Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс 7. Гендерлік қатынастар психологиясы




Мақсаты: дәріс материалдары мен ақпараттар негізінде студенттердің тқлғалық дамуындағы қарым-қатынастың маңызды рөлін, қарым-қатынас базалық психологиялық категорияның теориялық-әдіснамалық және праткикалық негіздерін қалыптастыру

Дәрісте қаралатын сұрақтар:

1.Гендерлік психология.

2.Жыныстық және гендерлік айырмашылықтар.

3.Ер адам мен әйел адамдардың қатынастары.

4.Гендерлік қатынастардың тұлғаарралық қатынастарға әсері.

Ересектер жасөспірімнің есейгенін көре, көбіне бұл процесте оның жағымсыз жақтарын ғана көреді. Осылайша, жасөспірімдік кезеңнің ең басты тенденциясы – ата-анамен, мұғаліммен, жалпы ересектермен қарым-қатынас жасауы. Қарым-қатынас жасаудың эмоционалды функциясының рөлі екі аспектіде қарастырылады:

1) Адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау тәжірибесін игеру;

2) Тұлғаның әлеуметтік ортамен қабылдануы.

Жасөспірімдердің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауы – ақпарат алудың ең басты спецификалық каналы (жынысқа қатысты ақпаратты жасөспірім көбіне құрбыларынан жинақтайды, ал оның болмауы жасөспірімнің психосексуалды дамуын кешіктіруі мүмкін немесе оған дені сау емес мінез-құлық берілуі мүмкін). Бұл тұлғааралық қарым-қатынастың спецификалық түрі, жасөспірімдік кезеңнің басында болатын қозғалыстар жасөспірімдегі жаңа қажеттіліктердің, ұмтылыстардың, ересектерге деген талаптарының ұқсастығын анықтайды.

Жасөспірімде ересектерге қарағанда өз құрбысына деген түсінікті құндылықтар қалыптаса бастайды. Ересектермен қарым-қатынас жасау толығымен өз құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуді ауыстыра алмайды. Топтық қажеттілікті, көмекті сезіну бір жағынан эмоционалды тұрақтылықты береді. Алайда жасөспірімдердің қарым-қатынасы эгоист болып келеді, ал өз толқыныстарын, реніштерін ашып көрсетуге деген қажеттілігі – сезімнен де жоғары болады. Жасөспірімдік кезең үшін өз құрбыларымен салыстыруда өзінің көзқарасын құра алуы тән. Жасөспірім үшін ең басты құндылық қарым-қатынас процесіне ену болып табылады. Сонда ғана ол өзін тұлға ретінде сезіне алады.

Қарым-қатынас жасөспірімнің тұлға болып қалыптасуына үлкен әсер етеді. Қарым-қатынас тек ақпарат алмасу ғана емес (мысалы, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың болуы), сонымен қатар бірге әрекет ету, бір-біріне әсер ету болып табылады. Жасөспірім қарым-қатынасты тек интеллектуалды деңгейде ғана емес, ол сонымен қатар физиологиялық және эмоционалды деңгейді де уайымдайды.

Бұл кезеңде тағы ата-ана арасындағы түсінбеушілікпен байланысты мәселелер де туындайды, көбіне ата-ана өз баласына көп көңіл бөлуге үлгере бермейді, ал мұның өзі жасөспірім үшін маңызы өте зор. Жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынасқа деген қажеттілік жоғары болған кезде, коммуникативті дағдылар деңгейі көптеген жасөспірімдерде өте төмен.

И.А. Зимняяның айтуы бойынша, қарым-қатынас хх-ғасырдағы ең жас мәселелердің бірі, егер Ежелгі Греция мен Римде шешендік өнер риторика, эвристика және диалектика жағынан зерттелген болса, онда қарым-қатынас мәселесі барлық ғылымдар: философия, әлеуметтану, социолингвистика, псохолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық психология жағынан зерттеледі.          

Тұлғаның дамуының әр түрді кезеңінде қарым-қатынастың өзіне тән ерекшеліктері болады: нәрестелік жаста – бұл эмоционалды қарым-қатынас; мектеп жасында – ойын әрекет, ол арқылы бала адамдар арасындағы қарым-қатынасты және олардың өзара байланысын игереді.

А.В. Мудриктің тұжырымдаулары бойынша, құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттілігі жасөспірімдерде өте ерте пайда болады және есейген сайын ол күшейе түседі. А.В. Мудрик жасөспірімдердің мінез-құлқын өзінің белгілі бір спецификасына байланысты топтық болып табылады деп есептейді. Мұндай спецификаны ол былайша түсіндіреді:

1) Құрбыларымен қарым-қатынас жасау – ең басты ақпарат каналы, ол арқылы жасөспірім үлкендерден жинақтамаған ақпарат көздерін алады;

2) Механикалық қарым-қатынастың спецификалық түрі – бірлесіп әрекет етудің топтық ойыны мен басқа да әрекеттер әлеуметтік өзара әрекет етудің, ұжым тәртібіне бағынудың қажетті дағдыларын анықтайды;

3) Эмоционалды қарым-қатынастың спецификалық түрі – топтық қажеттілікті, достық көмекті сезіну жасөспірім үшін ойдағысындағыдай тұрақты сезімді береді.

Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау жасөспірім мінез-құлық, іс-қимыл әрекеттерінің барлық жағын анықтай келе, жасөспірімнің өмірінің нақ ортасында орналасады. Жасөспірімдік кезеңнің басында жасөспірімдер құрбыларымен қарым-қатынас жасауда әр түрлі тәжірибемен келеді, кей жасөспірімдерде ол оның өмірінде ең аз орынды алады, ал басқалары – мектеппен ғана шектеледі.

Уақыт өте келе құрбыларымен қарым-қатынас жасау жаңа қызығушылықтарды алып келеді. Жасөспірімдік кезеңде құрбыларымен қарым-қатынас жасау ең негізгісіне айналып, білім, оқу екінші жоспарға ауысады, ата-анамен қарым-қатынас жасау жасөспірімде бұрынғыдай қызығушылықтар тудыртпайды. Мынаны ескере кету қажет, яғни ұл-балалар мен қыздардың қарым-қатынас жасау стилі бәрінде бірдей емес. Ұл-балалар қыздарға қарағанда жастық шақ кезеңінде қарым-қатынасқа тез түскіш келеді.

Ерте жастан бастап олар қыздардан бұрын басқа адамдармен қарым-қатынасқа тез түседі, әрі кез-келген әрекетте белсенді болып келеді. Қыз-балалардың қарым-қатынас жасау стилі тым баяу жүреді, бірақ олар достық қарым-қатынасты ұл-балаларға қарағанда жақсы бағалайды. Ерте кезден бастап ұл-балалар экстенсивтілікке, қыз-балалар интегсивтілік қарым-қатынасқа жақын болады, ұл-балалар жиі үлкен топтармен, қыз-балалар екеу немесе үшеу болып ойнағанды ұнатады.

И.О. Кон жасөспірімдік кезеңде қарым-қатынас психологиясы екі қажеттіліктің өзара қарама-қайшылығының негізінде құрылады деп есептейді. Олар:

1) Приватизация

2) Афорилиация, яғни қандай да бір топқа, қоғамға жататындығын көрсетеді.     

Приватизация көбіне ересектердің бақылауынан тыс эмансипацияда көрінеді. Тұлға болып қалыптасуда жасөспірімдік қиындықтармен байланысты болатын жалғыздық сезімі жасөспірімдерде құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттілігін тудырады. Д.И. Фельдштейн жасөспірімдердегі қарым-қатынастың 3 формасын атап көрсетеді:

1) интимді-тұлғалық;

2) стихиялы-топтық;

3) әлеуметтік-бағдарлы.

Интимді-тұлғалық қарым-қатынас – тұлғалық «Мен» және «Сен» деген мейірімге негізделген өзара әрекет. Мұндай қарым-қатынастың мазмұны бір-біріне өз мәселелерін тудыруы кезінде байқалады. Интимді-тұлғалық қарым-қатынас әріптестердің жалпы ортақ құндылықтарынан туындайды, ол бір-бірінің ойын, сезімін білдіруімен және эмпатиясымен қамтылады. Интимді тұлғалық қарым-қатынастың жоғарғы формаларына махаббат пен достық қарым-қатынас жатады.

Бақылау сұрақтары:

1.Гендерлік қатынастардағы қоммуникативті барьерлер?

2.Әлеуметтік перцепция және оның эффектілерін гендерлік қатыгнастар негізінде түсіндіріңіз

3.Адамдардың бір-бірін қабылдау механизмдері (идентификация, эмпатия, рефлекция, каузальды атрибуция) гендерлік қатынастарда айтыңыз

5. Гендерлік қатынастардың тұлғаарралық қатынастарға әсерін баяндаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

5. Гольдштейн Н., Мартин С., Чалдини Р. Психология убеждения. 50 доказанных способов быть убедительным.-СПб.-2013

6. Зайдл, Б. НЛП. Модели эффективного общения: пер. с нем. - 7-е изд., стер. - М.: Омега-Л, 2016.

7.Горелов, И.Н. Невербальные компоненты коммуникации - М., 2012

8.Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений – СПб.: Издательский дом Питер, 2014. – 576с.

9. Канке А.А., Кошевая И.П. Профессиональная этика и психология делового общения (учебное пособие для ссузов) – М.: Форум, 2011. – 304с.

10.Канитц, А. Техника ведения беседы: пер. с нем. - 7-е изд., стер. - М.: Омега-Л, 2015.

Куницына, Н.В. Казаринова. - СПб.: Питер, 2013.

Қосымша әдебиеттер:

3.Столяренко Л.Д. Психология делового общения и управления (учебник для ссузов) – Ростов на Дону.: Издательство «Феникс», 2013. – 409с.

4.Сухов А.Н. Социальная психология (учебное пособие для ссузов) - М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 240с.

5. Фромм Э. Искусство любить - М.: Изд. АСТ, 2009 г.

6. Шарков, Ф.И. Коммуникология: основы теории коммуникации: учебник. — Электрон. дан. — М.: Дашков и К, 2014.

7.Шеламова Г.М. Деловая культура и психология общения (учебное пособие для среднего профессионального образования) – М.: Издательский центр «Академия», 2012. – 178с.

8. Шеламова Г.М. Этикет делового общения. – М.: Издательский центр «Академия», 2014. – 187с

Интернет-ресурс тар:

4. Библиотека - http://www.koob.ru

5. Библиотека психологии - http://psylib.myword.ru

6. Российский студенческий портал – http://www.x-student.ru/

7. Все для студента - www.twirpx.com/

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1452 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

2214 - | 2174 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.