Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ртүрлі жас кезеңдеріндегі қарым-қатынас ерекшеліктері туралы баяндаңыз.




 Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады. Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып – барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым- қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігімен ерекшелігіне ие. Жеке адамның дербестігі оның ең жоғарға психикалық сапасы – рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеуметтік шеңберінде қалып қоймай өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Тұлғаның қоршаған ортамен қарым – қатынасы, жеткен жетістіктері мен ерекшеліктері көптеген жағдайларға тәуелді, оларды тұлғаның есею ұғымымен түсіндіріледі.
 Шетел психологиясында тұлғаның есеюін «өзіндік аяқталу» терминімен белгілейді және оның мағынасын тұлғаның өз мүмкіндіктерін аңғаруына және дамытуына бағыттылы деп сипаттайды. Өзіндік актуализацияланатын тұлға ең алдымен дербестігімен, өз мәнді іске асыра алуымен, өзіндік тұжырымдауларымен, ақиқатқа талпынысымен сипатталады. Тұлға мен әлеуметтік орта қатынасын түсінуде бұған тұлғаның жеке бас ерекшеліктерінің зор екендігі атап өту керек. Қоғам дамуды оңды болуы үшін адам бойында оңды қасиеттердің дамуы зор мәнге ие. Жалпы индивидтің қоғамдық қатынастарда активті субеъект ретінде функциялануына мүмкіндік беретін әлеуметтік топқа немесе қоғамға тән, мәдениет ұғымына енетін белгілі бір білімдер жүйесін, игеруі әлеуметтену үрдісі ретінде қарастырылады. Этикалық әңгімелер – қарым-қатынас мәдениеті, мораль мәселелері туралы кең түрде еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы ықпал жасайтын, тәрбиеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің ең тиімді түрінің бірі. Этикалық әңгіме әдісінің негізгі мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс-әрекеттерге, әр түрлі жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік көзқарасына мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру. Әңгімелесу әдісіне қойылатын негізгі педагогикалық-психологиялық талаптар:
- оқушылардың өмір тәжірибесіне, біліміне сүйену;
- оқушылардың жас мөлшеріне қарай әңгімелесу барысын дамытып отыру;
- әңгіменің мазмұнын өте мұқият іріктеу - оқушылардың сезіміне әсер ететін тың жаңа деректерді, түсінікті, анық әрі қонымды материалды алу;
- әңгіме тақырыптары мен мазмұны оларының жас ерекшеліктеріне сай болуы керек. Мәселен, жасөспірімдерге арналған әңгімелер, олардың өздерінің көзқарастары мен мінез-құлықтарына сай көзбен қарап, салыстыра алатындай, оның себептерін ашатындай, өзіндік ой туғызатындай мазмұнда құрылуы тиіс;
- қарастырылатын тақырыптың қызықты болуын, оны оқушылардың ойлауын, өздігінен толғану қабілетін туғызатындай проблемалық сипатта қоя білу, олардың белсенділігін дамыту;
- әңгімелесу барысында оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болуына жағдай туғызу, оқушыларға сеніммен қарай білу, олардың жауаптарына зейін қоя білу, дұрыс ойлы жауаптарына айрықша көңіл бөліп мадақтап, қолдап отыру, кемшіліктерін өте ептілікпен түзетіп, дұрыстығын айту, реті келген кезде орынды әзіл, күлкі, сықақ сөздерді де пайдалана білу т.б; Мәдени қарым-қатынас тәрбиесі - адамға заң, әлеуметтік, адамгершілік және саяси жағынан өзін кәдеге жарамды сезінуге мүмкіндік беретін жеке тұлғаның интегративті қасиеті ретіндегі азаматтық құлқын қалыптастыру.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1044 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

2430 - | 2229 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.