Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары




Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланысы екі дербес шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін - одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмідің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды. Әлеуметтік жіктелудің күшеюімен қатар қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларының тәуелсіздігі арта түседі. Қоғам, мамандану және жіктелу жолымен жылжи отырып, онда әлі оның өмір саласын құрайтын бөліктері бір жерде топтасып, оларды айыру мүмкін болмайтын тұтастық жағдайынан көп бейнеліктің бірлігін білдіретін жалпыламалыққа бірте-бірте өзгереді.

Бұл діннің атқарып отырған қызметтерін егер мәселе дамыған қоғам жайында болса, олардың қоғамда қызмет атқарушы басқа да әлеуметтік жүйелер мен институттармен етене араласуы тұрғысынан қарастыру керек, ал егер дамушы қоғамда болса ортағасыр кезіндегідей діннің жаппай билеп-төстеуі сияқты емес, сәйкес немесе ұқсас жолдары бойынша қарастыру керек екендігін білдіреді.

Мұндай көзқарас былай деп ұйғарады: біріншіден діннің қызметі кез келген әлеуметтік әрекет белгілі бір құндылықтарға бағыт ұстанған субъективті ойдан өткізетін әрекет болып табылады деген негізгі фактілермен арақатынасы белгіленуі керек. “Қоғам” ұғымы қатаң социологиялық мағынада топ мүшелері мен топтар арасындағы көп бейнелі әлеуметтік қатынастардың етене араласып кеткенін білдіреді. Бұл қатынастардың күрделілігі дін мен мәдениеттің әрекеттесуінде көрінеді. Егер Вебермен келісе отырып қоғамды индивидтердің әлеуметтік әрекеті ретінде қарастыратын болсақ, онда ол олардың әрекетінің аумағы мен өнімі ретінде елестетіледі. Индивид әрекетті бастама ретінде көреді, әрекеттілік оның тарапынан келіп шығады. Мәдениет болса, мәжбүрлі түрде әрекет етушіні реттеу нормалары ретінде өмір саласының қалыптасып қалған амалдарын белгілейді, ол индивидке сырттан берілгендей болады. Осы тұрғыда дін, адамның әрекеті және әлеуметтік феномен болады. Яғни, қоғамның өмірлік әрекетінің туындысы, одан кейін адамға сырттан берілген және міндетті түрдегі қарсы тұратын секілді. Дін бұл тұрғыда мәдениет түсінігімен арақатынасын белгілейді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде “дін және қоғам” мәселесі көбінесе “дін мен мәдениеттің” бір бөлігі болып табылады.

Дін әлеуметтік-мәдени байланыстардың бір буыны, оның қызмет етуі олардың құрылымын және пайда болуын түсінуге мүмкіндік береді. Дін әлеуметтік қатынастардың пайда болуының және қалыптасуының факторы ретінде көрінеді, біріншіден, қандай да бір әлеуметтік қатынастардың белгілі бір формаларын заңдастыру факторы ретінде, екіншіден, дін қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік беретін және оның өзгерісін ынталандырушы фактор ретінде қарастырылуы шарт. Бұл діни белсенділіктің негізінде діннің басты қызметтерінің қатарына жататын - мағыналық пайымдау қызметі жатады, ол Вебер, Дюркгейм және басқа қазіргі заманғы діни социологтардың түсінігінде діннің негізгі қызметі болып табылады. Дін - адам өмірін саналы қылатын нәрсе, ол оны ең маңызды құрамдас бөлігі “мағынасымен” қамтамасыз етеді. Бұл діннің дүниенің (ғарыштың, универсумның) бейнесін беруінің арқасында болады, онда әділетсіздік, қайғы-қасірет көру, өлім, “менің өмірімді” қайғылы сәтсіздікке алып келетіннің барлығы үмітті үзуші, “менің тағдырымды бұзады, ол тіпті басқаша болуы мүмкін еді”, міне осының бәрі “соңғы немесе түпкі нақтылық” перспективасында басым мағына мен мәнге айналады, ол жерде дін дүниені өз бейнесінде ұсынады. Егер қайғыру және өлім мағынаға ие болса, егер адам оның мәні неде екенін білсе, онда қайғыруды жеңе отырып, адамда өмір сүруге деген жігер пайда болады. Адам не үшін өмір сүріп отырғанын білуі оны күшті қылады. Адам егер ешнәрсесі жоқ бостықты сезініп, өзімен не болып жатқанның мағынасын түсінуден қалған кезде, оның әлсіз, дәрменсіз, абыржу жағдайында болып, өзін-өзі жоғалтқан жағдайға түседі. Сол сияқты, егер адам, оның кездейсоқ жолы болып өзінің бақытты жеребиі үшін еңбегі сіңгенін сезбесе, онда өмір мағынасыз болады. Осы жағдайда да өмір мағынасыз болады, өйткені барлық іс соқыр кездейсоқтықтан болып, ешнәрсе сенімді емес.

