Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Салауатты өмір салтын қалыптастыру




Арақ ішіп, темекі шеккен,

Денсаулығының түбіне жеткен.

(Халық даналығы).

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндіктәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады.

Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі.

Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.

Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы – никотин. Адам ағзасы үшін бар болғаны бір-ақтамшы (ол 10-12 тал сигаретте болады екен) никотин уы жеткілікті көрінеді.

Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді. Қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады. Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі тартпайтындарға қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ауырушылардың 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады.

Темекі ішкі мүшелер қызметін бұзып, ауруға душар етумен қатар, адамның сыртқы келбетін де бұзады. Түтіннен шыққан зиянды улы заттар беттегі майда қан тамырларын зақымдап, бет терісі ауруларына душар етеді.

Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен.

Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді.

Темекі шегушілік студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.

Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестегеқажетті оттегінің мөлшерін 10 пайызға кемітеді екен.

Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс

(http://referatkaz.kz/сайтынан алынды).

14-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіз?

2. Өзіңіз салауатты өмір сүру үшін қандай іс-әрекеттер жасайсыз?

3. Салауаттылық – өмір негізі деген көзқарасқа қалай қарайсыз?

4. Денсаулықты сақтаудың қандай шарттары бар?

5. Зиянды әрекеттерге нелер жатады?

6. Темекі шегу қандай ауруларға шалдықтырады?

7. Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияны?

8. Нашақорлық зардаптары?

9. Жұқпалы аурулар жайлы не білесіз?

10. Адамдар не себепті зиянды іс - әрекеттерге барады деп ойлайсыз?

11. Зиянды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын сақтай білу үшін адам бойында қандай қасиеттері басым болуы керек

15-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, топ болып талқылаңыз:

Абырға

Бір ауруханада екі қарт жатыпты. Екеуінің науқастары бір болғандықтан бір бөлмеге жайғастырылыпты. Тек бірі терезенің жанында, екіншісі есіктің дәл қасында жатады екен. Терезе жанындағы қарт күн сайын есік тұсындағы қарияға сырттағы тыныс-тіршіліктуралы айтып отыратын:

– «Бүгін теңіз бір қалыпты. Аздап жел соғып тұр ғой деймін. Өйткені ана ұзақтағы кеменің желкені желбіреп тұр. Теңіз жағалауында шағалалар ұшып жүр».

Осылайша күндер өте береді. Күндердің бірінде әлгі терезе жанындағы ақсақалдың жүрегі ұстап нашарлап қалады. Әдетте, бөлмедегі қоңырау түймесін баса қалса дәрігерер жетіп келетін. Ал бүгін қасындағы қарт дәрігерді шақыртатын түймені баспады. Өйткені терезеден дүниені өзі көре алмай, тек көршісін тыңдаумен ғана шектеліп жататын. Сол есіне түсті ме, шайтанның сөзіне еріп, қоңыраудың түймесін басуға құнт таныта қоймады. Осылайша, ол досын жазықсыздан жазықсыз өлімге қиды да жіберді. Келесі күні дәрігерлер есіктегі кісіні терезе жанындағы босаған орынға ауыстыратын болды. Осы күнге дейін тыңдауды ғана місе тұтқан адамның қуанышы қойнына сыймады. Енді табиғаттың сан қырлы нақыштарын өз көзімен көріп жататын болды. Орнына жайғаса салып, басын көтеріп терезеге асыға мойнын созып еді. Арғы жақта қара қабырғадан басқа еш нәрсе көрінбеді. (http://kerekinfo.kz/ сайтынан алынды)

 

16-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз:

– Біздің боксшылар үшін турнир қалай басталды?

– Боксшыларымыз бірінші күннен бастап алаңға тек жеңеміз деп шықты. «Үйде жеңбесек болмайды» деп мен біраз қайрадым.

– Турнирдің қызықты және тартысты айқастары қай салмақта өтті деп ойлайсыз?

– Барлық салмақтағы жекпе-жектер тартысты өтті. Соның ішінде ауыр салмақтылар айқасы қызықты өткен секілді.

– Біздің ауыр салмақты боксшыларымыз туралы не айтар едіңіз?

– Бір өкініштісі, бізде ауыр салмақты боксшылар аз. Кезінде Мұхтархан Ділдәбеков пен Рүстем Іргебаевқа көп мүмкіндік беріп едім. Біреуі жасы келгеніне, екіншісі жарақат алуына байланысты ұлттық құрамаға қосылмай отыр. Қазір бұл салмақта бар үмітіміз Руслан Мүрсатаевта.

(Д.Буданбаевпен сұхбат, «Егемен Қазақстан» газетінен)

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 744 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

4531 - | 4389 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.