Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс 3. Қазіргі әлеуметтану теориялары




1.Әлеуметтанулық білімнің негізгі парадигмалары: құрылымдык функционализм, дау-жанжалдык ыңғай, символикалык интеракционизм.

2. Әлеуметтанудағы құрылымдык функционализмнің негізгі тұжырымдары. Т.Парсонс әлеуметтік тәртіп пен әлеуметтік жүйе туралы. Р.Мертон әлеуметтік жүйенің функциялары мен дисфункциясы туралы.

3. Дау-жанжалдық парадигма. Ч.Р.Миллс, Р.Дарендорф, Л.Козердің идеялары. Р.Дарендорф билік пен әлеуметтік даулар туралы.

4. Символикалық интеракционизм теория ретінде. Дж.Г.Мид әлеуметтік өзара әрекет туралы. Г.Блумердің идеялары.

5. Қазіргі кезең: мәселелер және зерттеу бағыттары.

 

Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889-1968 ж.ж.) 1922-ші жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. Ең құнды еңбектеріне : «Социология жүйесі», «Революция әлеуметтануы», «Әлеуметтік жылжымалылық (мобильдік)» т.б.

Ол әлеуметтік стратификация, яғни, қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, оларды әлеуметтік ірі мәселелермен тығыз байланыстырды.

П.А.Сорокин әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі өзгерістердің болашағын түсіндірді. Оның бұл жөнінде екі тұжырымдамасы болды. Біріншісі, әлеуметтік-мәдени динамика, екіншісі – қоғамның тұтастық (біріктіруші) тұрпаты. Бірінші тұжырымдамасына қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндағы әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде көрінеді. П.Сорокиннің пікірінше, осындай негізгі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл-парасаттылық (рациональный), идеалистік.

Сорокиннің пайымдауынша, революция «бұқараның өмірінің материалдық және рухани жағдайларын жақсартудағы ең нашар жолы», өйткені «ол неге қолы жетсе де оған жеткізетін тым үлкен, шамасы келмейтін ұлы құн төленеді». Барлық іргелі және нағыз өрлеу үдерістері білімнің, бейбітшіліктің, ынтымақтастықтың, бірігіп еңбек етуі мен махаббаттың нәтижесі, бірақ ұлы революцияға ілесіп жүретін жек көрушіліктің, мейірімсіздіктің, есалаңдық күрестің нәтижесі бола алмайды. Сорокин арамтамақ, парақор, әрі дарынсыз дамудың тұсауына айналған ақсүйектер тобын жақтамайтынын айқын көрсетеді. Бірақ революция орасан зор дерт, болжап айтуға келмейтін құбылыс болғандықтан мен оған қарсымын, - деп түйіндейді Сорокин өзінің атақты «Революция социологиясында».

П.Сорокиннің дүниетанымдық көзқарастары жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптеуі біздің қазіргі қоғамның дамуындағы маңызы зор.

Американдық ғалым Т. Парсонс (1902 – 1979) – құрылымдық структурализм деген атқа ие болған жалпы социологиялық теорияның негізін салушы.

Бұл теорияның іргетасы – «әлеуметтік әрекет» тұжырымдамасы болды. Қоғамдық өмір – адамдар (индивидтер) қарым –қатынасының шексіз көптігі мен шырмауы, ал қоғам – адамдардың дәлелді бірлескен әрекет және ол белгілі бір ортада әрекет ететін индивидтерден тұрады. Парсонстың пікірінше, кез келген әлеуметтік құбылысты адам мінез құлығын (жеке әлеумсеттік әрекетін) зерттеу арқылы түсіндіруге болады. Парсонста әлеуметтік әрекеттің субъектісі моральдық индивид болып саналады.

Әлеуметтік әрекеттің белгілі бір құрылымы бар: әрекет етуші тұлға, мақсат, ситуация, нормативті бағдар, әрекетзатының реакциясы.