Дін адамдарға біздің әлемімізде өмір сүретін басқа адамдар арасынан оның құрамына енетін топтың мәнін көрсете отырып, өздерінің кім екенін түсінуге көмектеседі. Діннің осы біріктіруші және адамның өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беретін қызметі индустриалдыққа дейінгі қоғамдарда ерекше күшті әрекет етті. Мысалы, американдық дінтанушы-социологтар плюралистік американдық қоғамда бірде-бір дәстүрлі діндер бұл мақсатты орындай алмай отырғанын айтады. Әлеуметтің сипатымен бірге өзгеруінен дін де өзінің қызметімен өзгеруде. Сондықтан діннің біріктіруші қызметі қазіргі қоғамда ең бір маңызды болып сақталуда, бірақ ол өзінің іске асыру амалдары мен формаларын өзгертуде.

Дін қоғамның нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып, онымен бірге оның тұрақтылығына мүмкіндік жасайды. Дін сол әлеуметтік құрылымға пайдалы нормаларды орнықтыра отырып, тұрақтандырушы функция атқарады және адамның моралдық міндеттерді орындау үшін алғышарттар жасайды. Адамдардың осы тиым салынғандарды бұзу оқиғалары орын алғандықтан көпшілік діндер қайта орнына келу және міндеттемелерді орындау үшін талпыныстарды қолдайтын амалдарға ие - тазалану және кінәсін жуу ырымдары, олар күнә сезімін бәсендеуі немесе оны артуы мүмкін.

Дінді бұлай түсіну Р.Беллдің жоғарыда келтірілген анықтамасында көрініс береді. Ол анықтама бойынша дін тұтас әлемді қабылдау үшін символикалық жүйесі және индивид пен әлемнің ортақ тұтастығы ретінде байланысын қамтамасыз етеді, ол жерде өмір және әрекет белгілі бір соңы мағынасына ие болады. Қазіргі заманғы көрнекті социолог П.Бергердің сөзімен айтсақ, діни символдар мен түсініктер, белгілі бір мағына бере отырып, адамның өмір сүруінің тұрақтылығы мен мықтылығын қамтамасыз етеді. Дін адам өмірінің құндылықтары мен нормаларын түсіндіре отырып, әлеуметтік тәртіппен әлеуметтік әлемнің тұрақтылығына кепілдік беріп, қандай да бір “қасиетті шымылдықты” көзге елестетеді.

Қоғамның тұрақтылығы төрт деңгейдегі қызметтердің орындалуымен: бейімдеуді, мақсатты бағыт ұстануды, қоғаммен бірігу және орындауды, жүріс-тұрыстың институцияланған мәдени үлгілерін қолдауды қамтамасыз етумен ең алдымен табиғи ортаға бейімделуі мүмкін болады. Бейімделу - ол қоғамның өмір сүру ортасына: бұл міндетті қоғам ішіндегі экономикалық шағын жүйе шешеді. Мақсатты бағыт ұстану - ол жерде инидивидтің қоғам үшін қиратушы, өзінің жалпы мақсаттарымен бәсекелесуші жағдайларды жете түсінбеуін қамтамасыз ету; қоғамдық жүйе ішінде бұл қызметті орындауға отбасы да қатысқанымен, негізінен саяси шағын жүйе орындайды. Интеграция - ол бір-бірінен тәуелсіз белсенді тұлғалар арасындағы келісімді қамтамасыз ететін әрекет ету құрылымын жасау арқылы жанжалдар мен шашыраңқылық қауіпін болдырмауды білдіреді. Функциялар институционалды түрде жіктелетін дамыған қоғам шеңберінде бұл қызметті әлеуметтік рөлдердің нормативтік анықтамаларын белгілей отырып, құқықтық шағын жүйе қамтамасыз етеді.

