. Жасөспірімдермен жұмыстың нәтижелілігі топ бірлігіне де байланысты. Бұл үшін тренингтің алғашқы кезеңінде-ақ топ пен жүргізуші арасындағы құндылықтар анықталып алынады (сенімді дауыс ырғағы, жағымды эмоциялар, бірнеше ойын элементтері, қозғалатын тақырыптар және оның талқылануы маңызды болады, егер осындай құндылықтар тұлғааралық іс-әрекетте сақталса, тренинг өз жемісін береді) есірткі мен алкогольге қарсы альтернативтер табады. Топпен жұмыс жасаудың негізгі ережелері 1. Қатысушылардың өзіндік бағалауын қолдау. 2.Топта сенімді және жылы атмосфера туғызу; 3. Өзін-өзі көрсетуге жағдай жасау; 4.Топтағы қарым-қатынас үрдісін зерттеу және мағынаны қалыптастыруға жағдай жасау; Тренинг өз мақсатына жету үшін – 1-ден әр адамға өз ойын айтуға мүмкіндік беру. 2-ден өзіндік сезім мен алған әсерлерімен бөлісу. 3-ден әр қатысушының әмбебаптылығын сақтау. Серіктесіңіздің айтқан пікірін тыңдап, бірге талқылау әрекеттерін жүзеге асырған дұрыс.Әр жаңа сабақты миға күш түсірмейтін жеңіл жаттығудан бастаған жөн. Оның мақсаты – қысымды шығару және жалпы эмоцианалды қызығушылық тудыру. Содан соң мақсатты түрде қатысушыларға өткен сабақты еске түсіріп, өздерінің пікірлерін және сезімдерін бөлісуді ұсыну. Әрі қарай негізгі бөлімдегі арнайы жаттығулар жүргізушінің талқылануымен орындалады. Тренинг қорытындысында өткен сабақтарды еске түсіріп, алған сезімдерімен бөліседі және ұсыныс берілді. Топтық ережелер. Егер қатысушылар тренинг ережелері мен тәртіптерін нақты білетін болса, топтағы талқы сауатты өтеді. Ережелер сипаттамасы төменде берілген: Бір-біріңді тыңдай біліңіз. Бұл сөйлеушінің көзіне қарап, сөзін бөлмей тыңдау ережесін білуді қажет етеді. Сөйлеуші сөзін аяқтаған соң, келесі сөзді алушы айтылған ақпаратқа қысқаша тоқтала кетіп, содан соң өз пікірін нақты білдіруге болады. Барлық назар сөйлеушіде болуы үшін тренинг сабағында кішкене ойын добын қолдануға болады, ал диалогтарда қатысушылар допты бір-біріне лақтырып отырады. Берілген тақырып бойынша сөйлеңіз. Кейде қатысушылар талқылап отырған тақырыптан ауытқып кетеді. Мұндайда жүргізуші оқушыға «Мен толық түсінбедім, бұның біз талқылап отырған тақырыппен қандай байланыстылығы бар? Не айтқыңыз келгенін толықтырсаңыз» дегені абзал. Бұл қатысушының тақырыптан ауытқып бара жатқанын түсінуге көмектеседі. Өз сезіміңізбен бөлісіңіз. Топтағы әр қатысушы өз пікірін білдіріп өтуі тиіс. Өз ойымен бөлісуге тырысқан қатысушыны мадақтап отырған жөн. Қатысушыларға олардың пікірлерін сыйлайтындығын және бағалайтындығын сезіндіруге тырысыңыз. Егер қытысушы бұрыс пікір айтып жатса, сіз: «Сіздің айтып отырғаныңыз дұрыс және онымен барлығы келіседі, дегенмен...» деп жауап бергеніңіз дұрыс, яғни тренингке қатысушы ыңғайсыз жағдай да қалмауы қажет. Сонымен қатар қатысушы өз пікірін білдіруден бас тартуға құқылы екенін ұмытпағаныңыз дұрыс. Барлық қатысушыға құрмет көрсетіңіз. Пікір алмасу ашықтығы өзгелердің пікірімен келіспей, өз ойын жеткізуден және өзгенің пікірін бағалаудан қашық болудан көрінеді. Қатысушыларға өзге адамдардың намысына тимейтін пікірлер айтуын ұсыныңыз. Сонымен қатар сіз ақымақ сауалдардың болмайтынын есте сақтаңыз. Әр сауалдың өзіндік құндылығы болады. Қатысушыларды әр қойылған сұрақтарға жауап міндетті түрде берілетіндігіне және қойылған сұрақтардың барлығы бағаланатындығына сендіріңіз. Топ арасында дұрыс қарым-қатынас орнату үшін топ өзінің тәрт