Дәріс 1. Әлеуметтану ғылым ретінде
1. Әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуы. Әлеуметтанудың объектісі мен зерттеу пәнінің ерекшелігі
2. Әлеуметтанудың қоғамдык ғылымдар жүйесіде алатын орны
3. Әлеуметтанулык теория, оның негізгі дәрежелері. Жалпы әлеуметтанулық теория, арнаулы әлеуметтанулық теория, салалық әлеуметтанулык теориялар
4. Әлеуметтанудың қызметтері
«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Socies» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.
«Әлеуметтану» термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Әлеуметтану қоғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, оның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен де айналысады. Сөйтіп кейінннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.
Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бөлініп жеке ғылым болып дамыса да, әлі күнге дейін өзінің философиялық мазмұнын жоғалтпаған ғылым. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен әлеуметтануды - әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары жөніндегі, сол заңдар субъектілердің, яғни, әлеуметтік үлкен-кіші топтардың, адамдар қауымдастықтарының, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың қызметінен кӛрініс табатын ғылым ретінде сипаттауға болады.
Түптеп келгенде, қазіргі әлеуметтану – тұтас әлеуметтік жүйе күйіндегі, қоғам жөніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементтері туралы өз алдына дербес ғылым. Әлеуметтану – қоғамдық құбылыстардың беймәлім жақтарын зерделеп, социумда қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды адам факторымен ұштастырып қарастыратын ғылым. Атап айтқанда, әлеуметтану адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады.
Әлеуметтанудың зерттеу объектісі – социум деп аталатын әлеуметтік шындық (социальная реальность). Әлеуметтік шындық ұғымы әлеуметтануда екі түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада алғандағы әлеуметтік шындық - қоғамның өзі немесе қоғамдық өмір. «социум», «қоғам» деген ұғымдар синонимдер ретінде қолданылады. Тар мағынада алғандағы әлеуметтік шындық дегеніміз – адамдардың әртүрлі деңгейдегі өзара іс-әрекетінен пайда болған құбылыстармен, процестермен тығыз байланысқан қоғамдық болмыстың қасиеті, бір қыры.
Әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз – қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың ӛмірде байқалуы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нәтижелері.
Әлеуметтану қоғамның пайда болуының ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелердің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зертейтін ғылым. Әлеуметтануды ХІХ ғ.ортасында француз әлеуметтанушысы О.Конт енгізді.
Әлеуметтану пәні және объектісінің айырмашылығы бар.
Объект дегеніміз –бізді қоршап тұрған объективті нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап,) тіпті адамның өзі, оның барлық іс- әрекеті, тәртібі, санасы т.б. Оларды адам өзінің теориялық және практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланылады.
Әрбір ғылымның пәні зертеушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген құбылыс, процесс немесе көкейкесті мәселелердің артышылығын, сапасын, логикалық тұрғыдан жан жақты талдау негізінде адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, ұйымдасып еңбек етуін, қызмет атқаруын, жұмыс істеуін, жалпы материалдық, рухани іс -әрекеттердің олардың арқасындағы алауан түрлі қатынастардың бір біріне әрекетін, түрлерін жан жақты терең танып, білуді әлеуметтанудың пәні деп атайды. Бұл зерттеудің басты мақсаты – объект, құбылыс.
Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе –ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына нақты гуманитарлық ғылымдар және қоғамдық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғамтану заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады.
Екінші түрі, ол адам туралы, оның іс - әрекетін қызметін оқып үйренудің, оны жан - жақты талдаудың, өлшеудің әдістері техникасын тұжырымдап қалыптасады. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманистік ғылымдарда кеңінен қолданылады.
Үшінші негізгі түрі – ол нақты ғылымдармен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономика ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыс пен процестерге бірігіп зертеу жүргәізудің нәтижесінде әлеуметтік экономикалық арнаулы теория жасалды. Құқықтық ғылыммен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде құқықтық әлеуметтану қалыптасты.
Әлеуметтанудың құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі. Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Теориялық қорытындылар жасайды.
Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстарды өзгерту үшін, оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп, әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді.
Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түрлі дәрежеде атап айтқанда бүкіл қоғам кӛлемінде немесе жеке адамдар тұрғысынан зеттеуі мүмкін. Оның білімдік құрылымы соған сәйкес анықталады.
Әлеуметтану білімінің құрылымы – бұл ең алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жөніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер, жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жүйесі.
Әлеуметтану білімінің құрылымында әлеуметтанулық теориялар мен көзқарастар ашып көрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай жекелеген деңгейлерді ажыратып айтуға болады.
Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері мыналар:
Жалпы әлеуметтанулық теориялар немесе жалпытеориялық әлеуметтану;
арнайы әлеуметтанулық теориялар, бұларды кейде жеке теориялар деп те атайды;
нақты әлеуметтанулық зерттеулер.
Әлеуметтану білімінің осы үш деңгейінің өзгешеліктері қоғамдық құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың тереңдігін және бұдан шығатын қорытындылардың маңыздылығын байқатады.