Сайып келгенде, егер де оның мүшелерінің әрекеті белгілі бір деңгейде шектелмесе, егер де олардың әрекеті өз бетінше және шексіз өзгеріп отыратын болса ешқандай жүйе өмір сүре алмайды. Жүріс-тұрыстың белгілі бір заңдастырылған түрлерін сақтап және орындап отыру керек. Оған қоса, сөз жай ғана нақтылы әрбір қоғамдағы нормативтік тәртіптер жөнінде ғана емес (бұл қызмет құқықтық шағын жүйенікі), сонымен қатар заңдастыру, яғни сол нормативтік тәртіптің өзінің өмір сүруін негіздеу және заңдастыру туралы болып отыр. Сөз қандай да бір заңды орындау туралы болып отырған жоқ, жалпы принціпінде заңға деген көзқарас, адамды заң түріндегі қандай да бір байланыстырушы нұсқау бар ма және оны мойынау керек пе деген сарында болып отыр. Парсонс бұл проблема құндылықтардың әлеуметтік емес мәдени жүйесіне қатысты екендігіне назар аудартты. Бұл жүріс-тұрыстың мәдени үлгілерін қолдану міндетін Парсонс діннің мәдени таратушы қызметі саласына жатқызады, өйткені ол саясатқа немесе құқыққа қарағанда адам жүріс-тұрысын оның нақтылы мақсаттар мен жағдайларға қатысты жекеліктің, партикулярлықтың шеңберінен шығатын нәрселердің ара қатынасын белгілеу арқылы, - оны “соңғы” немесе “түпкі” нақтылықтармен ара қатынасын белгілеу арқылы реттейді. Қандай да бір нормалардың дұрысына немесе бұрыстығына сілтеме жасау жеткіліксіз. Діннің міндеті - қандай да бір норманы заңдастыру емес, нормативтік тәртіптің өзін қабылдау. Тиісінше, сөз жүріс-тұрысты саяси құқықтық немесе экономикалық реттеуге қарағанда діннің тереңірек қызметі жаййында айтылып отыр. Бұл теориялық тұжырымдама дінді оның қоғамдағы алатын орнымен атқаратын рөлі жөнінде тәжірибелік біршама кең көлемді мәліметтерді түсіндіруге мүмкіндік беретін құбылыс тұрғысынан түсінуді ұсынады. Алайда ол бірқатар қиыншылықтармен кезігіп, міндетті түрде мойындауды кездестіре бермейді.

Ең алдымен, ойдан шығармайтын нәрсе, ол дінді функционалдық тұрғыдан түсіну, жеткіліксіз түрде негізделген алғышарт негізінде құрылады: функционализм, мықты қоғамдық ынтымықтастық пен тұрақтылық тек рухани-мәдени факторлар, идеялар, құндылықтар, мағыналар, символдар жүйелерінің көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін дегенге сүйенеді. Дін бұл тұжырымдамада жан-жақты фактор ретінде қызмет етеді. Өйткені қоғам алдын ала діни шектеулерсіз басқаша қызмет ете алмайтын қандай да бір мәдени-рухани тұтастық ретінде түсіндіріледі. Функционализм әділетсіз - біржақты болып қалады. Ол мысалы, адамға табиғатынан тән және тарихи дамыған қажеттіліктер, белгілі бір мүдделерді қанағаттандыру және оны келістіру негізінде, яғни сол әлеуметтік-мәдени жүйенің механизмі арқылы қоғамның нығайып бірігуі мен тұрақтылығы мүмкіндігін елемейді. Шынайы жағдайда жоқ дегенде интеграцияның рухани-мәдени факторлары және қоғамдық тәртіпті негіздеу, әлеуметтік жүйені сақтау деңгейінде әрекет еткен күш көрсету мен мәжбүрлеу сияқты факторлар назардан тыс қалады. Бұған тағы эмпирикалық мәліметтер қоғамдық-моралдық жағдайына діннің әсері бүгінгі күнде айтарлықтай әлсіз және бұрын да қоғамның “моралдық архитектурасын” монопольды түрде қамтамасыз ете алғаны күмәнді екенін куәландыратынан қосқан абзал. Шамасы қоғамның бірігуін бірқатар факторлар қамтамасыз етеді (немесе қамтамасыз етуге ықыласты). Бұл тарихи өзгермелі жағдай. Мысалы, социологтар, қазіргі дамыған демократиялық қоғамда интеграцияның белгілі бір деңгейін көп мөлшерде заңдар қамтамасыз ететінін, жалпылама құндылықтардың (адам құқығын) таратушы рөлін көп мөлшерде құқықтық институттар өз қолына алуда екенін айтуда. Бұл қоғамның секуляризациялануының бір көрінісі.

