Дәрігерге дейінгі) көмек шаралары
ДӘРІС ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҰЙЫМДАР
ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ
Ұйым жұмысы тұрақты негіздері.
ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік объектілерінің жұмыс істеу қалыбын арттыру мен ТЖ ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдармаларды іске асыру болып табылады.
Шаруашылық объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар негізгі себептерге қатысты:
- өндірістік саладағы мемлекеттік реттеу мен қауіпсіздік меха- низмінің әлсіреуі, барлық деңгейдегі еңбек және технология- лық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі;
- негізгі өндірістік қорлардың жылдам тозуы, сонымен қатар олар- ды жаңарту қарқынының төмендеуі;
- өндірістің технологиялық қуатының артуы, қауіпті заттар, мате- риалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өн- діріс қалдықтарының жинақталуы;
- шарасыз заңдық және нормативтік құқықтық бағы ТЖ қауіп- сіздігін және ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне тал- даудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану;
- мемлекеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы мен тиімділігінің төмендеуі;
- әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болу ықти- малдығы.
Шаруашылық объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығы ретінде оның төтенше жағдайлардағы жоспарланған көлемдегі және номен-клатурадағы өнімдерді шығаруға авария (зақымдану) жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге қабілеттілігі түсініледі.
Төтенше жағдайларға шаруашылығы объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығына мына факторлар әсер етеді: жұмысшылар мен қыз-метшілерді зілзала, авария (апат), сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталана факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; объектінің инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ықпалға қарсы тұру қабілеті, объектілі өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикі зат, отын, электрэнергия, газ, су және т.б.); жабдықтау жүйесінің сенімділігі, жұмысшылар саны олардың құдірет немесе тәртіп деңгейі, объектінің сипаты, шығары- латын өнім, қолданылатын технология; өндіріс пен АҚ басқару тұрақ- тылығы мен үзіліссіздігі; объектіні күрделі және өзге шұғыл, сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау.
Тізбеленген факторлар төтенше жағдай ахуалы мен оны көтеру жолындағы шаруашылық объектінің тұрақты жұмыс істеуінің негізгі талаптарын анықтайды.
Осы талаптар инженерлік-техникалық шараларды жобалау (ИТЖ) нормасында, сондай-ақ олар үшін әзірленген салаға қатысты қолда- рындағы норма талаптарын толықтыратын және дамытатын ведом- стволық нормативтік құжаттар негізінде қаланған.
Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзір-леу саласындағы ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері:
· ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша ұсынысты белгіленген тәртіппен әзірлеу және ұсыну;
· төтенше жағдайларда және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар мен әзірлеуді жүргізу;
· авариялардың пайда болу қауіпін, қайталана зақымдау ошағын төмендету бойынша шаралар жүргізу;
· азық-түлікті, ауыз суын, сумен жабдықтау көзін, мал мен өсімдікті, өсімдік пен мал өнімдерін, радиоактивті химиялық және бактерио-логиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау бойынша шаралар-ды өткізу мен ұйымдастыру.
Төтенше жағдайы немесе қазіргі адам өлтіру қару жарақтарын
қолданған кезінде салалы және аумақты басқарма тұрақты жұмыс істеу мақсатында, арнаулы әскери экономикалық оқулары өткізіледі.
Төтенше жағдайдағы инженерлік-техникалық шараларын
Жобалау нормалары.
Азаматтық қорғаныс шараларын кешенді және саралай өткізу мақсатында, халықты қорғау деңгейін төмендетпей, аумақ пен ұйым-ның маңызды деңгейін ескере отыра, қалаларды, топтарға, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс категориясы бойынша аумақ пен ұйымдардың маңыздылық деңгейін ескере отырып жүргізіледі.
Қалаларды, топтарды, ұйымдарды Азаматтық қорғаныс бойынша категорияларға жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
- Категорияланған объектілер - үлкен экономикалық және қор-
ғаныстық маңызы бар өнеркәсіп орындары мен өзге де ұйымдар. Үш категорияға бөлінеді: аса маңызды, бірінші және екінші категориялар.
“Категорияланбаған объектілер” – барлық қалған ұйымдар (ны-сандар).
Тұрақтылық мәселелерін реттейтін құжаттар Азаматтық қорға-ныстың инженерлік-техникалық шараларын жобалау (ИТЖ) норма-лары болып табылады. Олар құрылыс нормалары мен ережелер кешенін (ҚНжЕ), мемлекеттік стандартты (ГОСТ) Азаматтық қорға-ныстың инженерлік-техникалық қамсыздандырудың барлық түрі бойынша нұсқаулық пен басшылықты қамтиды.
Осы құжаттар негізінде орталық атқарушы органдар салалық стандартты, АҚ ИТЖ нормаларын қолдану бойынша басшылық нұс-қаулықты әзірлейді.
Шаруашылық нысандары мен салаларында АҚ ИТЖ және орта-лық атқарушы органдар, республикалық мекемелер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің келісімі бойынша жоспарлау 2.01.51-90 ҚНжЕ талаптарына сәйкес жүргізеді.
1.2-4-98 ҚНжЕ сәйкес 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасында сейсмобелсенді аудандарда жобалау мен құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
АҚ ИТЖ жобалау нормалары өз мақсатымен мынаны жүргізеді:
· халықты қорғау және жаудың осы заманғы зақымдау және
әдеттегі құралдарды қолдану жағдайында ықтимал залал мен қира- туды төмендету;
· соғыс уақытында шаруашылық объектілері жұмысының тұ-
рақтылығын көтеру;
· зақымдану ошағында, зілзала аумағында және ірі өндірістік
авария мен апатты жою кезінде ҚНжЕ жүргізу үшін қажетті жағдай.
ИТЖ нормалары мынаны ескереді:
· аудандық жоспарлаудың жобасы мен схемасын, жаңа кате-
горияланған қалалар мен объектердегі бұрыннан бар және салынып жатқан тұрғын үй және өнеркәсіп аудандары. Аудандарында тұрғын үймен өзге объектерді егжей-тегжейді жоспарлау кезіндегі әртүрлі жәйттарды;
· ықтимал қираулар аумағында орналасқан жұмыс істеп жат-
қан өнеркәсіп орындарын кеңейту және жобалау, энергетика, көлік және байланыс кәсіпорындарын, сондай-ақ соғыс уақытында катего-рияланған қалалардың тіршілік аумағында орналасқан тұрғын үй және өнеркәсіп аудандарды;
· бұрыннан салынған кәсіпорындарды қалпына келтіру және
кеңейту кезінде.