1.Көрсетілген аминқышқылдардың қайсысының ионогенды топтарының
диссоциациясында белок теріс зарядталуы мүмкін?
1. гистидин аспартат
2. аспартат глутамат
3. глутамат аргинин
4. глутамат валин
5. валин глутамин
2.Аталған химиялық байланыстардың қайсысы белоктардың біріншілік құрылымына тән?
1– S-S-
2-NH-CO-
3–O-
4–CO-
5–O-CO-
3. Белок молекуласының құрылымдық ұйымдастығының қандай деңгейінде белокта биологиялық қасиеттер пайда болады?
1– альфа спираль деңгейінде
2– төртіншілікте
3– протомер деңгейінде
4– домен деңгейінде
5– изомерлі түрлерінің деңгейінде
4. Аталған белгілердің қайсысы денатурацияланған белоктарға неғұрлым тән?
1– зарядтың мөлшері ұлғаяды
2– биологиялық қасиеттері күшейеді
3– ерігіштігі төмендейді
4– протеолиз мүмкіншілігі төмендейді
5 -тұнбаға түсу мүмкіншілігі төмендейді
5. Аталған міндеттердің қайсысын қанның альбуминдері орындайды?
1 тасымалдау
2 каталитикалық
3 реттеу
4 жиырылу
5 рецепторлы
6. Белок молекуласындағы альфа-спиральды тұрақтандыратын байланысты көрсетіңіз:
1– S-S-
2- -NH—CO—
3– O-H…NH2-
4–COO-… + NH3-
5–O-PO3H2-
7. Белок молекуласындағы пептидті байланысты қандай реакциямен анықтауға болады?
1. - нингидрин реакциясымен
2. – натрий гипобромит реакциясымен
3. – биурет реакциясымен
4. – ксантопротеин реакциясымен
5.– Миллон реакциясымен
8. Мына қосылысты атаңыз:
CH2 – S – CH3 SH OH
| | |
CH2OH CH3 CH2 CH3 CH2 CH2 CH2 - SH
| | | | | | |
NH2/ \ CO – NH / \ CO – NH / \ CO – NH / \ CO – NH / \ CO – NH /\ CO – NH / \ COOH
1 пентапептид:сер- ала- мет- ала-цис- сер- цис
2 гексапептид: тре – ала – цис – ала – мет – тре – мет
3 гептапептид: сер – ала – мет – ала – цис – сер – цис
4 октапептид: тре – гли – мет – гли – цис – тре – цис
5 пентапептид: сер – ала – мет – ала – цис – сер – цис
9. Фибриллярлы белоктарға екіншілік құрылымның қай түрі тән?
1.альфа-спираль
2 бета-құрылым
3 қос спираль
4 альфа- және бета-құрылымның қосындысы
5 бета – құрылымның және спиральдың қосындысы
10. Қандай байланыстың үзілуі белоктың біріншілік құрылымының бұзылуына әкеледі?
1– S-S-
2– NH- CO-
3– O-CO-
4–COO-…+NH3-
5–O-PO3H2-
11. Белок молекуласының құрылымын зерттеу тек –S-S-байланыстардың бар екендігін ғана емес, сонымен қатар басқа байланыстардың да бар екендігін анықтады: а) – NH-OC-,
б) -CO…NH2-, в) – COO-… +NH3-, г) – R…R-
б) пунктінде қандай байланыс көрсетілген?
1 сутектік
2 ионды
3 дисульфидті
4 полярсыз
5 пептидті
12. Аталған химиялық байланыстардың қайсысы белок молекуласының бета-құрылымын тұрақтандырады?
1– S-S, -NH2-OC
2–COO-… +NH3- және -CO..HS-
3–O-CO- және -CO..HNH-
4–NH-CO және -NH2..OC-
5–CO.. HNH- және -O-H…NH2-
13. Гемоглобиннің қай құрылымының өзгеруі оның биологиялық қасиеттерінің толық жоғалуына әкеледі?
1– альфа-спиральдың
2– гемнің
3– бета-құрылымның
4– бета-суббірліктің
5–альфа және бета-суббірліктердің
14.Қалыпты жағдайда клеткада электролиттердің қосынды концентрациясы клеткадан тыс 1-.сұйықтыққа қарағанда жоғары болады. Бұл қандай себептерге байланысты?
осмотикалық қысым айырмасы, Na және K иондарының концентрациясының
2 -айырмасы салдарынан белок және Na мен K иондарының клетка ішіндегі және клеткадан тыс концентрациясының айырмасы салдарынан
3 -белоктар концентрациясының айырмасы және Доннанның мембранды ионды
тепе-теңдіктің заңы салдарынан
4-Доннанның мембранды заны және электрохимиялық мембранды потенциал салдарынан
5осмотикалық қысымның және электрохимиялық потенциал айырмасы салдарынан
15.Белок молекуласындағы азоттың мөлшері мынаған тең?
