Іскерлік қарым-қатынас – онда әңгімелесушінін мінезі, жеке өзіне тән ерекшеліктері, жасы, оның көңіл күйі ескеріледі, бірақ іс мәнді болып қала береді. Іскерлік кездесу де өзіне тән этикет, іс әрекет ұстанымы бар. Іскерліктің маңызыды принциптеріне сенім жатады. Сенім адамдардың қарым қатыныстардың мүмкін екенін білдіру фарторы. Сенім жоғалтқан жағдайда үміт үзіледі, үміт үзілсе бәрі бітеді. Үміт өте маңызды нәрсе. Қандай да ұжым қарым қатынас адамның көңілінен басталады. Ашық, жарқын көіңл күйде болу керек. айналаға нұрын себу керек. Ұрыс керіс, айқай, шу шығару қажет емес. Кері эмоцияларда қажет емес. Қандай жағдай болса да сабыр сақтап кесдесулерде бәріне жағымды атмосфера орнату керек.Мағызды әдеп ол амандасу. Адамдардың бір біріне деген ықыласын, мейрімін көрсету белгісі. Жақсы, сыпайы сөйлесу әдептіліктің маңызыды шарты. Еркін және сенімді сөйлеу, елдердің тілдерін білу іскер адамға пайдалы және мағызды. ездесулерде тыңдай білу үлкен өнегелік. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. үздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс.Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігінен туындайды. «Ұлық болсаң, кішік бол!» деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтінші айтса жөн. Бұл—оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді. Нақты іскерлік кездесулерде клиетпен сенімді байланыс орнату, егер клиент сенімді болса онда іс жүзеге асады.
Іскерлік қарым-қатынас қызмет лауазымына байланысты әртүрлі болады:1. Басшы (жетекші) мен қол астындағы адам «жоғарыдан төмен» – сізге басшының қалай қарағаны ұнар еді? Қарым-қатынастық формалары: бұйрық, өтіну, сұраққою арқылы – мұны қалай орындасақ болар екен? – білімді қызметкерді еркіне салу (мұны кім орындай алады?).2. Қол астындағылардың басшылармен қарым-қатынасы – «төменнен жоғары» - сіздің қарамағыңыздағы адамдардың сізге қалай қарағаны ұнар еді?3. Басшылар арасындағы немесе тең қызметкерлердің өзара қарым-қатынастары – «көлденең».Әлеуметтік – қоғамның белгілі бір бөлігінде қалыптасқан тәрбие деңгейі. Көптеген келісімдердің (70%) бұзылуының себебі адамдардың іскерлік қарым-қатынасы этикасы мен тәрбиелілігінің төмендігінен екені дәлелденген.Дейл Карнеги қаржылық іс-әрекеттердің 15%-і кәсіби білімділігіне байланысты, ал 85%-і адамдардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас орнатуына байланысты екені анықтаған.Мысалы, Жапонияда жүздеген доллар этикет мәселелері мен тәрбиелілікті үйретуге жұмсалады. Кәсіпкерлік табыстың кілті – іскерлік этикетті білу, өзін мәдениетті ұстау, сөйлеу мәдениетін меңгеру, сонымен бірге сезім мәдениетін, еңбек мәдениетін сақтау болып табылады, чех, словак, поляктар, югославтар – кейбір қиындықтарын (мысалы, қымбатшылық) айту ыңғайсыз емес, керісінше сол қиындықтарды жеңу арқылы өмір сүру – іскерлік, мақтаныш деп есептейді.Итальяндықтар іскерлік әңгімеде – қатты, қызу сөйлеседі. Адам мәдинетті, әдепті болу үшін иманды болуы керек, себебі,Жапондықтар – мәдениеттілігін өздерін «төмендету» арқылы көрсетеді.Американдықтар ұнатқан адамын иығынан қағып жақсы көреді (жапондықтарға ұнамайды), қытайлықтарға достарына құшақ жаю ұнамайды. Киім кию стилі. Транспортта өзін ұстай білу, телефон арқылы мәселелерді шешуге әдеттену.Жапонияда 3 минутта мәселені телефон арқылы шеше алмаған ададмды жұмыста ұстамайды. Телефон арқылы сөйлесе білу де өнер. Іскерлік қарым-қатынаста ұсақ-түйек жоқ, әрбір іс-әрекет, сөз сөйлеу, көзқарас – бәрі де белгілі бір роль атқарады.