а) Шаруашылық объектілерін орналастыруға
Қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар Қазақстан Рес-публикасының Үкіметі анықтаған тізбесіндегі қалалар шекарасында орналастырады.
Қалаларды күнделікті жабдықтайтын тауарларды сақтауға арналған жаңа база, қойма, таратқыш, мұздатқыш. Үкімет белгілеген тауарларды сақтау нормасынан артпайтын көлемде жүргізеді. Оларды қала шетінде орналастырады.
Категорияланған қалаларда т/ж сораптау және техникалық станцияларын ықтимал күшті қираулар аумағынан алыс жерге ор-наластырады. Қала аумағында жолаушылар немесе жүк станциялары мен пристаньдарды, теңіз порттарын қала аумағынан аулақ жерге орналастырылуы ұсынылады.
Қаладан тысқары жерлерге троллейбус, трамвай парктері және телефон станциялары апарылады.
Демалыс лагерлері, пансионаттары, санаторилар, демалыс үйлері, базалар және мемлекеттік азық-түлік және материалдық қорлары, жаңа категорияланған объектілер, хабар беретін радио орталықтар, жылжымалы құрал резервтері, байланыс тораптар станциялары, ҚӘУЗ базистік қоймаларға ықтимал бүліну аумағына және сыртында орна- ластыруға тиіс.
Магистральдық (транзиттік) автомобиль және теміржолдары қаладан аулағырақ жерге төселуге тиіс. Ішкі қалалық желі сыртқы қалалық желімен орайластырылуы тиіс.
Ықтимал апатты субасу аумағында жаңа құрылыс аудандарын, категорияланған кәсіпорындар, материалдық және азық-түлік қой-маларын, жылжымалы құрам тұрақтарын салуға рұқсат етілмейді.
Аталған аумақтарға тау-кен өндірісін салуға міндет етеді.
б ) Қалаларды жоспарлау мен құрылыс салу
АҚ ИТЖ жобалау нормалары талаптарын ескере отырып қала-ларды жоспарлау мен салу елді мекендердің зақымдалуын, халық шығынын азайтуға және қысқа мерзімде ҚНжЕ жүргізу қабілеттілігін жүргізуге ықпал ететін маңызды шаралар болып табылады. Жаңа қалалар онда 200-250 мың тұрғындарды ескере отырып жобаланып салынады.
Қала аумағы әрқайсысы 250 га бөлінген жекелеген оқшау тұрғын алқаптарына (телім, оран, ықшам аудан) бөлінеді. Олардың арасында- ғы өрттен қорғау бөліктері 100 м аспауға тиіс.
Үлкен көшелер (даңғылдар) 2 бағытта қаланың орталық бөлігінен сыртқы аймаққа шығуды қамтамасыз етуі тиіс.
Ішкі қалалық көлікті жерді сыртқы көлікпен, т/ж станциясымен өзен вокзалымен, әуежаймен, автовокзалмен сенімді және ыңғайлы байланыста болуға тиіс.
Қаланың 1 км2 алаңында өзеннің жалпы ағынына орай 3000 м3 көлемдегі су алабы болуға тиіс. Осындай суат бір шақырым бойындағы өрт сөндіруді қамсыздандырады.
Жаңа көпірлер барлығының бір жарылыс пен құруын болдырмай-тындай қашықтықта салынуы тиіс.
в) Өндірістік ғимараттар мен құрыстарды жобалауға
АҚ ИТЖ жаңа шаруашылық объектері және коммуналдық-энергетика жүйесін, ғимарат пен құрылыс салу кезінде экономикалық тұрғыдан аса қажетті және тиімді.
Өндірістік ғимараттарды салу мен жобалау кезінде жанбайтын немесе баяу тұтанатын материалдан жасалынған жеңіл қоршау құр-ғыларын пайдалану ұсынылады.
Бұған пайдалану шарттарымен жол берілген жағдайда шатыр немесе жеңіл жамылғы астындағы ашық алаңдағы технологиялық қондырғыны орналастырған жөн.