Осының бәрі индивид неге осылай әрекет еткеніне түсінік беруі тиіс. Ең алдымен, адамның мінез –құлығы адамға қоғамның таңып беретін (міндеттейтін) мәртебелік – рөлдік мінез – құлығының мазмұнымен байланысты. Осылайша адам әлеуметтік сахнадағы «актерге» айналады.

Т. Парсонстың жалпы социологиялық теориясында құрылымдық талдау мәселесі маңызды орын алады. Бұл жерде ол әлеуметтік жүйені (құрылымды) қызмет ету тұрғысынан емес, даму тұрғысынан да қарастыруды ұсынады. Бұл үшін ол тең дәрежелі және интеграция идеяларына, «тәртіп», «әрекет», «құрылым», «талап» түсініктеріне назар аударады.

Парсонс төрт негізгі қызметін ететін мәселені көрсетеді:

 

Парсонстың әлеуметтік жүйесінің үлгісі.

Функция Жүйе салалары Әлеуметтік институттар Норма рөлдерді орындаушылар
1.Бейімделу Экономика Зауыттар, банктер, дүкендер Кәсіпкер – жұмысшы
2. Мақсат бағдар саясат Партиялар, қозғалыстар Функционер – қатарындағы мүше
3. Интеграция бақылау Әлеуметтік аппарат институттары Мемлекеттік Шенеулік – азамат
4. Мінез – құлық үлгісіне қолдау көрсету Әлеуметтену Отбасы, мектеп, дін Оқытушы – оқушы

1) Тиімді ұйымдастыру және материалдық, адами, мәдени ресурстарды бөлу мәселесі. Бұл функционалды талаптар бейімделу мәселесі ретінде белгілі: өмір сүруі үшін жүйе ішкі жағдайларға да, сондай – ақ сыртқы өзгерістерге де бейімделуі керек.

Бұл функцияға экономика сәйкес келеді: қоғам мүшелері өмір сүре алатындай белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті материалдық өнімдерді жеткізеді және бөледі.

Көрсетілген жүйе салаларына бейімделу процестерін реттейтін зауыттар, банктер, дүкендер және т.б. сияқты әлеуметтік институттар сәйкес келеді.

2) Негізгі мақсаттарды анықтау және соған жетуге қолдау көрсету процесі мәселесі. Бұл функцияға саясат және саяси ұйымдар – партиялар, қозғалыстар және т.б. сәйкес келеді. Олар мақсат қояды және функционерлер арқылы қоғам мүшелерін осы мақсатқа жұмыс істеуге ынталандырып саяси әрекеттермен айналысады.

3) Интеграция мәселесі –тұрақтылықты, бірлік, ынтымақтастықты сақтау. Бұл функцияны жалпы нормалар мен құндылықтарды, белгілер жиынтығы мен жалпы мәдениетті құру және оған қолдау көрсету жолымен әлеуметтік бақылау институттары жасайды. Адамдардың мінез –құлқына қоғамның әдейі әсер етуі арнайы ұйымдар – мемлекеттік аппарат пен заңды институционалды құралдар арқылы жүзеге асырылады, олар теңдіктің бұзылуы мен жүйені қайта өндіруді талаптану және мәжбүрлеу формалары арқылы табысты жүргізуге мүмкіндік береді.

4) Мінез – құлық қолдау көрсету, қайраткерлердің өздерінен талап етілетін әлеуметтік рольдерін орындау кезіндегі дәлелдемелері мен жеке тұлғалар дәлелдемелері жүйесіндегі жасырын шиеленістерді жою мәселелері. Берілген тәртіпті сақтау үшін әлеуметтік жүйе адамдардың өз дербестігін алуына және сонымен бірге берілген қоғамдағы норма – рольдерді игеруіне, бұл нормаға бағыну қажеттілігін дамытуы үшін әлеуметтендіру процесі мен механизмін жасауы керек.