Тағы бір проблема, дін қоғамдық интеграцияның факторы ретінде ғана болмай, сонымен қатар кері интеграция, яғни кері интеграциялау қызметін атқаруымен байланысты болып отыр. Жалпы формасында дін тіпті кері қызметті болуы мүмкін екенін айтуға болады, мысалы экономика саласында, еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін, техникаларын енгізуге кедергі бола отыра, қоғамның экономикалық тоқырауын күшейтуі мүмкін. Яғни, діннің қандай түрі болмасын атқаратын қызметтері қоғам үшін жағымды да, жағымсыз да мәнге ие болуы мүмкін.

Дін, интеграция мен тұрақтылық әкелуші емес, қиратушы, жанжал әкелуші фактор ретінде әрекет етуі мүмкін екендігін айғақтайтын фактілер жанжалдар теориясы шеңберінде қарастырылды. Проблеманы таптық күрес аспектісі арқылы шешкен К.Маркстің пікірінше дін тарихи қажеттілік, оны таптық күрес арқылы төңкерістік қайта құруды талап етіп отырғанда, ол әлеуметтік интеграцияның факторы ретінде қызмет етуші және билеп төстеуші таптарға қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруына көмектесетіндіктен жағымсыз рөл атқарады дейді. Дін өмір сүруші қоғамдық құрылымды ақтайды, онымен татуластырады. Сыни көзқарасты оятудың орнына, мойындауды миына құяды. Ал бұл нәрсе түбінде қоғамды жанжалға алып келеді.

Функционализмге, яғни қоғам өзімшілдік мүдделері бар және бүкіл қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін қамтамасыз ететін құндылықтық сенімдері болмайтын топтардан тұрады деген көзқарасқа тікелей қарсы шығады. Қоғам жанжалдармен, күш көрсетумен, түрлі топтар арасындағы билік үшін күрестермен сипатталады. Тұрақтылық тек уақытша тепе-теңдік ретінде ғана мүмкін. Әлеуметтік қатынастардың қалыптасуының шешуші факторы топтардың өзімшілдік мүдделері болып табылады. Діни топтар - бір-біріне араз топтардың мүдделері қарама-қарсы тұратын, соқтығысатын жүйенің бір тетігі. Ортақ сенімдердің болуы олардың әлеуметтік бірігуінің шартты түрде маңызды емес жағдайы ретінде қарастырылуда болса, ал діни айырмашылықтар - тамыры терең жанжалдарды сырттай безендіру ретінде қарастырылады. Бұған мысал ретінде христиан елдеріндегі еврейлерді қудалауды келтіруге болады, оның түбінде экономикалық фактор жатты, Ирландиядағы протестанттар мен католиктер арасындағы дау-дамай, ортодокстар мен “дін бұзарлар” арасындағы күрес және басқалар. Этникалық және топтық айырмашылықтар діни айырмашылықтармен шиеленісіп кеткен уақытта жанжалдар айрықша өткір сипат алады. Діни жанжалдар сыртқы көрінісінде, этникалық немесе таптық негізде соқтығысуды бүркемелеуі мүмкін. Егер экономикалық мүдделер және этникалық байланыстар қоғамның бірігуіне жол ашатын жағдайларда, діни айырмашылықтар жіктелудің жалғыз ғана символы болады. Басқа діни топ өкілдерінен жауларды көру әдеті көптеген нақтылы жағдайларға байланысты күшейе түсуі немесе әлсірей түсуі мүмкін.

Дін дінаралық жанжалдармен қатар оның сауатты қоғамда өмір сүруімен байланысты жанжалдарды да тудырады. Мысалы, діни құндылықтар жүйесі құрметке сай жалғыз өзі секілді, сауаттылардың құндылықтар жүйесіне қарама-қарсы қойылатын жағдайлар сирек емес. Дін жолын ұстаушылық діни ережелерді сақтау мен заң арасындағы жанжалға алып келуі мүмкін. Мұндай бейнедегі мысалдарды, діни жүріс-тұрыс ортақ ережеге бағынатынын көрсету үшін жанжал теориясының жақтастары ұсынып отыр: кез келген жүріс-тұрыс өзімшілдік мүдделерді басшылыққа алады.

