Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сұрақ. Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас




Психология және педагогика ғылымындағы зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, қарым-қатынастың төмендегі бірнеше стилдерін атап өтуге болады:

- авторитарлық стиль;

- өктемдік стиль;

- демократиялық стиль;

- дистанциялық стиль;

- немқұрайлық стиль;

- ойнақы-қалжыңға негізделген стиль;

- аралас стиль.

Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.

Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:

- жеке тұлғаны дамыту;

- қатысушылардың әлеуметтік – психологиялық компонентілігін, білімін көтеру;

- қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;

- өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;

- өзін-өзі және басқаларды толық тану;

жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету

Қарым-қатынас қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды қолданудың мақсаты мына міндеттерді шешеді:

- тиімді қарым-қатынасқа машықтау (байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру);

- эмпатиялық дамыту;

- сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан, қарым-қатынастағы қиындықтардан арылу;

- тиімді қарым-қатынасқа деген дайындығын дамыту;

- айналадағылармен қатынаста адамгершілікті дамыту;

- тыңдай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлігін игеру;

- қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;

- байланыс жасау іскерлігін меңгеру;

- өз коммуникациялық ерекшеліктерін сезіну;

- өзгелердің қызығушылығымен санасу және оны есепке алу іскерлігін қалыптастыру;

ашықтық сезімді, адамдарға деген сенімді дамыту;

Топтық дискуссия – ол үлкен топтарда коммуникативтік әрекеттегі пікірталас. Кез келген мәселені талқылау барысында ой-жүйесін біріктіруге, дамытуға жаңа ойлардың туындауына түрткі болады.

Іскерлік әңгімелер – көпшілік алдында тұлғаға сұрақ қою арқылы интервью алу болғандықтан диалогты қарым-қатынас орнатылады. Ал сұрақтар қоюшының қиялынан туындаған түрлі мазмұнда болуы тиіс және ол топта талқыланады. Сонымен интервьюдің құрылымы талқыланып, айтылу барысы, стилі, қатысушылар мен қарым-қатынасты ыммен ғана түсінуі, яғни әңгіме барысында ым-ишара, күлімдеу, мақұлдау және т.б. қарым-қатынас құралдары қолданылады.

39сұрақ

Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру «Дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз.

Оқыту барысында баланың ақыл - ойын, қиялын т. б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс - әрекетті ұйымдастырып, оқушының шығармашылығын арттырады.Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Осыған байланысты Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтардың жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан тұрады.

1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

2. Оны шешу жолын бірлесе қарастыруы.

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі.

Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.

Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым:

«Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».

Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.

Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі».

Танымдық іс - әрекет оқушылардың негізгі іс - әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т. б. сипатталады.

Бұл қызыға оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Оны қалыптастырудың негізгі жағдайлары:

- оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы;

- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру.

Бұған жататындар сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

- Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып, жүрек жылынуының болуын қамтамасыз ету. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс - тәсілдерді қолдануына болады:

 

1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.

3. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар).

4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т. б.).

5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру бөліктерге бөлу, ат қойғызу.

6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.

7. Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру.

8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым - қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.

Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.

Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.

Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді.Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады.Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т. б. белсенділік түрлері болады.Соңғысы оқушының логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек етеді.Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1221 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

2474 - | 2336 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.087 с.