Жауапкершілік дегеніміз - бар міндетті орындау мен олардың жақсы шешілуі үшін міндеттеме, басқаша айтқанда ұйымдағы белгілі лауазымға ие тұлғадан нақты жұмыс талаптарды орындауын күту. Іс жүзінде тұлға белгілі сыйақы алу үшін осы лауазымның міндеттерін орындауға ұйыммен келісім-шарт жасасады. Жауапкершілік оған өкілеттік берген тұлғаның алдында қызметшінің міндетті орындау нәтижесі үшін жауап беретіндігін білдіреді. Егер менеджердің жауапкершілігі жеткілікті өкілеттікпен қуатталмаса, тапсырманы орындау тым қиындап кетеді.
Өкілеттік - бұл ұйымның ресурстарын пайдалану мен белгілі міндеттерді орындауға кейбір қызметшілердің күштерін бағыттаудың шектелген құқығы. Өкілеттік дәл қазіргі кезде лауазымға ие тұлғаға емес, лауазымға беріледі. Ұйымның ішінде өкілеттік шегі саясат, рәсімдер, ережелер және лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады. Бұл өкілеттендірілген міндеттерді орындау үшін қажет болса да, осы шектен асып кеткен тұлғалар өз өкілеттіктерін асырып жібереді. Көбіне өкілеттік пен билікті шатастырады. Билік - бұл әрекет ету мен жағдайға әсер ету мүмкіндігінің нақты қабілеті. Өкілеттік болмаса да, билікке ие болуға болады. Өкілеттік қандай да бір лауазымға ие тұлға не істеуге құқылы екендігін, ал билік ол іс жүзінде нені істей алатындығын анықтайды.
Құзырлар деңгейі арасындағы қатынастарды орнататын басшының құралы өкілеттіктерді табыстау болып табылады. Өкілеттіктерді табыстау - оның орындалуы үшін өзіне жауапкершілік алатын тұлғаға міндет мен өкілеттіктерді тапсыру. Өкілеттіктерді табыстау ұйымдағы адамдардың өзара қатынасын орнататын негізгі процесс болып табылады. Оның көмегімен басшылар жұмысқа қажетті адамдарды таңдайды. Бүгіндері ұйымдардың басым бөлігі менеджерлерге құқықтардың бөлігін басқарудың ең төменгі деңгейлеріне табыстауға итермелейді, өйткені бұл сыртқы ортаға бейімделу және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру кезінде икемділіктің барынша жоғары дәрежесіне жетуге мүмкіндік береді.
Өкілеттіктерді берудің екі тұжырымдамасы бар:
1) классикалық - өкілеттіктер ұйымның жоғары деңгейінен төменгісіне беріледі;
заңдар - жеке меншік институты - акционерлер - директорлар кеңесі - президент - жоғарғы буын басшылары - орта буын басшылары - төменгі буын басшылары - жұмысшылар
|
Бағыныштылар қойылған міндеттердің шешілуі үшін есеп берушілікті, өзінің жауапкершілігін сезініп, тапсырманы орындау үшін қажетті өкілеттікке ие болуы тиіс. Есеп берушілік өкілеттік пен жауапкершілікке ие менеджерлер биліктің жоғарырақ деңгейіндегі басшылармен жұмыс тапсырмаларын орындау нәтижелерін талқылап, баяндауға міндетті екендігін білдіреді. Есеп берушілік ол арқылы менеджердің өкілеттігі мен оған жүктелген жауапкершіліктің тепе-теңдігіне қол жететін механизм болып табылады.
Кілеттік тұрпаттары
Өкілеттіктің екі тұрпаты бар: сызықтық және аппараттық (штабтық).
Сызықтық өкілеттік - бұл басшыдан бағыныштыға тікелей берілетін өкілеттік. Сызықтық өкілеттік қойылған мақсатқа жету үшін басшыға өзінің тiкелей бағыныштыларын бағыттауға заңдастырылған билік береді. Сызықтық өкілеттіктерді табыстау ұйымды басқару деңгейлерінің иерархиясын құрайды. Иерархияны құру процесі скалярлық процесс деп аталады. Скалярлық процесс көмегімен адамдарға басшылық ету скалярлық тізбек немесе бұйрықтар тізбегі деп аталады. Өкілеттікті табыстау арқылы құралған бұйрықтар тізбегі барлық ұйымдардың ерекше белгісі болып табылады.
Аппараттық өкілеттік - кеңес беру, қызмет көрсету және жекелік қызмет атқарады.
Басшылық арнайы біліктілікті қажет ететін мәселемен жолыққан жағдайда ол уақытша немесе тұрақты негізде сәйкес мамандарды шақырып, сөйтіп, кеңес беру аппаратын құра алады. Өз білім саласында басшыларға кеңес беру бұл мамандардың міндетін құрайды. Көбіне кеңес беру аппараты құқық, жаңа немесе арнайы технология салаларында пайдаланылады.
Кеңес беру аппараты пайдаланылатын кез келген салада аппараттың қызметі белгілікті қызмет көрсетуге де таралуы мүмкін. Кадрлар бөлімі қызмет көрсету аппаратын пайдаланудың мысалы бола алады. Қызмет көрсетуші қызметшілер пайдаланылатын өзге салаларға маркетингтік зерттеулер, қаржыландыру, жоспарлау жатады. Бұл бөлімшелер тиімді шешім қабылдау үшін басшылыққа қажетті ақпарат ұсынады.
Жеке аппарат - бұл басшы хатшыны немесе көмекшіні жалдаған кезде қалыптасатын қызмет көрсету аппаратының түрі. Жеке аппараттың міндеті басшы нені талап ететін болса, соны орындаудан тұрады. Ұйымда бұл аппарат мүшесінің ешқандай өкілеттігі жоқ. Алайда олардың өкілеттігі болмаса да, оның мүшелері үлкен билікке ие.
Штабтық өкілеттіктің келесі негізгі түрлері бар:
– ұсыныстық өкілеттік - басшылық кеңес беру аппаратына кеңес алу үшін өтініш білдіруі де, білдірмеуі де мүмкін;
– міндетті келісім - іс-әрекетке кіріспес бұрын басшылық штабтық аппаратпен сәйкес жағдайды талқылауы тиіс;
– параллель өкілеттік - мұның мақсаты билікті теңдестіру мен өрескел қателіктердің алдын алу үшін бақылау жүйесін құру болып табылады;
– функционалдық өкілеттік - өз құзырының шегінде қандай да бір іс-әрекетті ұсынуы немесе тыйым салуы да мүмкін, сөйтіп сызықтық және штабтық міндеттер арасындағы ерекшелікті жояды.