Шындығында, жанжал топішілік интеграцияның мүдделері көзқарасы тұрғысынан функционалды, діни топ ішіндегі бірлесу көзі болуы мүмкін. Сондықтан кейбір топтар жанжалды сыртқы әлеммен байланыстырады, одан оқшаулану қаншалықты күшті болса, соншалықты ішкі ауызбіршілік мықты болады. “Бөтендерге” деген өшпенділік қауымдастық сезім туғызады, сүйенішті тек “өз адамдарынан” іздеуге шақырады. Сонымен әлеуметтік жанжал және әлеуметтік интеграция бір үлгінің екі жағы ретінде көрінеді және бір-бірімен байланысты тұрғыдан қарастырылуы керек. Мұндай тенденция айрықша айқындығымен, былайша айтқанда ислам аймағында орын алуда, бұл жерде ол экстремизм және қарулы қақтығыс сипатына ие болуда.

Жанжалдар тек діни топтар арасында ғана болмайды, сонымен бірге олардың ішінде де болады. Топ ішіндегі әлеуметтік жүріс-тұрыстар көбіне индивидтердің өзімшілдік мүдделерін қанағаттандыруға ұмтылуының нәтижесі болып табылады және билік, артықшылық, мәртебе үшін күрес барысында жанжалдар туындайды. Мысалы, діни топтардың көпшілігінде (ортодоксальді иудаизмге қатысты, провословие де, католик шіркеуінде, протестанттық конгрегациялардың көпшілігінде, исламда да солай) ер адамға басым рөл беріледі, әйел адам дін қызметкері бола алмайды. Басқа бір қарапайым жанжал ол клир мен миряндар арасында. Ол діни басылар көпшілік қоғамдарда, пұрсатты қоғам топтарының еншісінде болуы сияқты әлеуметтік жағдайларға байланысты.

Қазіргі заманғы қоғамда діни өмір консерватор-дәстүршілдер мен модернистер, діни жаңару мен реформалардың жақтастары арасындағы жанжалдармен көрініс береді. Әдетте, олардың арасындағы күрес таза теологиялық пікірталас шеңберінен шығып кетеді және дін басыларының әлеуметтік саяси бағыт ұстануының біртекті еместігін көрсетеді.

Дін ішіндегі жанжалдар көбінесе қоғамдағы өзгерістердің де көзі болып келді, оған әулиелік діндер мысал бола алады. Көне Өсиетте әулиелер, құдай әлеуметтік теңдікті көреді, оны құдай жасап берді ал адамдар оны өз еркімен бұзды деп жария еткен. Әулиелер үлкен әділеттік үшін қоғамды өзгерістерге шақырды және көбінесе төмен, кедей таптардың мүдделерін қорғаушылар ретінде алға шықты. Германиядағы шаруалар соғысында бұқара халықтың жетекішісі реформацияның радикалды қанатының өкілі Томас Мюнцер болды. Ол жер бетіндегі тәртіптерді ортақ мүдделерге сәйкес (билеп төстеушілердің мүддесінде ғана емес) қайта өзгертуге шақырды. Бұл жерде ол құдайдың о баста ойластырғанының орындалуын көрді. Бұл діншілік жанжал (Мюнцер католик шіркеуін және дін қызметкерлерін сынға алады, бірқатар қасаң қағидаларды мойындамады) қалайша нағыз соғысқа әкелетін әлеуметтік жанжалға айналуының мысалы бола алады.

Осыған орай дін социологиясы харизмалық жетекшілердің рөлі жайлы мәселеге ерекше назар аударады. Вебер харизмадан әлеуметтік тұрақтылықтың іргелі қарсы әсерін және өзгерістердің маңызды бастамасын көрді.

Дін қоғам тұрақтылығының факторы ретінде ғана болмай (бұл жерден функционалисте оның негізгі қызметін жиі көреді), сонымен қатар, әлеуметтік өзгерістердің қайнар көзі болып қызмет етеді. Мысалы, Вебер протестанттық реформацияның шешуші рөлін “капитализм рухын” жасауда кальвинизмнің ерекшеліктеріне негіздеді және нәтижесінде Еуропа тарихында жаңа дәуір мен индустриалдық өркениеттің дамуының басталуын білдірген орасан зор тарихи алға басушылықты дәлелдеді.

 

Тақырып 13





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2087 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2272 - | 2125 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.