Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


О.Конттың позитивизмі




Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы Батыста француз ғалымы Огюст Конттың (1798-1857) есімімен тығыз байланысты. Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. 1830 жылы оның «Позитивті философияның курсы» деп аталатын алты томдық еңбегі жарық көрді. Міне, осы еңбегінде оның әлеуметтік ойлары баяндалады. Осы еңбегінің 3-томында алғаш рет Конт «әлеуметтану» («социология») деген терминді енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеуді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Огюст Конт әлеуметтанудың қажетілігін қалай негіздеді? Бұл мәселені Конт философия саласындағы өзінің адам ақылының дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метафизикалық, позитивтік. Бұларды адамның ой-өрісінің (интеллект) дамуының үш тарихи қалпы деп те атауға болады.

Демек, адам ойлаудың алғашқы теологиялық сатысында өзін қоршаған ортаны діни нанымдарға сүйене отырып түсіндірген. Ал, екінші метафизикалық сатысында діни негіздерден бас тартады да айналадағы құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға көшеді. Конттың пікірінше, алдыңғы сатылар соңғысына негіз болып отырады. Сөйтіп позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылды деп көрсетті. Содан кейін ойлаудың ондай қорытындысы ретінде биология пайда болды деп көрсетті. Ал, әлеуметтануды позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша, әлеуметтану биологиядан кейін пайда болған. Егер, биология қозғала алатын барлық тірі жануарлар дүниесін зерттейтін болса, әлеуметтанудың одан айырмашылығы - ол әлеуметтік құбылыс ретіндегі адамның әрекеттерін қарастырады деп көрсетті. Яғни, әлеуметтану адамды өзі сияқты адамадардың ортасындағы қарым-қатынасы тұрғысынан түсіндіреді. Екіншіден, әлеуметтану өзінің зерттеулерінде позитивтік (ғылыми) тәсілдерге негізделеді. «Позитивюс» - латын сөзі, дұрыс, жағымды дегенді білдіреді.

Огюст Конттың әлеуметтанулық концепциясында басты екі идея жатыр:

1. қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану;

2. әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзінде ғылымды қолдану идеясы.

Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді.

Негізгі еңбектері: «Позитивтік философия курсы», «Позитивистік катехезис», «Позитивтік философия рухы туралы талдау» және т.б.

О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі жатыр. Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интелектуальды ақыл-ойының - санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивтік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді. Теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды. Метафизикалық сатыдаадам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Позитивтік сатыдаадам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартты. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.

О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет.

О.Конт өз шығармаларында өзіне белгілі ғылымдарды нағыз және жалған ғылымдарға бөлген. Жалған ғылымдар қатарына: теология, мистицизм, спиритуализм, алхимия, утопизм, сонымен қатар метафизика, яғни философияны жатқызған. Ол нағыз шынайы ғылымдар деп позитивтік ғылымды атаған. Позитивтік ғылымдар саны алтау: математика, астрономия, физика, химия, биология, әлеуметтану.

Конт өзінің қоғам дамуы жөніндегі қөзқарастарын жүйелей келіп, әлеуметтануды екі тарауға: әлеуметтік статика және әлеуметтік динамикаға бөлді. Әлеуметтік статика қоғам құрылымының жұмыс істеу заңдарын қарастырады. Әлеуметтік динамика қоғам жүйесінің өмір сүру жағдайы мен оның жұмыс атқару заңдылықтарын зерттеуге тиісті болды.

О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға обьективтілікті береді. Екінші бір маңызды әдісі - ол эксперимент. Эксперимент бұл белгілі бір арнаулы жасанды жағдайда әлеуметтік процестердің, құбылыстардың өзгеруін, дамуын бақылау. Үшінші негізгі әдісі - салыстыру. Бұл әдіс әр бір халықтың өмірін бір -бірімен салыстыруда қолданады. Конттың осы әдістер туралы пікірлері де әлеуметтануда өте құнды, маңызды рөл атқарды.

О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903ж.ж.) болды.

Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Г.Спенсердің есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтің көзқарастарын «Бастаудың негіздері» (1862), «Биология негіздері» (1864- 1867), «Психология негіздері» (1870-1872), «Әлеуметтану негіздері» (1876-1896) деген еңбектерінде баяндады. Г.Спенсер жас кезінен Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалында болып, эволюция үрдісімен айналысады. Спенсердің әлеуметтануының аса құнды жағы – «Әмбебап эволюция заңы». Бұл заң бойынша эволюция дамудың бірден-бір қайнар көзі. «Әлеуметтану принциптері» атты еңбегінде Г.Спенсер осы идеясын терңдете келіп, қоғамды биологиялық организммен салыстырады. Сонымен ол эволюциялық көземелді дәлелдеу үшін қзінің алдына көптеген эмпирикалық қорытындылар жасауды мақсат етіп қояды. Мұның өзі табиғаттың барлық жақтарында, сондай-ақ ғылымда, өнерде, дінде және философияда эволюциялық процестердің болатындығына кӛзін жеткізе түсті. Оның пікірінше, биологиялық организм сияқты қоғам жәй формадан күрделі формаға қарай дамиды. Спенсер бұл эволюциялық процестің үш түрін көрсетеді: бейорганикалық, органикалық және жоғары органикалық. Ол эволюцияның жоғарыорганикалық түріне аса кӛңіл аударады. Өйткені ол қоғамның дамуы эволюциясын көрсетеді деп есептейді. Сондықтан әлеуметтану осы жоғарыорганикалық эволюцияны зерттеуі керек деп санайды.

