Тілімізде белгілі бір сөз түрліше дыбыстала береді. Алайда мұндай қолданыстан олардың ішкі семантикасына ешқандай өзгеріс енбейді, әдеби тілде де, диалектілерде де тепе-теңдік қалпын сақтайды. Мұндай лексемалар тіл білімінде фонетикалық варианттар деп аталады. Варианттас сөздер өзара сан алуан дыбыс сәйкестіктерін түзеді. Солардың арасында әсіресе, сөз басындағы дыбыс алмасулары ерекше көзге түседі. Мысалы, әдеби тілдегі есептік санды білдіретін «жүз» диалектілерде – «джүз», «дүз», «йүз» деп айтылады. Бұлардан дж-ж-д-й дауыссыз дыбыстар сәйкестігі пайда болады. Осындай ерекшеліктер қазіргі тілдерді көне түркі ескерткіштерімен салыстырғанда да байқалады. Осы й-дж-ж сәйкестігі туралы түркологтардың пікірлеріне назар аударайық. Аса көрнекті түрколог В.В.Радлов аталған сәйкестікті бір негізден шыққан деп тапты.Ол осы тізбедегі й фонемасын архетип деп есептейді, себебі ол түркі тілдерінің көбісінде қолданды да одан дж пайда болды дейді. Атақты профессор В.А.Богородицкий Радловтың пікірін толық қостай отырып, тұжырымын одан әрі дамытты. Оның дәлелі көне латын тілінде й дыбысы болған, ол итальян тілінде дж-ж болып айтылды деген пікір айтады.Ал Серебренников пен Гаджиева осы теорияны қолдай отырып, сөз басындағы й-дің дж-ға айналатын құбылысы бар дейді. Й дыбысы дж-дан бұрын пайда болған. Дж дыбысы қысаң дауыстылар алдында жойылып кетеді: жыр-ыр, жырақ-ырақ.Бұл сөздер й дыбысы кезінде пайда болған, сондықтан й дыбысы түсіп қалған, ал дж кейін пайда болғандықтан, ол дыбыс түспейді. Сондай-ақ й қатаң дауыссыз дыбыстармен қатар өмір сүреді дейді. Щербак ұяң, үнді, дыбыстар сөз басында келмейді дейді. Өзіміздің ғалымдардан Ақбаев: ч (тш) аффрикаты архетип дегенді айтады. Одан дз, з, ц, т.б. дыбыстар пайда болған. Одан кейін бұл дыбыстардың барлығы й-ге айналып кеткен деген тұжырымын айтады. Ал профессор Б.Сағындықұлының пікірі бойынша, түркологтардың барлығына ортақ кемшілік – бәрін й дыбысынан шықты деген тұжырымы. Негізінде, дыбыстар бірнеше аффрикаттардан шыққан.
Дж-ж – қыпшақ тілінде, дз-з – қарашай-балқар, тс-с - моңғол-тұңғыс-маньчжур, тй-й – оғыз, қарлұқ, ұйғыр тілдерінде, тһ-һ – башқұрт тілінде. Түркі тіліндегі негізгі аффрикаттар: тс(ц), тш(ч), дж(ч), дз(ц),т`с`, д`з`.
В.В Радлов аталған сәйкестікті бір негізден шыққан деп тапты. Ол й фонемасын алғашқы форма деп есептейді. Атақты прфессор В. А. Богородицкий, В.В Радловтың пікірін толық қостай отырып, теориялық тұжырымдарын одан әрі дамытты. Оның ойынша, көне түркі тілдері, половец тілі, өмір сүріп отырған түркі тілдерінің көпшілігі –й формасын сақтап қалған. Ал, қырғыз, қазан татарлары тілінде й фонемасы ызың шулы дж аффрикатына айналып кеткен (яғни й-дж). Қазақ тілінде осы аффрикаттан жалаң ызың спирант ж пайда болған. В. А Богородицкийдің түсіндіруінше, түркі тілдеріндегі архетип болып есептелетін й фонемасы жүйелі түрде емес, секірмелі түрде дамыған.
В. В Радлов пен В. А Богородицкийдің сөз басындағы –й, -дж сәйкестігінің шығуы жөніндегі ғылыми болжамын Б. А. Серебренников, Н.З Гаджиева, Е.Д Поливанов, И.Г Добродомов, Л. С. Левицкая, Е. И. Убрятова, Т. Талипов, т.б. көптеген ғалымдар шындыққа жақын деп тапты. Олардың арасында. А. Серебренников, Н.З Гаджиеваның алатын орны ерекше. Өздерінің тың дәлелдерін қосты.. А. Серебренников, Н.З Гаджиева өз қорытындыларын былайша тұжырымдады: Кейбір түркі тілдерінде сөз басындағы й- дің сөз басындағы дж- ден бұрын пайда болғандығын дәлелдейтін жанама фактілерде ұшырасады. Қырғыз, аалтай тіледерінде дж аффрикаты қысаң дауыстылардың алдында түсіріліп айтылады. Мысалы: қырғаз, алтай- ыр; татар- йыр; қырғыз, алтай: ыра; ұйғ. йырақ, тат: йырақ. XVII- XVIII ғасырлардағы ұйғыр әдеби тіліндегі қазіргі кезге қарағанда й- ден басталатын сөздер әлдеқайда аз болған. Совет ұйғырларының әдеби тілінде 20-30 жылдарда қазірге қарағанда й- ден басталатын сөздер жиірек қолданылған. Дауыссыз й тілде сөз басында бірыңғай қатаң дауыссыздардың болуы- болмауына тәуелді емес. Фин- угор ата тілінде сөздер бірыңғай қатаң дауыссыздардан басталғанымен сөз басында –й өмір сүрген (. А. Серебренников, Н.З Гаджиева, 1986). Аса көрнекті ғалымдардың бірі А. М Щербактың түркі тілдерінің фонетикасын жан- жақты зерттегені белгілі. Ол ежелгі түркі тілдерінде сөз басында ұяң, үнді дауыссыздардың болмағанын айта келіп, былай деп жазады: «Система согласных фонем и распределение в большинстве современных тюрских языков таковы, что они ичключают возможность исконного употребление ж в начале слова». Ш. Х. Ақбаев өзінің «Қарашай- балқар тілінің диалектілерінің фонетикасы» деп аталатын еңбегінде сөз басындағы й- дж сәйкестігіне егжей- тегжей тоқталады, Радлов- Богоридицкий бағытындағы зерттеушілердің дәлелдеріне қарсы өз дәлелдерін айтады: «Сәйкестіктің ең алғашқы дыбысы жөніндегі мәселе мүлде шешілмесе де, түркологияда й арғы тек саналып жүр. Мұндай пікір айтуға, сірә, бізге ең көне ескерткіштерде, сондай- ақ көп зерттелген қазіргі түркі тілдерінде сөз басындағы й дыбысының кездесетіндігі себеп болса керек...». Сонымен сәйкестіктің архетипін В. В Радлов пен В. А Богородицкий *j деп тапса: Г. И Рамстедт пен Н. Н Поппе - *з, *n, *n’’, *d, И. Маркварт пен К. Г Менгес- (*d), Г. Дерфер *d деп есептейді; С. Е Малов - *з, -*dz- ti -di -*z- *s деп ұйғарса, Ш. Х Ақбаев пен Ф. А Абдуллаев *с, А. М Щербак *ç деп шешеді. Жоғарыдағы болжамдардың қай- қайсысы да бүкіл түркологтардың қолдауын таба алған жоқ. Даулы күйінде қалып отыр.