Секреция фазалары | Асқазан сөлінің көлемі, мл | Жалпы қышқылдық, бірлік | Бос тұз қышқылы, бірлік | Бос тұз қыш-қылының дебит – сағаты, мг |
18-29 жастағыларда | ||||
Аш қарынға Базальді Стимуляциядан кейін | 20-50 50-120 50-130 | 10-15 40-60 40-70 | 0-40 30-50 30-60 | - 50-150 50-200 |
30-39 жастағыларда | ||||
Аш қарынға Базальді Стимуляциядан кейін | 10-40 40-110 40-120 | 10-40 30-60 30-70 | 0-30 20-50 20-60 | - 40-130 40-150 |
40-50 жастағыларда | ||||
Аш қарынға Базальді Стимуляциядан кейін | 10-30 40-100 40-110 | 10-30 30-50 30-60 | 0-20 20-40 20-50 | - 40-100 40-130 |
Асқазан секрециясын рН-метрия мәліметтеріне қарап бағалау:
Сақталған секреторлық функция: рН – 2,0-2,9
Секреторлық функция күшейген: рН 1,9-0,9
Орташа секреторлық жетіспеушілік: рН 3,0-4,9
Ауыр секреторлық жетіспеушілік рН 6,9-5,0
Ахлоргидрия рН = 7,0
Гастриттің фиброгастродуоденоскопиялық белгілері өзгермелі болып келеді, сондықтан диагноз қою үшін биоптатты гистологиялық зерттеу керек. Гистологиялық зерттеу аурудың ауырлық критерийлерін анықтауға мүмкіндік береді. Биопсиялық материалды үш бөліктен алу керек, биоптат саны 5 аз болмауы керек: антральды бөліктен асқазан қақпасынан 2 см алыс орналасқан жерден 2 тілім, асқазан денесінің кардиясынан 8 см орналасқан алыс жерінен 2 тілім (алдыңғы және артқы қабырғасынан 1 тілімнен) және асқазан бұрышынан 1 тілім.
Гастриттің ауырлық критерийлеріне қабыну, активтілік, атрофия, ішек метаплазиясы, кілегей қабықта Helicobacterpylori (HP) өсу дәрежесі жатады.
Қабыну ауыртпалығы кілегей қабықтағы қабыну клеткаларының (лимфоциттердің, плазмоциттердің) санымен – лимфоплазмоцитарлық инфильтрациямен анықталады; активтілік дәрежесі кілегей қабықтың полиморфты нейтрофильдер инфильтрациясымен (аутоиммунды гастрит – НР – ассоциациялы гастритпен салыстырғанда әр уақытта активті емес) анықталады.
Атрофияны асқазан бездерінің азаюына қарап анықтайды. Ол асқазан рагімен оң мәнді байланыста, ал жара ауруымен теріс мәнді байланыста болады.
Ішек метаплазиясы пролиферация қарқыны азайғанда және кілегей қабық клетка-ларының екшелену дәрежесі төмендегенде пайда болады және басты және тыстама клеткалардың жіңішке ішек немесе тоқ ішек эпителиімен ауысуы түрінде көрініс береді.
Цитологиялық тексеруге асқазан кілегей қабығы биоптатының жағынды – таңбасы қолданылады. Жағындыларды Романовский – Гимза бойынша бояйды. Хеликобактерия-лар кілегейде орналасады, спираль тәрізді немесе иілген түрі, S – сияқты түрі болады.
НР өсуінің 3 дәрежесін бөледі:
әлсіз (+) – көру алаңында 20 дейін микроб денесінің болуы;
орташа (++) – көру алаңында 50 дейін микроб денесінің болуы;
жоғарғы (+++) – көру алаңында 50 көп микроб денесінің болуы.
НР асқазанның кілегей қабығындағы өсу дәрежесін уреазалық тестінің, микробиологиялық, гистологиялық және иммунологиялық тексерулердің көмегімен де анықтауға болады.
Уреазалық тестіні қолдану НР уреазаны бөлетінімен байланысты; бөлінген уреаза асқазан сөліндегі мочевинаның әсерінен ыдырап, аммоний бөледі. Аммоний иондары ортаның рН арттырады, оны индикатор көмегімен анықтауға болады. Ол үшін экспресс – уреазалық әдіс қолданылады. Экспресс – жинақта мочевина болады. Биоптатта хеликобактер болса, орта таңқұрай түске боялады. Таңқұрай түстің пайда болу уақытына қарап, НР санын анықтайды:
(+) инфекцияның саны өте аз (таңқұрай түсі тәуліктің соңында пайда болады);
(++) инфекция саны орташа (таңқұрай түсі 2 сағат ішінде пайда болады);
(+++) инфекция саны ауқымды (таңқұрай түсі бірінші сағат ішінде пайда болады);
(-) теріс мәнді нәтиже (таңқұрай түсі бір тәуліктен кейін пайда болады).
Басты морфологиялық өзгерістерді (қабыну, активтілік, метаплазия) және НР өсуін жартылай санды әдіспен әлсіз, орташа және ауыр дәрежелі деп бағалайды.
Рентгенологиялық тексеру. Хеликобактерлік антральдық гастриттің алғашқы сатысында анықталатын белгілер: кілегей қабық бедері күшті өзгерген, асқазан қақпасының спазмы, сегментті перистальтика, контрастты заттың ретсіз эвакуациясы. Жайылмалы (пангастритта) хеликобактерлік гастритта (кеш сатысы) болатын белгілер: кілегей қабық бедері тегістелген, гипотония, солбыр перистальтика, контрастты заттың эвакуациясының күшеюі.
Аутоиммунды гастритте асқазанның кілегей қабығының қатпарларының айқындылығы азаяды.