Халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлауды және өткізуді тікелей жүзге асыру үшін эвакуациялық органдар құрылады:
1) эвакуациялық комиссиялар (ЭК);
2) эвакоқабылдау комиссиялары (ЭҚК);
3) жиналымды эвакуациялық пункттер (ЭЖП);
4) эвакуациялық қабылдау пункттері (ЭҚП);
5) эвакуациялық аралық пункттері (ЭАП).
1) Эвакуациялық комиссиялар республикада, облыстарда, қалаларда, қалалық аудандар мен ұйымдарда, сондай-ақ министрліктерде, агенттіктерде, эвакуациялық қабылдау комиссиялары – аудандарда (селолық), елді мекендерде және аумақтарында эвакуацияланған халықты орналастыру жүргізілетін меншіктін барлық түріндегі ауыл шаруашылық ұйымдарында құрылады.
Эвакуациялық комиссиялар облыстардың, қалалардың, қалалық аудандардың, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді.
Эвакуациялық комиссиялардың құрамын орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді. Бірінші басшының орынбасарының бірі эвакуациялық комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
Эвакуациялық комиссия құрамына орталық және жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, әскери комиссариаттардың, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.
2) Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды ұйымдастыру, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажетілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі.
Эвакуациялаудың аралық пункттері болып табылатын елді мекендердегі эвакуациялық қабылдау комиссияларына, сондай-ақ оны орналастырудың соңғы пункттеріне халықты жөнелтуді қамтамасыз ету жүктеледі.
Эвакуациялық қабылдау комиссияларын селолық аудандар мен қалалардың жергілікті атқару органдары басшыларының, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындары басшыларының орынбасарлары басқарады. Олардың құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің және келетін халықты қабылдауға, орналастыруға және жан-жақты қамтамасыз етуге қатысушы басқа да ұйымдардың қызметкерлері енгізіледі.
3) Эвакуациялық жиналау пункттері (ЭЖП) эвакуацияланатын халықты жинау мен тіркеуге және оларды көлікке отырғызу пункттері мен бастапқы аттану пункттеріне жіберуге арналады.
Құралатын эвакуациялық жиналау пункттерінің саны мен олардың тұрған жерлері бытыранқы орналастырылатын және эвакуацияналатын халықтың санын, эвакуациялау маршруттарына отырғызу пункттерінің саны мен олардан жөнелтілетін поездар мен кемелердің үдемелілігін ескере отырып белгіленеді. Эвакуациялық жиналу пункттері әдетті халықты эвакуациялау маршруттарына, теміржол станцияларына теңіз және өзен аймақтары мен кемежайларына жақын жерлерге, адамдарды эвакуациялау маршруттарының бастапқы пункттері мен отырғызу пункттеріне жиналу мен уақтында жеткізуге жағдай жасайтын жерлерге орналасады. Жаяу эвакуациялау маршруттарында олар, әдеттегідей, халықты әкетуді жеделтету мақсатында қалалардың шетінде орналасуы тиіс.
Эвакуациялық жиналу пункттерін орналастыру үшін әралуан қоғамдық бөлмелер пайдаланылады. Эвакуациялық жиналау пункттерінде немесе олардан тікелей жақын жерде халықты қорғау үшін тіршілікті қамтамасыз етуге арналған (медицина, тамақтандыру, күзет және т.с.с.) орындар әзірленеді.
Әрбір эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі және оған шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады. Эвакуациялық жиналу пункті қалалық, аудандық, объектілік эвакуациялық комиссиялармен, жаяу эвакуациялау маршруттарының бастапқы пункттерімен, отырғызу пункттерімен және көлік органдарымен тікелей байланысы қамтамасыз етіледі.
Эвакуациялық жиналу пунктінің әкімшілігі қалалар мен қалалық аудандар әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен күні бүрын тағайындалады. Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің саны оған тіркеліп жазылған халықтың санына байланысты болады. Қажет болған жағдайда эвакуациялық жиналу пунктінде эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады.
4) Эвакуациялық қабылдау пункттері (ЭҚП) бытыранқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты түсіру мен оларды орналастыру орындарына жөнелту пункттерінде өрістетеді.
Эвакуациялық қабылдау пункттерінің әкімшілік құрамы келуші халықтын саны мен оны қамтамасыз етуге байланысты шаралар көлемін ескере отырып белгіленеді.
5) Егер тұрақты орналастыру аудандары тәуліктік мерзім жүруден астам қашықтықта болса, эвакуацияның аралық пункттері (ЭАП) құрылады. Олар келетін халықты тіршілік жасауға қажеттілердің ең аз мөлшерімен (тамақтандыру, сумен жабдықтау, медициналық қызмет көрсету) қамтамасыз етілуге тиіс. Эвакуациялық аралық пункттері мүмкіндігінше темір жол мен тас жолға, сумен қатынасы жерлеріне жақын орналасады.