Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақ тіліндегі орфоэпия және орфография




Тілдік қатынас ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Тілдің ауызша формасын нормалауды орфоэпия, ал жазбаша формасын орфография қарастырады.

Қазақ орфоэпиясының негізі үндестік заңдарда жатқанын, үндестік заңдарын меңгеру, айналып келгенде, айту нормаларын меңгеру екенін түсіну қиын емес. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғашқы пікір айтушылардың бірі – проф. М. Балақаев. Ол өзінің «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» деп аталатын еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: «Бірақ сөздердің айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей елеусіз қалып келеді. Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады.» Кітапта орфоэпиялық мәселелерге байланысты бірсыпыра құнды мағлұматтар айтылған.

М.Дүйсебаеваның «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері» аты айтып тұрғандай осы мәселеге арналған арнайы зерттеу. Автор дұрыс сөйлеудің нормасы тіліміздегі белгілі бір дыбыс заңдылығы бойынша қалыптасатынын ескеріп, тіліміздегі дыбыстардың әрқайсысының айтылуындағы ерекшеліктерге жеке-жеке тоқтайды. Автор қазақ әдеби тілінің сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына әсер еткен негізгі жағдайлар ретінде мыналарды атап көрсетеді: халықтың дәстүрлі сөйлеу тілі, белгілі бір мәдени орталық, баспа орындары мен мәдени мекемелер, жазба әдеби тіл мен көркем әдебиет.

Қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын жүйелі түрде біршама дұрыс баяндаған осы саладағы ізденістерге үлгі боларлық еңбек – Р. Сыздықованың «Сөз сазы» кітабы. Бұл кітапта қазақ тілінде тұңғыш «Орфоэпия қағидалары» жүйеге түсірілген.

Сонымен орфоэпия ережелері тілдегі сөздер мен сөз тіркестерін әдеби тіл нормасына сай неғұрлым бірізді дұрыс айтуды қамтиды. Мұның өзі айналып келгенде, жеке дыбыстардың, дыбыстар тіркесінің айтылу ерекшеліктерімен, дыбыстардың үндестігімен байланысты.

Сөздің жазылу жағдайының бәрін графика тұрғысынан түсіндіруге келмейді. Графика бойынша өлөң, құлұн, түлкү, жамбады, жасса, жұмұшшұ түрде жазуға әбден болады және мұның өзі сөздің айтылуына да дәл келер еді. Алайда қазіргі қазақ жазба тілі (жазуы) тілдің тек дыбыстық (айтылу) жағын ғана қамтып қоймайды: сонымен бірге морфология, сөзжасам, лексикология және фонетикалық құрамның тарихи дамуымен де тығыз астасып жатады. Орфография сөздің графикалық бейнесінің олай емес, былай болуы әлдеқайда қолайлы, әрі қонымды (мысалы өлең деп жазу өлөңнен әлдеқайда тиімді) екендігінің жалпы принциптері мен жеке ережелерін жасайды. Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі. Біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.

Сөздің дыбыстық құрамын белгілеуде көбіне – көп басшылыққа алынатын принцип жетекші принцип не негізгі принцип деп аталады. Қазіргі орфографияда негізінен морфологиялық, фонетикалық және дәстүрлік принциптер қолданылады. Сондай-ақ дифференциялаушы принцип те болуы мүмкін.

Морфологиялық принцип – сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемалар (сөз және қосымша) құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы қалпын сақтап жазу: жанбады, жазса, жазшы, жұмысшы т.б.

Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындай жазылады, яғни әпрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді: жаз, жасса, жамбады, жашшы т.б.

Дәстүрлік принцип – сөздің бір кезде жазылып қалыптасқан, дәстүрге айналған түрін сақтап жазу: хабар, халық, жаһан, қаһар т.б.

Қазақ орфографисының негізгі принципі – морфологиялық принцип.

 

Сингармониялық варианттар мен параллельдер.

Сингармонизм дегеніміз – буын құрамындағы дауысты мен дауыссыз бірдей қатысты болатын тембр бірлігі.Мағынасы тепе-тең сөздерді сингармониялық варианттар, мағынасында сәл де болса айырмашылығы бар жарыспалы түбірлерді сингармониялық параллельдер дейміз.Варианттар: ү-і: үндеме-індеме, о-ұ: домала-дұмала, ы-і: бырталай-бірталай, о-ө: доңғалақ-дөңгелек,солпи-сөлпи, қоректен-көректен.Бір ғана мағынаны беретін варианттас сөздердің түбіріндегі дауыстылар әдеби тілде ғана емес, жергілікті диалектілерде де бір-бірімен ауыса береді. Оған жоғарыдағы мысалдар дәлел болады. Параллельдер: Жаңқа-жоңқа. Жаңқа-«ағаш жарғанда, не өңдегенде түсетін ірілі-уақты жұқа кесінділер»; жоңқа-«ағашты өңдегенде түсетін ұсақ қиқым». Мұнда ағашты өңдегенде қалатын қалдықтың ірі не ұсақ екендігі а-о сәйкестігі арқылы жеткізіліп тұр.Апат-опат. Апат-«елге төнген қауіп-қатер, қырғын, ауыртпалық; опат- «өлімге,қырғынға ұшыраушылық». «Апат» деген сөзден енді болатын яки болып жатқан іс аңғарылса, «опат» деген сөзден шаруасы біткен, болып өткен іс аңғарылады. Сонда сингармониялық параллельдер – әр түрлі семантикалық айырмашылығы бар немесе стилистикалық-функционалдық өң алған сөздер. Алайда олар «бір ғана лексикалық мағынаның әр түрлі мәнерін білдіру жағынан ғана ажырайды. Семантикалық байланысы мүлде үзіліп қалмайды.Сингормониялық варианттар мен параллельдер терминіндегі сингормония терминінің қатысуы негізінен қателік болып саналады, алайда ол осы терминді атауда қалыптасып кеткен дейді, ғалым Б.Сағындықұлы. Қорыта келгенде, сингормониялық варианттар мен параллельдердің айырмашылығы алғашқысында мағыналас болса, кейінгісінде ұғымы бір алайда мағыналары басқа болып келеді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2626 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2460 - | 2139 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.