Импрессионизм (әсер) бағыты француз реалистiк өнердiң қойнауында пайда болды. 1874 ж. К.Моненiң «Күннiң шығуы»‚ «Әсер» атты пейзажы импрессионистердiң бiрiншi көрмесiнде көрсетiлдi. Импрессионистер (К.Моне, Э.Мане, Э.Дега, О.Ренуар және т.б.), ең алдымен қоршаған ортаны өзi тiкелей бақылап және оның әралуан көрiнiстерiн жеке зерттеп, содан кейiн өнерге өзiнiң көрген бiлгендерiн түсiрдi көпшiлiк жағдайда өзiнiң назарын «заттарды көру мәнiне» аударды. Осыдан барып, импрессионистер, заттың бояулық байлығын ашатын жарыққа және заттық қалпын өзгертетiн, қоршаған ортаның динамикасын беретiн ауаның массасының қозғалысына басымырақ көңiл бөлдi.
Символизм - импрессионизмнiң орнына келген, күнделiктi «өркениеттiк» өмiр шындықтарын ақыл - парасатпен түсiнуден бас тарту қамтылған стиль. Ол сезiммен қабылданатын заттар әлемiн мағынадан айырып, олардан басқа, жұмбақ, ақыл жетпейтiн әлемдiiздеуге шақырады. Бақыланатын құбылыстар ақыл-оймен түсiнiлмейтiн символдар, олардың символдық мәнi де құпия. Символистiк әсердiң мистикалық сипаты бар. Символизм жұмбақты сұлу дейдi.
Экспрессионизмге - (фр. expression - мәнерл i л i к,жетк i зу) контрастардың қақтығысуы, сынық сызықтардың бейнелiлiгi, кеңiстiктiң бұрмалануы, бояулардың әралуандық шынилығын нервтiк дисгармониямен, ерсi пропорциямен алмастыру тән болды. Сыртқы шындықты жоққа шығару жағынан символизмге жақын. Бiрақ бұл стиль одан да түңiлген, тартымды әл-емнiң бар екенiне үмiтсiз қарайды. Экспрессионизмнiң әлемi ортаймайтын қасiретке толы. Символизм экзотика мен құпияға әуестенсе, экспрессионизм қазiргi заманның әдепсiздiгiне бағытталған, күнделiктi өмiрдi бейнелеуде шындықты бұрмалауға дайын. Ф.Кафка өзiнiң «Айналу» деген әңгiмесiнде бiр күнi таңертең өзiнiң үлкен жәндiкке айналғанын көрген шенеулiк туралы жазған. Әңгiменiң қайғылы сюжетi бойынша, ол, жәндiк-адам өз бөлмесiнде өледi.
Сюрреализм. ХХ ғ. бiрiншi ширегiнде пайда болған сюрреализм француздың surrealisme – шындықтан тыс деген сөзбен байланысты. Бұл стильдiң атауы оның негiзгi идеясын, яғни шындықтан жоғары тұруды бiлдiредi. Ол экспрессионистiк өнерде қамтылған шырғалаң азаптан жеңiлдеу жолын ұсынғандай. Шындық өте қайшылықты. Иррационализм (Шопенгауэр, Ницше) және экзистенциализм (Сартр, Камю, Ортега-және-Гассет) философиясына, Фрейдтiң санасыздық iлiмiне сүйене отырып, сюрреалистер шындықтың мәнсiздiгiн эмоция арқылы меңгеруге талпынды. Алғашқы сюрреалистiк тәжiрибелер француз әдебиетiнде бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс дүрбелеңiнен кейiн пайда болды.
Конструктивизмн i ң модернистiк өнердiң басқа ағымдарынан айырмашылығы – романтикалық емес, натуралистiк тармақтан шыққандығы. Конструктивистер импрессионизмге тән мезеттiк әсердi, символистерге тән әлемнен жоғары мәнге табынуды, сюрреализмге тән абсурдты, аурудың сандырағы деп санады. Әлем дегенiмiз – конструкция, темiр, дене, ет, керек десеңiз, әлем машинаға ұқсас құрылған, ол - машина, онда айқын және түсiнiктi формалар мен механизмдер үстемдiк етедi. Конструктивистер кәсiптiң бесiгi, өнеркәсiптiк алып ретiнде болған қаланы бейнеледi.
Конструктивизм идеалы - «заттардың машиналық рухын», олардың iшкi жасырын конструкциясын бейнелеу. Адамның өзi де машинаға ұқсас тұлға, ол әлемнiң механикасына дұрыс енген. Бұл әдiс сәулетте, дизайнда, абстрактiлi теориялар мен әдiстемелiк оқу құралдарын көрнекi безендiруде қолайлы, көше белгiлерiн, кез келген маркерлердi жасау үшiн тиiмдi, сурет өнерiнде колориттi бейнелердi жасауға қабiлеттi.
Абстракционизм өнердегi жаңа жолдарды, модернистiк iзденiстердi белгiлi бiр дәрежеде аяқтаған стиль болды. Онда заттық әлемге сүйену мен ақылға сыйымдылық бiртiндеп жойылады, өмiрдегi заттар бұрмаланбайды, түр өзгерiске түспейдi, материалсызданбайды, мәнсiзденбейдi - олар тек жойылады, олардың жеке iздерi - штрих, түсi ғана қалады. Адам шын дүниеден безедi.
Көркем шығарманың сюжетi материалдық әлемдегi құбылыс немесе оқиға емес, «ғарыштың рухани энергиясын» концентрациялау болады. Абстракционизмнiң идеалы затсыздық, идеалдық көрiнiс, ғарыштық энергияны шығарып тұратын, iшкi кернеуi бар жасанды графикалық – түстiк жазықтық болады.
Абстракционизм тек сурет өнерiн қамтыды. Өнердiң басқа формалары мұны қабылдаған жоқ. Сәулет өнерiнiң өз заттық жағы бар, одан ол бас тарта алмайды. Музыка онсыз да абстрактiлi, ол ереже бойынша сезiммен қабылданатын әуен мен ритмдi толық бұзуға болмайды. Әдебиетте ойлы, мағыналы сөздiк материалды бұзу адамды мезi ететiн құбылыс тудырады. Көркем суретте абстракционизм затсыз суреттiң ежелгi дәстүрiн (Исламдық арабеска, буддалық мандала, зергерлiк және сәндiк өнер) ұстанды.
Әдебиеттер:
1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)
2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.
3. Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.
Қосымша әдебиеттер:
1. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жетіжарғы, 1998.
2. А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.
3. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. -М., 1993.
4.. Гуревич В.В. Памятники средневековой культуры. М., 1982.
5.Нурланова К.Ш. Человеки мир. Казахская национальная идея. -Алматы, 1994.
Лекция№11. Постмодернизм дәуірінің мәдениеті туралы теориялар.
1. Ф. Нициинің мәдениет туралы теориялары.
2. Шопенгауердің мәдениет турлы теориясы.
3. А. Тоембийдің мәдениеттану идеясы.