Темперамент.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын -шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.Мінез шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter – қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы – мінезнаманы жасады.
темперамент | Мінез |
нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. | Мінез көрсеткіші–адамның барша жағдайлардағы мәнді сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттері. |
Әр адамның темпераменті өз алдына бір болмысы | мінез нақты адамның өмір барысында қалыптасады, тұрмыс жағдайларымен айқындалады. |
әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алады | мінез әр адамның ойлау, сезім, ниет, әрекет сипатын бірлікті анықтайды. |
эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы–қозғалғыштығы–бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. | адамның бүкіл өмірін жан–жақты қамтыған қоғамдық шарттар мен әлеуметтік жағдайлар маңызды келеді. |
темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. | тұлғаның отбасындағы абыройы, топтың басқа мүшелерімен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгеріске түседі. |
темпераменттің әрқилы қасиеттері бір–бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. | заттай және рухани қажеттеріне, қызығуларына, наным–сенімдеріне, мұраттарына және т.б. негіз болады. |
Темперамент адамның жалпы қозғалысынан (мәселен біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді) байқалады | Бағыт–бағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмірлік жоспары мен сол жоспарды іске асыруда қажет белсенділік деңгейін белгілей алады. |
психиканың күші мен тереңдігінен (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, өнегесіз болады) байқалады | адамның дүние талғамы, өмір мәні, белгіленген мақсат– мүдделерінің, әрекет қылықтарының себептері ашылады. |
адамның көңіл-күйінің ерекшелектерінен (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т.б.) байқалады | Әр қоғамның өзіне сай маңызды да мәнді міндеттері болады. Міне осы міндеттерді іске асыру барысында мінез қалыптасады. |
эмоция сезімдерінен (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) байқалады | мінездің тыңғылықтығы, біркелкілігі адамның өмірлік бағыт–бағдары негізінде нақты бір қалыпқа келеді. |
Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. | Мінез қалыптасудағы басты шарт- өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. |
30. Қабілет. Қабілеттің түрлеріне сипаттама беріңіз
Қабілет - тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара - психологиялық ерекшелігі.
Қабілеттің 2 түрі бар: жалпы қабілет, арнаулы қабілет
Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез-келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зергерлік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, спортшының, математик-ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.
Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалқ іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттің осы түрлері іс-әрекеттің басты салаларына орайлас бөлінеді.