АЗАҚ ТІЛІ
Азақ тіліндегі омонимдер, олардың зерттелуі.
Омоним деген термин гректің “homos” – біркелкі, бірдей, “оnyma” – ат, атау деген сөздерінен алынған. Сонда бұл термин біркелкі, бірдей атау дегенді, яғни дыбысталуы бірдей де, мағынасы әр басқа сөздер дегенді білдіреді. Мысалы: Біз-мен деген жіктеу есімдігінің көпше түрі. Біз-зат есім, тігу үшін қажет құрал. Сонымен, дыбысталуы бірдей де мағынасы басқа-басқа сөздер омонимдер деп аталады.Омоним түзетін сыңарлардың саны екеуден кем болмайды, үш сөзден, төрт сөзден, кейде одан да көп сөзден құрала береді. Мысалы: 1)Жай-таратып ыдырату, жазу, 2)жай- баяу;3) жай-әйтеуір, әншейін ғана 4)жай-белгілі бір орын, мекен тұрақ, т.б.Омонимдерді қазақ тілінде қарастырған ғалымдардың ішінде К.Аханов «Қазақ тіліндегі омонимдер» атты еңбегінде «Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер» десе, Т. Қордабаев материалдық ұқсастықтыры, бірліктері ғана болмаса, мағыналық жағынан бір-біріне ешқандай ұқсастықтары жоқ сөздерді омоним сөздерге жатқызады.Қазақ лексикологиясын сөз еткен ғалымдардың еңбектерінде сөздің көпмағыналылығына, соның ішінде, синоним, антоним, омонимге тоқталмай кеткен еңбек жоқ. Қазіргі таңда лексикология саласындағы Б.Сағындықұлы мен Ә. Болғанбаев, Б.Қалиұлының және М.А.Белбаеваның («Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы») қазақ тілінің лексикологиясына байланысты еңбегін теориялық тұрғыдан нақты әрі тұжырымды еңбек деп атауға болады. Профессор Б.Сағындықұлы өзінің «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде «көп мағыналылықтың» ішінде омонимдерге, олардың ерекшеліктеріне тоқталған. Ғалым омонимге «дыбысталуы бірдей ұғымы басқа басқа сөздерді омонимдер деп атаймыз» деп анықтама береді. Сондай-ақ омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығын ашып берген ғалым, көп мағыналылық пен омонимдерді ажыратудың принциптерін ұсынады. Осы тұжырымының жалғасы ретінде омонимдердің омофон және омографтар деп аталатын жалған омонимдерден ерекшелігіне тоқталған. Омонимдердің түрлері ретінде: лексикалық – бір сөз табынан болған омонимдерді, мәселен, дәрі –ауырғанда ішетін, дәрі –оқ. Лексика-грамматикалық –әр сөз табынан болған омонимдер: ет –етістік, ет – тамақ; Омонимдердің жасалу жолдары:
Семантикалық даму нәтижесінде: қайшы-қайшы; бытыра-бытыра;
Фонетикалық өзгерістер нәтижесінде: бігіз –етік тігетін біз, біз – жіктеу есімдігі;
Түбірлер мен негіздерге омонимдес жұрнақтардың жалғануы: қатынас – қатына+с;
Кірме сөздердің төл сөздермен дыбысталуы: мақта – шаруашылық; мақта –мақтау біреуді.
Б.Қалиұлының омонимдер жайлы пікірі де осыған келіп саяды, ал А.М. Белбаеваның омонимдерді зерттеудің елеулі еңбегі ғалымның басшылығымен шыққан «Омонидер сөздігі» болып табылады.
Көп құрамды құрмалас сөйлемдер
Көп құрамды құрмалас сөйлем — компоненттерінің саны үш және одан да көп болып келетін құрмалас сөйлемдер. Мысалы: Көп ойлануға уақыт қалған жоқ, жалғыз үміт: не Талғар өткел беріп құтқарады, не өзі жұтып құтқарады, әйтеуір дұшпанға жоқ. (М. Әуезов). Көп құрамды құрмалас сөйлемтар көп құрамды салаласқа, көп бағыныңқылы сабақтасқа және аралас құрмалас сөйлемге жіктеледі. Көп құрамды салапастың баяндауыштары өңкей тиянақты тұлғада тұрады (Шұғыл орысша білмейді, барон қазақша білмейді, бірақ екеуі кейде араға тілмаш салмай ақ түсінісе береді. X. Есенжанов). Көп бағыныңқылы сабақтастың тиянақсыз тұлғалы бірнеше бағының қылары тиянақты тұлғалы бір басыңқыға қатысты болып келеді (Бірақ күз суық болмай, күзек оты әлі де мол болғандықтан, жұрт іркіліп отыр. М. Әуезов). Аралас құрмаласта тиянақты, тиянақсыз тұлғалы компоненттер араласып қатар жұмсалады (Қазір ол Игілікгің үстіне барлық мақтауын үйер еді, аузына сөзі құрғыр түспей, тілі кемекейіне жабысып қалғандай күрмеліп қалыпты. Ғ. Мүсірепов)
Қазіргі қазақ тілінде көп компонентті құрмалас сөйлемдерді оқыту өзекті мәселелердің бірі.
Қалыпты (екі бөлімді, екі компонентті) құрмалас сөйлемді бір немесе бірнеше компоненттермен (предикативтік бірліктермен) толықтырғанда және күрделендіргенде құрмалас сөйлемнің ерекше бір түрі жасаланылады. Дәстүрлі түрде олар құрмалас сөйлемнің күрделенген түрі немесе көп құрамды, көп компонентті құрмалас сөйлемдер деп аталынады. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер қазақ әдеби тілінің стильдерінің көпшілігінде кеңінен қолданылады. Қалыпты құрмалас сөйлемдерден ерекшелендіретін өзіне тән құрылымға ие және жазба, ауызекі сөйлеу түрінде қолданылады.