Қоғам мен биологиялық организмдердің ұқсастығы және эволюция принципін Спенсер әлеуметтік саясатты белгілеудегі және әлеуметтік реформаларды жүргізудегі нақты ұсыныстарында қолдана білді. Әлеуметтік организмдер биологиялық организмге ұқсас. Бірақ, бұл барлық жағынан емес дей келе Спенсер бұл екеуінің арасындағы 6 ұқсастықты атап көрсетеді.

Спенсер әлеуметтанулық теорияның дамуына едәуір үлес қосты деп айтуға болады:

1.ол қоғамды дискретті организм ретінде қарастырды;

2. Спенсер аналогиялық тәсіл арқылы ғылымға «құрылым», «функция» деген

ұғымдарды енгізді.

Спенсердің эволюциялық дамуы үш кезеңге сүйенеді. Бұлар: зат, қозғалыс және күш, яғни мағынасы кез келген затты белгілі бір күш қозғалысқа келтіреді.

Эволюция кез-келген затты біртектіліктен көп тектілікке, айқынсыздықтан айқындылыққа әкеледі. Эволюциялық жүйелер теңдігіне жеткенде тоқтайды. Егер жүйелер теңдігі бұзылса қоғамның жіктеліп, шашырауы басталады. Осыдан кейін жаңа эволюциялық үрдіс басталады. Сөйтіп қоғам дамуы үздіксіз қайталанып отыратын теңдік бұзылуы жинақтау кезеңдерінен тұрады.

Спенсер эволюциялық үрдістің үш түрін бөліп шығарды. Бұлар бастапқы жаратылыстық, жаратылыстық және жаратылыстан жоғары. Бастапқы екеуінде қоғам табиғаттың бір бөлшегі ретінде дамиды. Ал жаратылыстан жоғары, бұл айқын дамыған ақыл-ой мен еңбек тәжірибесіне негізделген даму үрдісі.

Әлеуметтік институттар - адамдардың бірлесіп өмір сүруін қамтамасыз ететін өзін-өзі ұйымдастыру тетіктері. Спенсер әлеуметтік институттарды бес түрге бөлді: үй -жайлық институттар, рәміздік институттар,саяси институттар, діни институттар, кәсіби-өнеркәсіптік институттар. Әлеуметтік институттарды зерттеу, Спенсердің пікірі бойынша, әлеуметтанудың маңызды міндеті.

Спенсер қоғам өміріндегі мемлекет рөлін шектеуді жақтады. Ол тіпті мемлекет кедейлерге көмектесу, немесе болашақ ұрпаққа тәрбие беру сияқты әрекеттерден де бас тартуы қажет деп есептеді.

Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың бірі - Эмиль Дюркгейм (1858-1917ж.ж.) болды. Еңбектері: «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы», «Әлеуметтанулық әдістің ережелері», «Өзіне өзі қол салу», «Діни өмірдің қарапайым формалары» жатады. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология «социологизм» деп аталады.

Э.Дюркгеймнің тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орын алады. Оның міндеті - тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмейді. Ол басқа қоғамдық ғылымдарды ғылыми әдістемелер, теориялармен қаруландырады.

Э.Дюркгеймнің әлеуметтік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі - «Қоғамдық еңбектің бөлінуі» арналған. Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті - әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.

Э.Дюркгейм қоғамдық тұтастықтың негізі - ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлердің, көзқарастардың, моральдық ережелердің жиынтығы болады. Қоғам мүшелерінің көпшілігі осы аталғандарды өздерінің күнделікті өмірлерінде, іс-әрекеттері мен қызметтерінде басшылыққа алып отырады. Қоғам дамуының ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Дюркгейм ұжымдық санадағы өзгерістерге тоқталған. Оның пікірінше, экономикалық байланыстар әлеуметтік ұйымдастыруды, қоғамдық еңбектің бөлінуін қамтамасыз етеді. Оның қоғамдық сананы біріктіру рөлі әлдеқайда төмен, өйткені діни сенім, әдет ғұрыптар адамдардың санасында бұрынғыдай маңызды рөл атқармайды. Бұл - қоғамда адам одан біршама тәуелсіз, тыс тұрады да, - оның бостандығы мен дербестігі қамтамасыз етіледі. Дюркгейм әдеттегі көне, архаикалық қоғамнан қазіргі индустриялды қоғамға өту жолын таңдай отырып, осы өтпелі кезеңде аномия құбылысының объективті орын алуын қорытындылайды. Оның пікірінше, аномия қоғамның белгілі бір кезеңде адамның мінез-құлқының төмендеп, моральдық, яғни адамгершілік тұрғыдан басқару қиынға соғуынан, қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың (мекеме, ұйымдардың) іс- әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың өсуінен байқалмақ.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4686 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2781 - | 2343 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.