Р.Мертон (1910–ж.) – құрылымдық – функционалдық мектептің екінші маңызды өкілі. Оның негізгі еңбектерінің тақырыптары мынандай: «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» (1957), «Айқын және жасырын міндетті қызметтер» (1968).

Спенсердің биологиялық көзқарасын одан ары дамытып, Мертон функционализм негізін қалайды. Қоғамның организмге ұқсастығын мойындасақ, оның жеке бөліктері бір – бірімен тығыз байланыста болып, өз міндетті ісі арқылы оларды нығайтуға талпынады. Басқаша айтқанда, қоғамда бәрі бір – бірімен тығыз өзара тәуелдік байланыста болады. Сондықтан әлеуметтанушының міндеті «әлеуметтік деректер мен объектілердің ішкі мазмұны туралы ойлана бермей, айқын, көрінетін, тексеруге және талдап қорытуға оңай міндетті істердің салдарларын жай алып қараған жөн». Осындай салдарлары арқылы міндетті қызметтері де өздерін айқындайды. Функция деп, бақылауға болатын нақты жүйенің өзін - өзі реттейтін не оны ортаға бейімдейтін құбылыстардың салдарларын айтады

Мертон функционалдық талдаудың үш негізгі шартын көрсетеді. Олар: 1.Социологиялық талдаудың «функционалдық бірлігі» әлеуметтік деректердің шексіз тереңдігінде жатады. Олардың міндетті қызмет етуінің анықтығы әлеуметтік өмірді тұтастыққа біріктіріп қосатын күшке ие болады. Қоғам бірыңғай жабық жүйе болғандықтан, оның барлық бөліктері еклісілген түрде жүктелген міндетті істерін атқарады. 2. «Функционализмнің әмбаптылығын» өмір сүретін мәдениеттің барлық тұрпаттарына қызмет етудің қасиеттері тән екенін көрсетеді. Сол уақытта әлеуметтік құрылымның әр бөлшегі пайдалы қызметін біртұтас жүйенің шеңберінде ғана атқарады. 3. «Ықтиярсыздық» немесе «қажеттілік» қағидасы белгілі міндетті қызметтердің еркіне қоймай істелетіндігін, болмай қалмайтындығын көрсетеді. Ал бұл барлық қоғамдық институттардың функционалдық шарттылығына әкеледі. Бірақ олардың баламалары, онын алмастырушылары болуы мүмкін. Қажетті бөлшектердің болуы әлеуметік жүйенің үздіксіз өмір сүруін қамтамасыз етеді. Тұтас алғанда, функционалды талдауды тұрақты және бір үлгіде келтірілген объектілерге қолданады.

Мертонның ғылыми қағидасы мағыналық және ұғымдылық көрнекілікпен тартымды әрі құнды. Орта деңгейдегі ойтұжырым негізінде Мертон аномия және ауытқу мінез-құлқын таңдап берді. Оның пікірінше, әлеуметтік аномия – ол моральдық құндылықтар жүйесінің ыдырауымен және мұраттардың қуыстығымен сипатталатын жекелік және қоғамдық сананың ерекше құлықтық-психологиялық күйі. Американдық қоғамда аномияның себебі – ол үстем мәдениеттің жекешілдік мөлшері – мақсаттары (байлыққа, билікке, табысқа ұмтылуы) және бұл мақсаттарға жетуге рұқсат етілген құралдары араларындағы қайшылық. Бұл қайшылық көпшілікке қойылған мақсаттарын заңды түрде орындауға мүмкіндік бермейді. Осының салдарынан қылмыс, селқостық пен түңілушілік кең тарады. Бұл қайшылықты Мертон капиталистік қоғамның өнімі ретінде емес, жалпы индустриялдық қоғамға тән жанжал деп қарайды.

Кеңестік қоғам кезеңі. Қазакстандағы әлеуметтанудың институционализациясы.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 9223 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

2309 - | 2123 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.