Азық-түлік және азық-түлік шикі заты қоймалар үшін тұрақ-жайды таңдау кезде сүрлен үлгісіндегі және резервуармен жабылған ғимараттарға артықшылық беріледі, ғимарат бөлмелерінде есік және терезе ойықтары саны шағын болуға тиіс.
Ғимарат пен құрылысты жобалау мен салу кезінде оларды радио-активті шаңнан, УЗ және бактериологиялық қорғау бойынша шаралар жүргізуі тиіс.
г) Сумен жабдықтау бойынша
- категорияланған қалалар мен объектілердің сумен жабдықтау
жүйесін қайта жобалауды оларда екі және одан артық сукөзі орна- ластырылуы қажет, оның бірі жабық үлгіде (жерасты) болуы тиіс;
- екі тәуелсіз көзден сумен қамсыздандыру мүмкін емес жағдай-
да бір су көзінен жабдықтауға рұқсат етіледі, бұл жағдайда оған екі басты ғимарат орналастырылуға тиіс, ал оның бірі ықтимал қирау ай-мағынан алысырақ жерде болған жөн;
- сумен жабдықтаудың орталық жүйесінде суберу су қысымы
мұнараларына жетпей берілуге тиіс;
- таза су көздері ауаның шаңнан тазалайтын желдеткішпен,
қымтағыш люктермен және жылжымалы ыдысқа су беру үшін икем-делгіштермен жабдықталуға тиіс;
- өрт гидранттары, су құбырының жылжымалы нүктелерін
ажыратуға арналған қозғалтқыштар мүмкіндігінше ғимарат пен бөлме қираған кезде субаспаған аумақта орналастырылғаны жөн.
д) Газбен жабдықтау жүйесіне
Қалалар мен шаруашылық объектеріне 2 және одан әрі дербес
газқұбырлары арқылы газ беру екі және одан артық газ тарату стан- циялары арқылы жүргізілуі тиіс, олар қаланың жобалық құрылыс аумағынан тысқары мүмкіндігінше әртүрлі жағынан болуы тиіс.
Газ тарату станциялары мен нүктелер ажаратқыш автомат қон-дырғылары бар жер асты айналмалы газқұбырымен жабдықталуға тиіс. Айдағыш және компрессорлық станциялар ықтимал күшті қираулар және апатты су басу аймағынан аулағырақ орналастырылуы тиіс.
Жер үсті төсемі жағдайында газқұбырларын магистралдік жол-дарына ықтимал күшті қирау аймағындағы мүмкін бүліншілік аумағы-нан тыс жерлерде төсеуге, терең (жерасты) ұңғымасын жасауға жол беріледі; ашық төсемге күрделі жер бедерінен өткен уақытта болмашы қирау аумағында рұқсат етіледі.
Газ құбырларында құбыр жарылған кезде газдың шығуы авто-матты тоқтататын кран мен қашықтық басқару нүктесі бар, тығын арматурасын орнатқан дұрыс.
е) Энергожабдықтау жүйесіне
Осы заманғы өндіріс барысында энергия көзісіз мүмкін емес. Сондықтан энергия жабдықтау желілері мен тұрақтарында АҚ ИТЖ мынаны қарасытарды:
Электрмен жабдықтау объектер жүйесінің тұрақтылығын бір-бірінен ықтимал қирау аумағынан екі радиустық қашықтықта орна-ласқан бірнеше көздерге қосу жолымен арттыру.
Категорияланған қалаларда канализация жүйесінің объектерінде соғыс жағдайының өзінде тоқтауға жол берілмейтін болса, энергиямен жабдықтау, өзге энергия тұтынушыларын қуаттандыру кезінде ажы- ратылмайтын негізгі желілері бойынша жүргізілуі тиіс.
220 квт және одан да жоғары электржүйесі және біріктірілген энергияжүйесінің жүйе аралық байланыстар қосалқы станциясында және ЕЖБ жүйесінде қажетті желі ықтимал қирау аумағынан тыс қосалқы станциялары өткізілуге және тұрғызылуы тиіс.
Айдағыш насос станцияларын электрмен жабдықтау ықтимал қирау аумағынан тыс немесе жеке дербес көздерінен тыс шекте ор-наласқан қосалқы станциялардан жүргізілуі тиіс.
Дєріс