Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


азақстан Республикасындағы халыққа экологиялық білім және экологиялық тәрбие беру




Экологиялық мәдениеттің дамуына негіз болатын экологиялық білім беруді дамыту үшін келесідей шараларды жүргізген дұрыс: 

- барлық білім беру деңгейлері бойынша оқу бағдарламаларына тұрақты даму мен экологиялық сұрақтарды енгізу арқылы үздіксіз эколгиялық білім беру жүйесін құру; 

- міндетті түрдегі және қосымша білім берудің барлық білім беру жүйесі үшін экология облысында мамандарды дайындау, кадрлардың білімін жетілдіру, қайта даярлау дайындау; экологиялық білім алу үшін мемлекеттік көмек көрсету.

Азақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету: тұрақты даму тұжырымдамасы. Тұрақты даму стратегиясы және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері

  Әлемдік қоғамның толық құқықты мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы 1992 жылы Рео-де-Жанейрада өткен «XXI ғасырдың күн тәртібінде» мен Дүниежүзілік саммиттің (Йоханнесбург қаласы, 2002 жыл)  тұрақты даму Декларациясында бойынша айтылған міндеттерді орындауға міндеттеме қабылдады. Алынған міндеттемелерге сай 1996 жылдан бастап Қазақстанда тұрақты дамуға жетудің негізгі бағыттары бойынша шаралар қабылданды. 2030 жылға дейін Қазақстандың даму Стратегиясы жасалып, қабылданды. Еліміз Европа үшін қоршаған орта» процесінің әрекетті мүшесі болды. 2015 жылға дейін индустриалды- инновациялық даму Стратегиясы қабылданды. 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік Концепциясы қабылданды. Тұрақты даму бойынша Совет құрылды. 2015 жылға дейінгі Қазақтанның XXI ғасырдағы күн тәртібі жасалып жатыр. 

Қазақтанның XXI ғасырдағы күн тәртібінің мақсаты қоршаған ортаның тұрақты жағдайында қазіргі және болашақ ұрпақтың жағдайын қамтамасыз ететін даму моделіне өту болып табылады.

Қазақстан Республикасының Концепциясына сәйкес қоршаған ортаның жағдайы 2010 жылға дейін тұрақталуы тиіс. Бұл 2010 жылға дейін қоршаған ортаның жағдайы сапасын төмендететін процестерді тоқтатуды білдіреді, яғни оған антропогенді әсер етуді азайту керектігін білдіреді. Мұны жүзеге асыру өте қиын, өйткені қазіргі таңда ушығып тұрған экологиялық проблемалар жеткілікті. 

  Экономикалық бірлесу және даму ұйымы (ЭБДҰ) ұсынған «ДСР моделі» деп аталатын бағдарламада қоғам мен қоршаған ортаның өзара әсерлесу процестері сызбалы түрде көрсетілген. Оны (кейбір өзгерістер енгізе отырып) басқа халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰстат және Евростат ұйымдарыда қолдайды.   

  Тұрақты даму үштіктің: адам-шаруашылық - табиғат маңызды индикаторларының өзара әсерлесуінің оң динамикасын береді деп күтеді, ол әлеументтік, экономикалық және экологиялық саланың жұмысын тұрақты қамтамасыз етуі тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, тұрақты даму ҚО-ға зиян келтірмей қазіргі және болашақ ұрпақтың экономикалық – экологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға негізделген.  

 Қазақстан үшін тұрақты даму өте қажет, өйткені Семей полигонындағы, химия және мұнайхимиясы өндірісіндегі, металды тұтынушы, мал шаруашылығы кешендері мен басқа факторлары бар – ірі кәсіпорындардың экологиялық жағдайлары сын көтермейді. Бұрынғы технологиямен жұмыс жасап жатырған өндірістік кәсіпорындар қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіруде.  

ҚР-ның дамуы әлемдік цивилизацияның даму қарқынына кері келмеуі тиіс, сондықтан да ТД-дың ұлттық стратегиясы мемлекеттік мүддесін, сондай-ақ ресурстық және экологиялық реалийлерді ескере отырып «XXI ғасырдың күн тәртібінде» келтірілген принциптер негізінде жасалды.  

ТД-дың экологиялық аспектісіне қоршаған ортаны (ҚО) қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану (ТРТП), экологиялық алуантүрлілікті сақтау, әлеументтік-экономикалық проблемаларды шешу үшін қолданылатын жоғарғы технологияларды және химиялық заттарды қолдануда экологиялық қауіпсіздікті сақтау жатады. 

Өндірістің дамуындағы экологиялық имперетив келесідей принциптер арқылы жүзеге асады:

-  ТД стратегиясын іске асыру кезінде бақылау орталығында табиғатпен үйлесе отырып, дені сау және ұрпағын өсіре алатын өмірге құқығы бар адам болуы тиіс; 

- Даму құқығын ҚО-ны сақтау және дамыту мүмкіндігін қазіргі ұрпақ үшін де, болашақ ұрпақ үшінде бірдей болуын қамтамасыз ету арқылы ғана жүзеге асыру қажет;   

- Қоршаған ортаны қорғау ТД-дың бір бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс және де оны бөліп алып қарастыруға болмайды.

- Қазіргі қоршаған ортаны қорғау тәжірибесінен өзге, шаруашылық жұмыстарын экологиялау (ластау көздерінің зардаптарын емес, оның бастапқы ластау көзін жою) бойынша шаралардың жүзеге асырылуына мән беру керек. Бұл экологиялық тұрғыда таза өндірістік жаңа технологияларды және тасымал түрлерін енгізуді талап еткізеді.  

   Еліміздің тұрақты дамуы халықтың денсаулықты сақтаудың конституциялық ережелерін іске асыруға мүмкіндігі болғанда ғана мүмкін болады. Адамдар денсаулығы мемлекеттің әлеументтік-экономикалық және қоршаған орта арасындағы байланысты дұрыс дамытуына байланысты болады. Сондықтан да ҚО-ға зиянды әсер ету мен ластауға байланысты денсаулықтың нашарлауын болғызбау үшін шаралар жүргізілуі тиіс.   

ҚР-ның тұрақты дамудың ұлттық стратегиясы Концепциясында экономикалық және экологиялық проблемаларды шешу бойынша білім беру, экономика, мемлекеттік және құқықтық саясаттың ғылыми бағыттары кешені қарастырылған.  

 Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы қауіпті аймақтардың жағдайы.

2. Қазақстандағы радиациялық жағдай.

3. Экологиялық құқық дегенді қалай түсінесіз?

4. Қазақстанның тұрақты даму стратегиясы қандай?

5. Қазақстанның қазіргі кездегі климатының өзгеру мәселелері.

Әдебиеттер:

1.Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы – 2005.

2. Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996.

3.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 508 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

4182 - | 4065 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.