Бұндай сөйлемдерді граммтикалық талдау үшін көп компонентті құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырата білуіміз керек. Қазақ тілінде көп компонентті құрмалас сөйлемдер қазір әр түрлі аталып жүр. Олар құрмаласу жолдарына қарай түр-түрге бөлінеді. Дегенмен қазіргі дейін құрмаластың осы түрін бір жүйеде талдаудың үлгісі болмай келеді. Негізінен көп компонентті құрмаластар: көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер, көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер, көп сыңарлы салалас құрмалас сөйлемдер, аралас құрмалас сөйлемдер. Қазақ тілі білімінде бұндай сөйлемдер туралы алғашқы пікір айткан А.Байтұрсынұлы болды. Ахаң бұндай құрылымдағы сөйлемдерді өрнекті сөйлемдер деп атап, оған мынадай анықтама береді. «Өрнекті сөйлем деп, құрмалас сөйлемдердің бастары қосылып, кестелі болып құрылуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке, яки кілемге салынған түр сияқты болмағанымен, өрнек-өрнегімен айтылады. Өрнекті сөйлемді айтқанда дауыс көтеріліп, төмендеп әнші оралып, қайырылып отырады. Сондықтан өрнекті сөйлеу оралым деп аталады." (1).
Көп компонентті құрмалас сөйлем компоненттерінің тіркесімі құрмалас сөйлемнің көлеміне байланысты зерттеледі, өйткені созылыңқылық пен тіркесімділік бір-біріне өте байланысты: Созылыңқылық компоненттердің тіркесуі нәтижесінде қалыптасады, ал тіркесімділік өз кезегінде белгілі предикативтік бірліктердің санына байланысты болуы мүмкін.
Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінде сирек кездескенімен, әдеби тілімізде жиі кездеседі.
Мысалы: Үміт пен қатер безбенге түсіп, кейде үміт кейде қатер басып, Әбіштер ауылына жеткенше еңсе алмады. (М. Әуезов)
Күрделі құрмаластардың пайда болуына себепкер – айтушы. Әсіресе, жазба тілде айтушы ойға қазық болатын бас пікірді жан-жақты толықтырып беру мақсатында үш –төрт сөйлемді қырларын келтіре отырып, үздіксіз созылмалы интионациямен береді. Ауызекі сөйлеу тілінде күрделі құрмаластар жай құрмалас сөйлемдер сияқты көп кездесе бермейді. Көп компонентті құрмаластардағы әрбір жай сөйлемдер жеке-жеке тұрғанда өзі алдына бір-бір дербес бірліктер. Бірақ, құрмаластың құрамында үлкен хабардың күрделі бір ойдың құраушы бөліктері, айтылатын негізгі ойды толықтырушы жан-жақты сипаттаушы элементтер болып табылады. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің талдануларына көз жіберсек, көп сыңарлы- салалас құрмалас құрамында, көп бағыныңқылы, көп басыңқылы - сабақтас құрмалас сөйлем құрамынан, ал аралас құрмалас сөйлемді жеке-дара көреміз. Осы күрделі құрмалас сөйлемдердің жүйелі талдауын үлгі ететін еңбектер бүгінгі таңда өте аз. Бұндай күрделі құрмаласты талдау үшін құрмалас сөйлемнің грамматикалық құрылымын толықтай білу керек. Көп компонентті құрмалас сөйлемнің әр түріне қысқаша тоқтала өтейік.
1) Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Мысалы: Алғашқы бір қағысулар осымен өтіп, ойын арасында айтысқа тағы оралып келді, Қуандық ән айтты, термеде тартты. (М.Әуезов)
Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп «бағыныңқы – басыңқы –басыңқы» тұлғалы сыңарлардың мағыналық және интонациялық жағынан тығыз байланыста болып, синтаксистік байланыстың тәсіліне бағынған күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді айтамыз. Бұл жерде ескеретін бір мәселе - аралас құрмалас сөйлем мен көп басыңқылы сабақтас құрмаластың ұқсастығы мен айырмашылы.
2) Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас.
Мысалы: Бұлар түн ортасы ауа үйге келсе, Балтабек ұйықтап қап, Айбала көйлек жамап отыр екен. (Ж. Аймауытов)
Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің басты ерекшелігі бір-бірімен ұласа байланысқан жай сөйлемдердің соңғысынан басқасы тиянақсыз тұлғада тұрады. Сабақтас құрмаластың грамматикалық құрылымы өзіне тәндігімен ерекшеленеді. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымында компоненттердің қызметі бағыныңқылық және басыңқылық сипатта болады. Сөйлемдегі предикаттылықты білдіру мен анықтауда басыңқы және бағыныңқы компоненттердің рөлі бірдей емес. Шешуші рөл предикаттылық орталықты ұйымдастырушы басыңқы компонентте. Бағыныңқы компоненттер басыңқыға немесе сондағы сөз тіркесіне, сөзге бағына отырып қызмет етеді. Сонымен бағыныңқы компоненттің қызметі басыңқы предикаттық орталыққа немесе оның бөлігіне қызмет ету және бағыныңқылық синтаксистік қатынасты білдіру болып табылады. Бағыныңқының предикаттылықты білдірудегі рөлі екінші деңгейде.