1. 12 %
2. 14 %
3.16 %
4. 18 %
5.21%
16.Белокты коэффициент 6, 25 –ке тең, бұл нені көрсетеді?
1- бұл белоктың 1 молекуласындағы азоттың грамм мөлшері
2- бұл 6,25 % ерітіндідегі белоктың мөлшері
3-бұл құрамында 1 грамм азоты бар белоктың грамм мөлшері
4-бұл бір клеткадағы белоктың грамм мөлшері
5-бұл 1 гр белок ыдырағанда түзілетін азоттың мөлшері
17.Абсолютты ауыстырылмайтын аминқышқылдарын атаңыз?
1. мет, фен, сер, лей
2. мет, фен, лей, трп
3. тре, лиз, иле, вал
4. 1, 2 дұрыс
5 2, 3 дұрыс
18Қандай аминқышқылдар рН = 7 болған кезде катиондарды (+) түзеді?
1 асп, орн, гли
2 орн, гли, лиз
3 гли, лиз, глу
4 рн, лиз, арг
5 асп, орн, арг
19 Мына ғылым-биохимиктердің қайсысы белоктар құрылымын зерттеу жұмыстары үшін екі рет Нобель сыйлығына ие болған?
1 Д.Ингрэм, Х. Итано
2 Л.Поллинг, Х. Итано
3 Д.Ингрэм, Р. Кори
4 Л.Поллинг, Ф. Сагнер
5 Х.Итано, Р. Кори
20.Жалғастырыңыз: Белоктың екіншілік құрылымы дегеніміз – бұл полипептидтік тізбек бөліктерінің атомдарының локальды кеңістіктік орналасуы:
1 полипептидтік тізбектің басқа атомдарымен конформациясын ескермей
2 полипептидтік тізбектің басқа сегменттерімен өзара әсер етуін ескермей
3 полипептидтік тізбектің басқа сегменттерімен өзара әсер етуін ескере отыра
4 конформациясын немесе полипептидтік тізбектің басқа да сегменттерімен өзара әсер етуін ескере отыра
5 конформациясын немесе полипептидтік тізбектің басқа да сегменттерімен өзара әсер етуін ескермей
21.Жалғастырыңыз: Белокты молекуланың үшіншілік құрылымы дегеніміз – бұл кеңістіктік конфигурация немесе полипептидті тізбектің белгілі көлемде орналасу реті:
1 белоктың басқа молекулаларымен өзара әсер етуін ескермей
2 полипептидті тізбектің басқа да сегменттерімен өзара әсер етуін ескермей
3 полипептидті тізбектің басқа да сегменттерімен өзара әсер етуін ескере отыра
4 белоктың басқа молекулаларымен өзара әсер етуін ескере отыра
5 полипептидтік тізбектің басқа сегменттерінің конформациясын ескере отыра
22.Жалғастырыңыз: Белок молекуласының төртіншілік құрылымы дегеніміз бұл:
1 жекелеген протомерлердің бірыңғай функционалды комплекске бірігу әдісі
2 протомерлердің бірыңғай функциональды комплекске бірігіп,буып-түйінуі мен төселінуі
3 протомер фрагменттерінің бірыңғай функционалды комплекске буып-түйінуі мен төселінуі
4 жекелеген суббірліктердің қызмет атқарушы комплекске буып - түйінуі
5 протомердің белсенді функционалды комплекске төселуі
23. Альфа –аминқышқылының бар екендігін қандай реакциямен анықтауға болады?
1. Миллон
2 ксантопротеинді
3 биурет
4 нингидринді
5 Троммер
24. Белокты молекуланың қандай құрылымы тұқым қуалаушылықты анықтайды?
1. құрылымның барлық деңгейлері
2. біріншілік
3. екіншілік
4. үшіншілік
5. төртіншілік
25. Белоктардың изоэлектрлі нүктесі дегеніміз не?
1.белок электронейтралды болатын рН мәні
2.белок өзінің гидрофильді қасиеттерінен айрылатын жағдай
3.белок оң зарядқа ие болатын жағдай
4.белок теріс зарядқа ие болатын жағдай
5.электр өрісінде жылжымалы
Тестердің коды:
1. 2
2. 2
3. 3
4. 3
5. 1
6. 3
7. 3
8. 3
9. 2
10. 2
11. 5
12. 1
13. 5
14. 3
15. 3
16. 3
17. 5
18. 4
19. 4
20. 5
21. 1
22 2
23. 4
24. 1
25. 4