Мәдениет өмiрiнiң бар кезеңiнде болатын, адамдардың көптеген iс-қылықтарынан, әрекеттерiнен тұратын, мәдениеттi құрайтын айрықша сыңарлас бiр бөлiгi дәстүрлер, нормалар, құндылықтар, б i л i м және мағыналар болып саналады. Оларсыз мәдени өмiр мүмкiн емес, олар қоғамның рухани өмiрiне, әлеуметтiк өмiрдiң дамуына әртүрлi бағыт берiп, қоғамдағы қажеттi реттiлiк пен тұрақтылықты күшейтедi.
1. ДӘСТҮРЛЕР. Дәстүрлер қоғамда белгiлi бiр уақытта, орында, белгiлi бiр оқиға-жағдайға байланыс-ты қолданылып жатады. Ол үлгi, қарекеттiң айқындалмаған бiр бөлiгiне енгiзiледi. Б i р ұрпақтан келес i ұрпаққа жеткен және тарихи қалыптасқан, көп уақыт бойы белг i л i б i р б i рлес i кте сақталған әлеуметт i к және мәдени мұраның белг i лер i н дәстүр деп атайды. Оларға дәстүрлi еңбек тәжiрибелерiн, тәртiптiң түрлерiн, өмiр салттарын, тәрбие барысын, күнделiктi қалыптасқан тазалық ережелерiн, тамақтану уақыттарын, ұйқыны т.б. жатқызуға болады. Мыс.: үйге кiргенде еуропалық адам ең алдымен бас киiмiн шешедi, ал шығыста аяқ киiмiн шешу есiне түседi. Дәстүрлерi осылай қалыптасқандықтан оларды нақты жағдайлармен түсiндiруге болмайды.
Формалданған дәстүрдiң белгiлi бiр орында, белгiлi бiр уақытта арнайы себеппен жасалынуы әдет-ғұрып деп аталынады. Қоғамда жоғарғы статусы бар, көпшiлiк алдында орындалатын, қарапайым дәстүрге қарағанда, адам әдет-ғұрыпты еркiн таңдай алмайды. Әр қоғамда жеке адамды (ат қою, шоқындыру, сүндетке отырғызу, төл құжат беру т.б.) немесе жасы үлкен-кiшi топтарға бөлу (туған күндер мен мерей тойлар, жерлеу рәс i мдер i және т.б.) сияқты арнайы әдет-ғұрып, салттары бар.
2. НОРМАЛАР. Әдет-ғұрыпқа қарағанда, нормалар (шама, өлшем, ереже) iс-әрекеттi басынан аяғына дейiн түгел емес, тек қана бiр принциптiң параметрiн қамтиды. Нормалардың мазмұны, олардың қатынасы бар нақты өрiс қарекеттерiнiң әр түрлiлiгi, бiркелкi шамаланбаған, ал олардың мазмұны мен мөлшерлеу тәсiлдерi әр мәдениетте әр түрлi. Өндiрiс өрiсiнде техникалық нормалар қабылданған. Азаматтар мен әлеуметтiк институттар арасындағы өзара қатынас өрiстерi заң нормаларымен реттеледi.
Нормалардың тұрақты түрлері ұзақ уақыт ұрпақтар өмiрiнде сақталады, iзгi өнегелiлiк тарапынан негiзделедi, дiн беделiмен жиi түсiндiрiледi және заңнан қолдау табады. Кейбiр нормалар уақыт өтiп кетсе де, өзiнiң тиiмдiлiгiн жоғалтса да, бос салт-жораларға, ескi стильге айналса да ұзақ сақталады.
