Тіршілік қауіпсіздігі - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, тбиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.
Студенттердің “Тіршілік қауіпсіздігі” курсының Бағдарламасының білуінің төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс /АҚ/ сала- сында барлық нысандағы шаруашылық объектілері мен ұйымдардың болашақ мамандарын даярлау ісінде үлкен маңызы бар.
Тіршілік қауіпсіздігі – адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.
Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты шаруашылық объекті- лерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақым- дағыш /жойқын/ әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мем- лекеттік шаралардың жиыны.
Шаруашылық объектілері - өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдала- нылатын ғимарат, жәй және басқа да құрылыстар.
Ұйым-бағдарламаны немесе мақсатты бірлесіп іске асыратын және белгіленген тәртіптер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар ұжымы.
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі. ТЖ-ны ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі “Азаматтық қорғаныс туралы” ҚР Заңында белгіленген.
ҚР АҚ-ға жалпы басшылықты ҚР Премьер-Министрі – Азаматтық қорғаныстың бастығы жүргізеді.
ҚР Азаматтық қорғанысына тікелей басшылық ТЖ жөнінідегі ҚР Агенттігіне жүктеген.
ТЖ жөнінідегі ҚР Агенттігі ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, салааралық үйлеструді, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ны ескерту мен жою, ҚР Азаматтық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіп жұмысының қауіпсіз жүргізілуі және тау-кендік бақылау саласында орталық атқарушы орган болып табылады.
Агенттіктің орталық аппараты департаменттер мен құрылымдық бөлімшелерден тұрады.
Департаменттер тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді. Департаментті директор басқарады.
Қазіргі уақытта Агенттік құрамына мына департаменттер кіреді:
- Төтенше жағдайларды ескерту департаменттері;
- Жедел іс-әрекет департаменті;
- Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаменті;
- Мемлекеттік өрттен қорғау департаменті;
- ТЖ техникалық және тау-кендік бақылау жөніндегі депар-
тамент.
Агенттіктің аумақтық органдарының басшыларын, олардың орынбасарларын /аумақ бойынша бас мемлекеттік инспекторлар/ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерімен келісе отыра Агенттік төрағасы тағайындайды.
Агенттікте төраға, оның орынбасарлары, департамент дирек- торлары, Агенттік пен оның ведомствовалық бағыныстағы кәсіп- орындар мен ұйымдардың басшылары құрамындағы алқа құрылады. Ғылыми кеңес құрылады.
Агенттік құрамына орталық аппараттан басқа аумақтық органдар кіреді:
- облыстық басқармалар (инспекцияларды қоса алғанда);
- қалалық басқармалар (Астана, Алматы, Карағанды қалалары);
- аудандық бөлімшелер, сондай-ақ Агенттік ведомстволық бағыныстағы ұйымдар;
- біліктілікті көтеретін Республикалық курстар;
- Республикалық ақпараттық-техникалық орталық;
- химиялық-радиациялық лабораториялар;
- Республикалық жедел-құтқару отрядтары;
- АҚ әскери бөлімдері;
- мемлекеттік өрттен қорғау қызметі;
- *Қазселден қорғау * Республикалық кәсіпорны.
Төтенше жағдайлар жөніндегі ҚР Агенттігінің:
- Агенттік құдіретінің саласы реттейтін заңнаманың сақталуына бақылау жасауға;
- Үкімет құрамына кірмейтін министірліктерге, орталық атқару- шы органдарға, жергілікті атқарушы органдарға табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарын ескерту мен жою жөнінде нұсқаулар беруге;
- өз құзыретінің шегінде Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргізу мәселесі бойынша шешім қабылдауға;
- ҚР Үкіметіне ТЖ аймағындағы авария, апат, зілзала, салдарын жою, қоғамдық тәртіпті сақтау мен объектілерді қорғауды қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының қарулы күштердің әскери бөлімдері мен құрамаларын, басқа әскерлер мен құрамалардың күштері мен құралдарын тарту-туралы ұсыныс енгізуге;
- өз құзыретінің шегінде аттестация жүргізуге, лицензиялау мен сертификаттауды жүргізуге, сондай-ақ тиісті жұмыс түрлерін жүргізу үшін рұқсат беруге;
- объектілердің жұмысын доғаруға немесе тоқтатуға, адамдардың өміріне қауіп төнгенде немесе төтенше жағдай туындаған кезде көшіру шараларын жүргізуге;
- егер объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамалардың даярлығы мен жәй-күйі белгіленген норматив- терге сай келмеген жағдайда ұйымдардың қызметін толық не- месе ішінара тоқтатуға;
- бүкіл республика аумағында бірыңғай радио жиіліктері белде- уін ұстауға;
- ТЖ-ны есерту және жою жөніндегі мәселелері бойынша журналдар, режимдік анықтамалар, бюллетендер мен өзге де басылымдар шығаруға құқығы бар.