Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі




Саяси жанжал әлеуметтіктің: биліктің, ықпалдың, абыройдың әр түрлілігі болып табылады. Билік ресурсы биліктің себептерінен пайда болады. Ал билік бәрімізге белгілі, адамдардың іс-әрекеті үшін мықты ынталандыру күшіне ие. Сондықтан әлеуметтік мүдделермен қозғалатын саяси жанжалдар көбінесе билікті ұстау мен ие болу мәселесін қозғайды.

Саяси жанжал теориясының негізін қалаушылар болып К.Маркс пен А.Токвиль саналады. Олар бұл мәселеге әр түрді жақындады, бірақ бір нәрседе бірге болды: әлеуметтік одақтың ішінде ынтымақтастық та, жанжал да шарасыз. Егер К.Маркс саяси жанжалда барлық саяси процестің өзегін көрсе, А.Токвиль демократия жанжал мен консенсус күштердің арасындағы балансты көрсететіні туралы идеяны бірінші ұсынды.

Саяси жанжалдың қайнар көзі, ереже бойынша саяси қайраткерлердің рөлдері мен мәртебелерінің әр түрлілігінен және осы әлеуметтегі қажеттіліктерімен сәйкес келмеуінен, сондай-ақ адамдарда билікке байланысты әр түрлі құндылықтары мен сенімдерінің бар болуынан бастау алады. Саяси жанжалда стратегияны алып жүруші әлеуметтік макро және микротоптардың, қоғамдық саяси құрылымдардың мүдделерін қозғайтын кез келген мәселе бойынша өмір сүретін саясат пен заң шығару билігін өзгерту мақсатымен саяси құрылымдарға қысым болып табылады.

Жанжалдың бұл түрінің өзіне тән ерекшелігі - ол қоғамның барлық саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік, этносаралық қатынастар саласынан өтеді дегеннен тұрады. Саяси жанжалды шартты түрде екі негізгі түрге бөлуге болады. Біріншіден, - билік құрылымында ұсынылмаған немесе тіпті басып тасталған қоғамдық күштермен билік арасындағы жанжал. Екіншіден, - билік өкілеттілігінің бөлінуі үшін саясат ішіндегі күреспен байланысты билік ішіндегі жанжалдар.

Сондай-ақ көлденең және тік саяси жанжалдар бөлініп көрсетіледі. Біріншісі - индивидтердің, топтардың және таптардың арасындағы (биліктің орталық және жергілікті органдары арасында, азаматтар мен әр түрлі мемлекеттік құрылымдар арасында) жанжал.

Саяси талдауда объективті белгісі бойынша жанжалдарға шек қою маңызды мәнге ие, дәлірек айтсақ:

объективті қарама-қайшылықтармен туындаған, “шынайы” жанжал,

“кездейсоқ” - әзірге оның қатысушыларымен ұғынылады;

“орнынан алынған” - ол объективті себептермен жанама түрде байланысты болғанда;

“жазылып қойылған”, алысу жағдайындағылар емес, тіпті басқа субъектілер жанжалға түскен кезде;

“жалған” - шынайы себебі жоқ, алайда билік үшін күресте күрделі саяси атмосфера жасауға бағытталған.

Саяси жанжалды талдай отырып, кейде билік үшін күреске қарағанда идеологиялық мақсаттар үшін күрес қызу сипатты қабылдайтынын ойдан шығармау керек. Ресейдің бұрынғы президенті Б.Н. Ельциннің оның имиджі үшін ыңғайлы мазмұндағы конституцияны қабылдаудан бас тартқан парламентке қарсы күресін еске түсірудің өзі жеткілікті. Бұл күрес, соңында Мәскеудегі Ақ үйді атумен және парламентті күштеп таратуымен аяқталды. Кейін мәлім болғандай, идеологиялық айтыс Ресейдің дамуының әр түрлі стратегияларының: социалистік және капиталистік арасындағы жанжал болды. Тәжірибе көрсеткендей саяси жанжал ереже бойынша, екі деңгейде: бір жағынан, оппозиция мен билік арасында, екінші жағынан билік құрылымдарының ішінде өріс алады.

Атап кетерлік жәйт, жанжалға қатысушылардың орны жоғары билікте болса, онда билік үшін күрес қызу болады. Әрі биліктің жоғары тізгініндегі билік үшін күрес жасырын түрде өтеді. Бұл жерде әрбір қатысушы табысты мақсатқа, өзінің командасының немесе топтарының құқығын кеңейтуге қол жеткізу үшін көп нәрсемен құрбан етуге дайын.

Саяси жанжал екі ауыспалы полюске (күштеу және қарқынды) ие. Жанжалдық полюс бір жағынан, соғыс, бүлік, көтеріліс, төңкеріс болып табылады, басқаша айтқанда, адам өмірі үшін қауіпті қаруланған күрес. Екінші жағынан, - өркениетті кеңес беру, пікірталас және келісім болуы мүмкін. Топтар арасындағы соқтығыстың азды-көпті күштеу формасы - ереуіл, бәсеке, қызу пікір таластар, талап қою, саботаж және тәни күш қолдану.

Осылайша саяси жанжалдар, әлеуметтік сияқты объективті және субъективті жақтарына ие. Объективті жағы - бұл субъектілердің терең мүдделері және олардың арасындағы қарама-қайшылықтар. Объективті қарама-қайшылықтарды субъект ретінде ұғыну - бұл жанжалдың субъективті жағы. Міне сондықтан, саяси жанжалда объективті бастаудың рөлі ерекше жоғары. Осыдан оның бір өзіндік ерекшелігі бар жағын көруге болады.

Саяси жанжалдың тағы бір ерекшелігі бар. Ол нормативтік-құндылықты өлшемге ие. Саяси ойынның ережесін анықтайтын саяси құндылықтар конституция нормасында бекітілгені мәлім. Ал құндылықты аспект ереже бойынша, жанжалдың үдемелі дамуында және оларды реттеуде жұмылдырушы рөл атқаратын идеологиямен бекітіледі.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 789 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2255 - | 2185 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.