Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Созылмалы В гастритінің түрлері




Антральдық СГ (ерте сатысы) Жайылмалы (пангастрит) (кеш сатысы)
Ауру адам жасы Қайталаған кездегі субъективті белгілер     Ішті сипаудың нәтижелері Эндоскопия-лық тексеру нәтижесі     Биоптатты гистология-лық тексеру нәтижесі Көбіне жас адам   Жиі жараға ұқсас диспепсия белгілері: кезекті ауырғандық, оның ішінде ашқарынға ауыру, қыжыл, қышқыл кекірік, іш қату     Іш қабырғасының жергілікті қатаюы мен пилородуоденальды зонада ауырғандық болуы Антральды бөліктің кілегей қабы-ғының гиперемиясының фонында кілегей астылық қан құйылу мен эрозиялар (жайпақ, көтеріңкі), қатпарлар гиперплазиясы, эксуда-ция, антральдық стаз, асқазан қақпағының спазмы Айқын активті антральді гастрит (кілегей қабықтың өз табақшасы мен эпителийдің лимфоцитарлық, плазмоцитарлық, нейтрофильді ин-фильтрациясы). Ішек метаплазиясы-ның ошақтары. Кілегей қабық бетінде және шұңқырлардың ішінде НР көп табылуы Жиі егде жас   Дискинезиялық немесе бейспеци-фикалық диспепсия, төс астында ауырлық, толып кету сезімі, тұйық ауыру, ауызда жағымсыз дәм болу, тәбеттің төмендеуі, ауа кекіру, тұрақсыз ұлы дәрет Іштің алдыңғы қабырғасының жай-ылмалы қатаюы және эпигастрий аймағының ауыруы. Асқазанның денесі мен антрумы-ның қуқыл тартуы, тегістелуі, жұ-қаруы, кейде теңбіл гиперемия, та-мырлардың көрініп тұруы, жара-қаттанғыштық. Гипотония, гипо-кинезия, өт рефлюксі   Без эпителийінің атрофиясы, ішек метаплазиясы, асқазанның антрумы мен денесінің кілегей қабығында НР аз болуы, қабынудың жалған активтілігі

 

Хеликобактериялық гастриттің клиникасы асқазанның қақпа бөлігі мен он екі елі ішек жарасы ауруының клиникасына ұқсас болады. Жара ауруында ауырғандықтың кезеңділік пен маусымдық ерекшеліктері жиі болады, асқазаннан қан кету жиірек кездеседі. Шешуші диагнозды эндоскопиялық және рентгенологиялық зерттеулер нәтиже-сіне қарап қояды.

Асқазан рагі. Асқазан рагінің ерте белгілері деп аталатын белгілер күдік тудыруы керек: тәбеттің төмендеуі немесе болмауы, себепсіз әлсіздік, дене массасының азаюы, “асқазандық дискомфорт”, депрессивті синдром түрінде психиканың өзгеруі және “себепсіз анемия”. Мұндай симптоматика бой көрсеткенде рентгенологиялық және эндоскопиялық тексерулер жасау керек. Рентгенологиялық зерттегенде кілегей қабықтың “атипиялық” бедері көрінеді, толу кемістігі, перистальтика болмауы, шеттері “инфильт-рацияланған” жаралар анықталады.

ФГС: жара – рак белгісі, экзофитті рак (“түсті қырыққабат”), кілегей қабықтың қалыңдауы, “апельсин қабығы” симптомы (рактің инфильтрациялық түрінде) көрінеді.

Асқазан полипозы асқазаннан қан кету, асқазан секрециясының азаюы белгілерімен сипатталады. Диагнозды дәлдеу үшін рентгенологиялық, эндоскопиялық тексеру мен нысаналы биопсия жасау керек.

Даму барысы. СГ дамуында қайталау және ремиссия (салбыр) фазаларын ажыратады. Қайталау (өршу) фазасында ауырғандық, диспепсия синдромы мен аурудың эндоскопия-лық белгілері (асқазан кілегей қабығының ісінуі, гиперемиясы, эрозиясы т.б.) болады. Ремиссия фазасында аурудың клиникалық және инструментальдық белгілері болмайды немесе олар болмашы болып келеді.

Асқынулары: 1) Аутоиммунды гастритте нейроэндокринді ісіктер (карциноз) дамиды.

                          2) Рефлюкс – гастритте асқазан рагі мен полипозы болады.

Клиникалық диагнозды тұжырымдауда ескеру керек:

1) гастриттің типін;

2) секрецияның күйін;

3) аурудың фазасын;

4) асқынуларды.

Диагноз тұжырымдау мысалдары:

1. Созылмалы антральды гастрит, НР байланысты, асқазан секрециясы сақталған, қай-талау фазасы.

2. Созылмалы аутоиммунды асқазанның секреторлық жетіспеушілігі бар гастрит.

Емі. Латентті дамитын гастриттер емді қажет қылмайды. Бұл жағдайда ауру адам күшті ішімдіктерден, бейстероидтық қабынуға қарсы дәрілерден және шылым шегуден бас тартуы қажет.

Емді күшті ауырсыну және диспепсиялық синдромдар мен аурудың эндоскопиялық белгілері (гиперемия, эрозия, қан құйылу) бар науқастар қажет қылады.

Созылмалы гастритті емдеудің басты принциптері:

1. Асқазанның кілегей қабығындағы қабыну процесіне кілегей қабықта болатын мор-фологиялық өзгерістерді ескере отырып әсер ету.

2. Ауырсыну синдромын тию.

3. Асқазанның секреторлық және моторлық қызметін қалпына келтіру.

4. Диспепсиялық белгілерді және науқастың жалпы күйі мен ішкі органдар жағынан болатын өзгерістерге әсер ету.

Аурудың қайталау кезеңінде диета (емдәм) механикалық және химиялық зиян келтірмейтін болуы керек. Асқазанның қалыпты және күшейген секрециясында №1 а ди-етасы, 7-10 күннен кейін №1 б, келесі 7-10 күннен кейін №1 диетасы тағайындалады. Кейін жалпы диетаға көшеді.

Асқазанның секреторлық жетіспеушілігінде аурудың өршу кезеңінде кілегей қабықты тітіркендірмейтін, бірақ сөл бөлдіру әсері бар №2 диета 7-10 күн беріледі. Тәуліктік рационға (тағам рационы) ащы емес ірімшік, ботқалар, көкөністер қосылады. Әр түрлі суптар, күшті емес тұздықтар, онша қою емес шай, кофе, ақ нан жеуге рұқсат етіледі. Барлық өткір тағамдарға, жаңа пісірілген нанға, өсімдік клетчаткасына тиым салынады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 305 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

2196 - | 2140 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.