1. Ресей ойшылдарының демократтарының мәдениетке ықпалы.
2. ХІХ ғ қазақ ағартушыларының көзқарастары
3. ХХ ғ басындағы қазақ мәдениеті.
Қазақ ойлауына тән қасиеттердің бірі - қарапайымдылық, қалың көпшілікке бағытталған ұғымдылъщ. Осы негізде оқу, өсу, жетілу, адам болу жайын терең түсінген ғұламаларымыздың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Оқырманға белгілі «Сөз басы» деген өленінде ол айқын түрде оқу мен тоқудың, білу мен түсінудін айырмашылығын ашып береді. Оқығанды көңілге тоқу дегені білімді менгеру, іске асыру, білімге сүйеніп өмір сүру, әрекет жасау, дүниеге саналы көзбен карау болып табылады. Оқумен, түсінумен адам есті болады, өзін басқа дүниеден бөліп алып, «зінің дүниеге қатынасын бағдарлап біледі, оның алдынан «шамнан шырақ жағылады», ол бұрыс жол мен дұрыс жолды айыра алады.
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан
Есер бала ұрысқан. (Бес ғасыр жырлайды, т. I,Алматы. 1984, 243-2446.)
Есті бала білімге құштар болады; оның қашанда білмейтіні көп, өйткені ол нені біліп, нені білмейгінін біледі, білмегеніне арланады; білгенін Канағат қылмайды. Ол үшін білім - теңіз, оның түбі, шегі болмайды. Философтар білімді, танымды үрдіс тұрғысында қарайды. Ыбырайдың айтпағы да осы. Ал есер бала білмейтінін білмейді. Білмейтінін бетіне бассаң, жатып алып таласады. Оны-мұны білгеніне токмейілсіп, дандайсыйды. Есер балаға оқу - жалғасы жоқ үзікүздік нәрсе. «Оқубілім бар жұрттар» деген атақты Ыбырай білімнің күшін, жүзеге асуын, білімнен туатын әр алуан техника жаңалықтарын көрегендікпен болжап біледі, нанымды түрде шебер суреттейдіАбай - халық арасынан шыққан, халық қамын ойлаған, халқын дұрыс жолға бастамақ болған, өзі өмір сүрген заманын үйретпек болған ошпыл.
Менсінбеуші ем наданды.
Ақылсыз деп қор тұтып.
Түзетпек едім заманды,
Өзімді тым-ақ, зор тұтып.
Таппадым көмек өзіме,
Көп наданмен алысып.
Көнбеді ешкім сөзіме,
Әдетіне қарысып. (Абай. Адматы 1995ж. Шығ.жинағы. 1 том. 175-6.)
Надандық Абайдың ойынша, алға басар адамның, қоғамның басты кеселі.Абай адамға негізінде екі түрлі баға береді: надан адам - оны хайуанға қосуға болады, және есті адам - оның колы ашық, түсінігі терең. Надан жақсы менен жаманды, пайдалы менен залалды айыра алмайды. Надандық - даналықтан күр алақан қалу, істін жайын, сөздің мәнін түсінбеу. Абай Сократты даналыктын қайнар көзі деп аса қадірледі, ұстаз үшін өзінің 27-сөзін тұтас Сокрагқа арнады. Ақынның Сократпен жалғасып, сабақтасып жатқан ойлары көп. Абайдың:
«Базарға қарап тұрсам әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар» - деп басталатын өлені Сократтың затқа, дүниеге, мүлікке көзқарасын есімізге салады. (Сонда, 1 том. 68-6.) Абай да Сократ сияқты, адам заттың құлы болмауы керек дейді. Зат керек, затсыз адам өмір сүре алмайды. Бірақ адам зат үшін өмір сүрмейді «дүниеқоңыздык» адамға жат нәрсе деп, Абай адамның адамшылығын оның байлығымен, атақ-абыройымен емес, ақылымен, түсінігімен, ар-ұятымен, ниетімен өлшемек болады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында ұлттық өнердің түрлері, әсіресе бейнелеу өнері мен театр жетіле, күрделене түсті. Әрине қазақ жерінде айдауда болған Украинаның жан жақты дарынды ақыны, суретшісі Т.Шевченконың: «Келі түйген қазақ әйелдері», «Қос аралдағы қазақ қыстағы», «От басында», «Қазақ жігітінің әні», «Маңғыстау бағы» немесе В.В.Верещагиннің Түркістанда болған кезде салған «Шу бойындағы қазақ киіз үйлері» сияқты суреттердің ұлтты өнерге тигізген ықпалын айтпай кетуге болмайды. Бірақ, солардың арасында Шоқан Уәлиханов салған суреттердің орны бөлек. Оның «Сырымбет», «Сартайдың портреті» және т.б. суреттері болашақ қазақ суретшілері үшін үлкен бағыт-бағдар болды.
Театр өнерінің Қазақстанда дамуына советтік дәуірде еліміздің басқа елдермен экономикалық мәдени байланысына өз әсерін тигізді. Өнершілер мен өнерпаз топтардың советтік республикаларды аралауы олардың адамдарын өз өнерлерімен таныстыруы өнердің өрісін кеңейтті. Орынборда, Қызылордада, Оралда, Петропавлда, Семейде, Павлодарда т.б. қалаларда клубтардың салынуы, театр труппаларының құрылуы, олардың саханаға «Кінәсіз кінәлілер», «Асауға тұсау», «Найзағай» сияқты қойылымдарды шығаруы жұртшылық есінен кетпес оқиға болды. Сөйтіп ХІХғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанның тек қалаларында емес, сонымен қатар ауыл - селоларда театр өнері ту тігіп, жұртшылықтың мәдени игілігіне айнала бастады.