3. ҚҰНДЫЛЫҚТАР жоғары деңгейде объектiлердi, хал-жағдайды, қажеттiлiктi, мақсат-ты таңдауды түсiндiредi. Құндылықтар деп‚ адамдар мен әлеуметтiк топтардың‚ қоғам-ның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын белгiлi бiр заттар мен құбылыстардың қасиет-терiн айтады. Құндылықтар үлкендi‚ кiшiлi‚ абсолюттi және салыстырмалы‚ материалдық және рухани т.б. түрлерге бөлiнедi. Кез келген құндылықтарды олардың типiне және деңгейiне қарап классификациялау әрқашан да белгiлi бiр шартқа байланысты, өйткенi оларға әлеуметтiк және мәдени мәндер енедi. Алайда оған қарамастан мазмұны жағынан құндылықтарды шартты түрде мына реттiлiкпен жiктеуге болады.
А)Виталдық құндылықтарға: өмiр, денсаулық, тәндiлiк, қауiпсiздiк, тұрмыс халi, адамның хал-жағдайы (топтық, тыныштық, көң i л күй) күш-қуат, төзiмдiлiк, өмiрдiң сапасы, тәжірибелік, прагматикалық, тұтынудың деңгейi және т.б. жатады
Мыс.: тәжірибелілік – прагматикалық. Адамдардың барлық құралдарын пайдалана отырып өзiнiң күнделiктi тұрмысын жақсарту және шынайы пайда түсiру үшiн нақты материалдық жемiске қол жеткiзу тәжірибелілікті көрсетедi. Тәжірибелік, жағдайды құрамды бөлшектерге бөлiп тастауға, көтерiңкi идеялардан арылуға ықпал жасайды. Сон-дықтан тәжірибелік идеалдық құндылықтарға селқостық көзбен қарайды, олар идеоло-гиялық пiкiрталастарға араласуды керексiз, жағдайсыз, утопиялық деп санайды.
Тәндiк, денелiлiк. Кез келген қоғамда адамның тәндiгi құндылықтар өрiсiнiң маңызын құрайды. Алайда‚ нормативтiк немесе идеалды тәндiктер әр мәдениетте бiр-бiрiмен таң-қаларлық айырмашылықта болады.
Ә) Әлеуметт i к құндылықтар: әлеуметтiк орны, дәрежесi, байлық, мамандық, от басы, сабырлылық, кәсiпқойлық, тәртiп, тәуекелге бел байлаушылық‚ әлеуметтiк теңдiк, жыныс теңдiгi, үлкенге немесе болашаққа бағытталғандық, ұлттық теңдiк.
Б) Саяси құндылықтар: сөз еркiндiгi, азаматтық, бейбiтшiлiк.
В) Моральдық құндылықтар: жақсылық, игiлiк, махаббат, борыш, намыс, шыншыл-дық, адал ниеттiлiк, парасаттылық, берiлгендiлiк, өзара көмектесу, әдiлеттiлiк және т.б.
Г) Д i ни құндылықтар: құдай, сенім, құтқарылу, рахат, рәсiм, мешiт.
Д) Қоғамды қад i рлеу: еңбекқорлық‚ патриотизм, қоғам өмiрiне белсендi қатынасу, жоғары локальдық (мемлекетт i к, интернациональдылық) бағытталу.
Ж) Эстетикалық құндылықтар: әсемдiк (эстетикалық сиықсыздық), идеал, стиль, үйле-сiмдiк, дәстүрге бағыну, жаңалық, ерекше мәдениет, сырттан енгiзiлген модаға елiктеу.
