Мифтің бізге өте ерте заманнан келіп жеткеніне, оған сол заманында сеніп, кейін қо-ғам дамуы сананы аңғырттық және қарапайым ойлардан ажыратып отырғанына қарама-стан ол тарих саханасынан түспей, мәдениеттің басқа да түрлерімен күні бүгінге дейін қа-тар өмір сүріп келе жатыр.
Мифтік аңыздар ежелгі жабайылық дәуірден бастап пайда болғандықтан, бұл дәуірді басынан өткермеген халық болған жоқ. Олардың кейбіреулері мифтік шығармашылық тұрғыда қараса, енді бірі ата бабаларынан қалған мұра ретінде құрметтейді.
Миф – бұл шындық ретінде қабылданған қиял, жалған, бірақ бұл біреулер үшін шындық, ал енді біреулер үшін жалған. Мифті шындық тұрғысында қабылдаған адамдар ондағы жалғандықты көрмейді, ал оны жалған деп есептейтіндер оларды ешқашан да шындық деп қабылдамай-ды. Осыларды айқындаған жағдайда ғана мифтің мәнін түсінуге болады.
Әрбір мәдениеттің өз мифологиясы бар. Және әрбір мәдениеттің адамдары соның мифтеріне сенеді, олардың қисынсыздығын есептемейді. Ойлау жүйесін меңгерген өзге мәдениеттің адамдары басқаның мифтерін әшкерелей отырып, әрдайым өз мәдениетіндегі мифтерді миф деп санамай солардың ырқында болады, түбінде олар да әшкереленеді.
Әр алуан діндер пайда болғаннан бастап әр түрлі діни мифтер пайда бола бастады. Буддалықтар Будда туралы хикаялардың анықтығына ешқашанда күмән келтірмейді, персалықтар Заратуштраның айтып бергендеріне сенеді, христиандар болса әлем мен адамның жаратылысы туралы библиядағы айтылғандарға қасиетті ақиқаттай қабылдайды, ал мұсылмандар - құранда айтылған Жәбірейлінің Мұхаммед пайғамбарға келгендігі туралы аңызға сенеді. Мифтік ескі сенімдер бүгіндері жаңаланып, қажет десе ғылыми терминдермен, жаңа ғылыми идеялармен жабдықталып келеді.
«Ғарыштық өріс», «астральдық дене», «биоөріс» сияқты ғылыми тектес терминдер оларға нақты феномендік ақиқатты бейнелейтіндей әжептәуір маңыздылық береді. Алай-да бұл ұғымдар, негізінде жасырын түрде жатқан қиялдардың нәтижесі ғана.
3. M иф o л o гия жән e діннің алғашқытүрлері. Mифoлoгия жәнe дiннiң apacындa нaқты мeжeлeнгeн aйыpмaшылық жoқ. Tapихшыларлapдың көпшiлiгiaлғaш пaйдa бoлғaн eжeлгi мифтepдi дiннiң тapихи түpлepiнiң бipi дeп eceптeyгe бoлaды дeйдi. Mыcaлы тaғы зaмaннaн бepi дaмып кeлe жaтқaн дiндepдi үш түpгe бөлyгe бoлaды: 1. Тaби-ғaттың жандылылығынa дeгeн ceнiм. 2. Құдaйғa жәнepyхқaceнy. 3. Дeнeдeн бөлeк өмipcүpeтiн, өлiмнeн кeйiн caқтатaлaтын, epeкшe тәнciз бacтaмacы бap жaнғaceнy (a нимизм).
Дiн жаратылыстан тыс бiр құдiреттi күш бар деп сенуден пайда бол-ып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, заттар мен идея-лардың, әрекеттердiң жиынтығы. Ф.Энгельстiң айтуынша «Дiн дегенiмiз - ең ертедегi замандарда адам баласының өз бастары мен өздерiнiң төңiрегiндегi сыртқы табиғат жөнiндегi сауатсыздық түсiнiктерiнен туған». Дiн жаратылыстан тыс бiр кереметке сену (құдай, тәң i р i), дүниеде болып жататын алуан түрлi құбылыстар арасында бiр сиқырлы сыр бар деп, соған нану (магия, тоте-мизм), кейбiр заттарда табиғатта жоқ қасиеттер бар деп, оларды киелi тұту (фетшизм).
Ертедегi Египетте, Шығыс әлемiнде, дiннiң бiрi фетишизм өзiнiң табиғи қасиетiн бiздiң қалауымызша өзгертуi мүмкiн деген сияқты жалған пiкiрде болды. Өте қарапайым жолмен құдайландырған кейбiр сиқырлы заттар мен (тастар, таяқтар, құстың қауыр-сындары,мүй i здер, т i стер, оқтар, гарпундар және т.б.) қатар, табиғатқа табынудың дөрекi түрі болды. Көне табиғат құдайлары патша өмiрiн және Мемлекеттi қорғайтын құдай-ларға айналды. Соның iшiнде ерекше кең жайылыс алған Осирис құдайына табыну болды. Қоршаған әлем бұл дүние мен о дүниеден тұрады, күн (Ра) өзiнiң нұрын екi дүниеге де бiрдей шашады. Тiршiлiктiң мәңгiлiгiн египеттiктер ағзаны сол күйінде сақтаумен байла-ныстырды (ағзаны бальзамдау осыдан барып шықты).
Yндi мәдениетiндегі дін де терең мағыналармен және мәндерімен бай. Көне Yндiдегi ең ерекше рол атқарған алғашқы мәтiн бұл «Веда» (к i р i спе, б i л i м) деп аталады. Солардың iшiнде дiни ән ұран болып аталатын Ригведаның дүниеге көзқарастарының ең басты принципi, табиғатты бүтiндей және табиғат пен әлеуметтiк өмiрдiң кейбiр құбылыстарын құдай деп тұту болды. Мысалы: Индра - найзағай құдайы, құдiреттi сардар; Варуна - әлемдiк тәртiптiлiк пен әдiлеттiлiктiң құдайы; Агни - от пен әyлиeттiң құдайы; Сома – қасиеттi сусынның құдайы.
Индуизмнiң дiн уағыздауының негiзгi принципiнiң бiрi, жанның бiр ағзадан екiншi ағзаға ауысуы (адамдардың ғана емес, сонымен қатар жануарлар мен өс i мд i ктерд i ң де), карма заңы бойынша сансара (жи h ан кезу) деп аталады - ризығына қарай беру, есесiн қайтару. Адам ғұмырының ең жоғарғы мазмұн - мәнi, ол - қайта туу жағдайынан бөлiнiп шығып әлемдiк жанмен, абсолютпен - браханмен қосылу. Индуизм iлiмi әлеуметтiк теңсiздiктi ақтайды, дәрiптейдi, қоғамдағы касталық бөлiнудi қорғайды, көнгiштiк пен бас иушiлiкке шақырады. Сайып келгенде бұл ұран негiзiнен бұхара халыққа бағытталған.
Индуистер өздерi құрмет тұтқан құдайларына көптеген храмдар тұрғызып, оларда абыздар қызмет еткен. Әлi де болса суды, жануарларды (сиырлар, маймылдар, п i лдер т.б.) құрметтеу сақталған.
Лекция №5 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
1. Ежелгі дүние мәдениеттің тарихи - әлеуметтік даму негіздері. Шығыстағы ежелгі өркениеттер.
2. Ежелгі Египет мәдениеті.
3. Мәдениеттің Үнді – буддизм типті және мәдени –тарихи ескерткіштер.
4. Ежелгі Қытай мәдениеті.
Ш ығыс мәд e ни e т і