4. Б I Л I М – қоғамның рухани өмiрiнiң негiзгi элементтерiнiң бiрi. Бiлiмнiң көптеген түрлерi өмiрдегiiс-әрекеттердiң белгiлi типтерiмен, деңгейiмен ара қатыста болады. Бiлiм-нiң ол түрлерi мыналар: практикалық бiлiм, рухани бiлiм, эмпириялық бiлiм, теориялық бiлiм, экзотериялық бiлiм. Практикалық (тәжiрибелiк) бiлiм адамның қарекетпен шұғыл-дануының нәтижесiнде қалыптасады және оның шеберлiк дағдысымен бiте қайнасқан. Рухани бiлiм адамдардың қарым-қатынасын (отбасының, этникалық, ұлттық, таптық, ұжымдық) реттейдi. Оның ұлан-ғайыр әр түрлi құралдары бар, оның iшiнде мифтер, аңыздар, тарихи ескерткiштер, көркемөнер туындылары, бейнелер, аруақты мәтiндер және т.б. Сонымен қатар, топтың, қоғамның және адамзаттың басқа да мәдени сыңар-лардың жинақталған жадының мазмұнынан құралады. Эмпирикалық бiлiм, арнайы ғы-лымдарда жазылған сезiмдiк және эксперименттiк тәжiрибе негiзiнде қалыптасқан таби-ғаттағы, қоғамдағы табиғи процестер. Теориялық бiлiм субъектiнiң ұғымдар, белгiлер, формулалар арқылы обьектiден қашықтауының нәтижесiнде қалыптасады, тек қана тәжiрибеде емес, бiлiмнiң өзiн де ұғынып‚ мағына бередi. Теориялық бiлiм ғылымды ғана дамытпай, сонымен қатар идеологияны‚ философияны, әлеуметтiк және дiни iлiмдердi дамытуға шешушi ықпалын тигiзедi. Экзотериялық бiлiм – мистика туралы бiлiмдi кеңей-тетiн ерекше нұсқа. Арнайы білімді қажет етпей барлығына арналған.
5. МАҒЫНАЛАР – маңыз, мән, белгілер адам мен табиғатты немесе жалпы субьектi мен объектiнi белгiлеу арқылы қауыштыратын арнайы мәдени құралдар. Белгiлер жүйесi-нiң қатарына табиғи және жасанды тiлдер, әртүрлi дыбыс белгiлер жүйесi, бейнелеу жүйесiнiң тiлдерi (бейнелер, символикалар) жатады.
Қоғам, өз тәжiрибесiнде бiр-бiрiмен ара қатынаста болатын жүйеленген және келесi ұрпаққа жалғастыруға болатын жалпылама рәмiздердi нығайтуы қажет. Ол мәдени құрал-дармен қиялда жаңғырық табатын, жоқ заттардың бейнесiн, олардың тiзбегiн және үйле-сiмiн жүйелейтiн белгiлердi, есiмдердi, атауларды жасайды. Солардың арқасында тармақ-талған мағыналардың жүйесi дүниеге келедi.
Адамдар құбылыстарды белгілей және бағалай отырып, оларды реттейді, талқылайды, дүниедегі және болмыстағы өз орнын ой елегінен өткізеді. Пәнге ат беру деген – оны танып білуге жасалған алғашқы қадам. Мәдени мәнділік жүйесінен тыс жерде король мен қызметшінің, әулие мен күнәһардың, әсемдік пен сиықсыздықтың айырмашылығын білу мүмкін емес. Мәдени нормалардың өзгеруі және мәнділіктің күйреуі сияқты тым шұғыл жағдайларда аталған айырмашылықтар жойылады.
Кез келген қоғамда, барлық iс-әрекеттердiң және қатынастардың дәнекерi ретiнде қолданылатын маңызды белгi - ақша. Ақша ретiнде пайдаланылатын заттар қоғамның даму деңгейiмен және мәдениетiмен тығызбайланысты. Барған сайын олар затсыздана бастайды. Ақпараттық қоғамның аяғынан тiк тұруы оның, ақшаның көлемi туралы есiнде сақтайтын компьютерлiк жүйесi бар электрондық импульсқа өтуiне байланысты. Электронды ақша, электронды ақпаратқа ұқсап принципиалды түрде, жалпы барлық қар-жы алып беру технологиясын өзгертедi, көптеген iс-әрекеттiң қалыптарына және постиндустриалды қоғамдағы адамдардың өмiр салтына әсерiн тигiзедi.
Әдебиеттер:
1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)
2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.
3. Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.
Қосымша әдебиеттер:
1. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жетіжарғы, 1998.
2. А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.
3. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. -М., 1993.
4.. Гуревич В.В. Памятники средневековой культуры. М., 1982.
5.Нурланова К.Ш. Человеки мир. Казахская национальная идея. -Алматы, 1994.
Лекция №4